Жеке дараның өмір сүру кезіндегі қауіп-қатері
Жоғары
|
>10-3
|
Орташа
|
10-3 – 10-4
|
Төмен
|
10-4 – 10-6
|
Минималды (De minimis)
|
10-6 –дан төмен
|
Алынған барлық мәліметтер қолданбалы компьютерлік бағдарламалар және программалау тілін қолдану арқылы жүргізілді. Моделдеу тәсілі траиал көмекші бағдарлама тілі AEPA Modeling көмегімен жүзеге асырылды. Барлық алынған мәліметтер Microsoft Office топтамасының көмегімен кесте, сурет, бағаналар түрінде безендірілді. Осыған орай нәтижелердің ақпараттылығын жоғарлатып, талдап, өзгелерге қабылдаулық мүмкіндігін арттырады.
Тұрғындар денсаулығына экoнoмикалық қауіп- қатерді бағалау
Тұрғындар денсаулығына экoнoмикалық қауіп-қатерді бағалау, химиялық факторлар әсері негізінде тұрғындар денсаулығына жағымсыз әсер ететін жағдайлардың экономикалық шығынын анықтауды қарастырады (Кенесары Д.У. және т.б., 2015).
Тұрғындар денсаулығына экoнoмикалық қауіп-қатерді бағалауда химиялық факторлар әсері негізінде тұрғындар денсаулығына жағымсыз әсер ететін жағдайлардың экономикалық шығынын анықтауды есептеу (ED) денсаулыққа әсер ететін негізгі көрсеткіштер суммасын қосып бағалаумен жүргізіледі:
ED = EDmort + EDmorb (4)
мұнда:
EDmort – қосымша өлім−жітім жағдайынан болатын экономикалық шығын, тeңгe/жылына есебімен қарастырылады;
EDmorb – қосымша аурушаңдық жағдайынан болатын экономикалық шығын, тeңгe/жылына есебімен қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |