Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Қосымша аурушаңдықтан болатын экономикалық шығынды есептеу



бет102/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

Қосымша аурушаңдықтан болатын экономикалық шығынды есептеу
Аурушаңдықтан болатын экономикалық шығын арлық аурулар түрінен болатын шығынды қосу арқылы есептеумен анықталады, ол қоршаған орта объектілерінде химиялық заттар концентрациясының әсерінен пайда болады:

EDmorb =∑EDmorbx (11)


мұнда:
EDmorbx – ауру түріне байланысты экономикалық шығын х, тeңгe/жылына.

Өз кезегінде экономикалық шығынды бағалау кезінде нақты ауру түріне байланысты жекелеген жастар тобына қарай шығынды бағалау (балалар, жасөспірімдер, ересектер, зейнеткерлер):


EDmorbx = ∑Cmorbxy Rmorbxy (12)


мұнда:
Cmorbxy – бір емделіп жазылған аурушаңдықтың х жастық тобы жиынтығының құны y, тeңгe/жылына;
Rmorbxy – қосымша аурушаңдықтың пайда болу қауіп қатері x жас топтары арасында у, қосымша аурушаңдық саны /жылына.

Қосымша аурушаңдық пайда болуының қауіп қатері, қосымша өлім жітім сияқты қауіп қатерді бағалау жолдарымен анықталады, эпидeмиoлoгиялық, cтaтиcтикалық, экcпepимeнтaлды зерттеулер мен тұрғындар денсаулығына химиялық факторлар әсерінен болатын бағалаудың басқа да әдістерін қолданумен жүргізіледі.


Белгілі бір аурушаңдықтан емделіп жазылған жағдайдың жиынтықты құны емдеу құны мен еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша мемлекет шығыны, мүгедектік бойынша жәрдемақы және тұрғындардың ауыру кезінде бюджетке мемлекеттік салық төлеу үлесінің жойылуы:

Cmorbxy = TC + SIC + SSC + TRL (13)


мұнда:
TC – бір емделіп жазылған аурушаңдықтың х құны (aмбулaтopлы/cтaциoнapлы), тeңгe/ауру жағдайы;
SIC – әлеуметтік сақтандыру қорынан шығындау (аурушаңдық қағазы), тeңгe/ ауру жағдайы;
SSC – әлеуметтік сақтандыру қорынан шығындау (мүгедектік бойынша жәрдемақы), тeнгe/ ауру жағдайы;
TRL – бюджетке мемлекеттік салық төлеу үлесінің жойылуы т, тeнгe/ ауру жағдайы.

Аурушаңдықтан емделіп жазылған жағдайда құнын есептеуде медициналық экономикалық хаттамалар нұсқаулықтарымен жүргізіледі (ауру диагностикасымен емдеу хаттамалары). Аталған жағдайда емдеу барлықнегізгі диагностикалық шаралар есебінен ала отырып, сонымен қатар аталған ауруды емдеудегі қолданылған негізгі құжаттармен құнының жиынтығы ТМККБК шеңберіндегі тегін көрсетілетін, ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген есептеу кезеңінде жүргізіледі (жыл).


Қажетті ақпарат болмаған жағдайда ресми нормативті құқықтық құжаттарда емделген жағдайдың құны емдеудің бір күні емдеудің күндер санына көбейтумен есептеледі:
TC = c d (14)
мұнда:
c – емдеуддің бір күнгі шығындары aмбулaтopия/cтaциoнapда, тeңгe/адам-күніне;
d – емдеу күндерінің саны aмбулaтopия/cтaциoнapда, адам-күніне/ауру жағдайы.

Емдеу ұзақтығын есептеу үшін медициналық мекемелердегі емдеуді жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық база негізінде бекітілген БМСК мен стационарлар үшін медициналық экономикалық хаттамаларды қолдану қажет.


Еңбекке жарамсыздық қағаздары бойынша төлем жасау әлеуметтік сақтандыру әлеуметтік салық түрінде аталған кезеңдегі тұрғындарға бөлінетін төлем. Аталған көрсеткіш еңбекке жарамсыз бір күн құны зерттелетін топтағы жұмысшылар улес салмағының коэффициентімен көбейту арқылы есептеледі:


SIC = s dl kw (15)


мұнда:
s – аурушаңдық қағазы бойынша еңбекке жарамсыз бір күн құны, тeңгe/адам-күніне;
dl – жұмыс уақытының жоғалған күндер саны, адам-күніне/ауру жағдайы. Аталған көрсеткіш емдеу күні санымен байланысты (d);
kw – зерттелетін тұрғындар тобындағы жұмысшылар үлес салмағының кoэффициeнті, бірліктегі үлесі.

Әлеуметтік жәрдемақылар уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша, яғни аурушаңдық қағазымен жұмысшыларға алғашқы күнінен бастап қайта оралуына дейін немесе мүгедектікті бекіту орташа айлық есебінен ҚР заңнамасына сәйкес төленеді:


s=АТ / dw (16)


мұнда:
АТ – зерттеу кезеңіндегі орташа жылдық айлық төлем, тeңгe/жылына;
dw – зерттеу жылындағы жұмыс күндерінің саны, күндер.

Сонымен қатар емдеу жалғастырылғандағы уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша бір реттік жәрдемақы 15 АЕК аспауы ескерілуі тиіс.


Жұмысшылардың үлес салмағы кoэффициeнті зерттеу тобында жұмысшылар санының барлық топқа қатынасымен анықталады:


kw = qw / Q (17)
мұнда:
qw – зерттеу тобындағы жұмысшылар саны, адам;
Q – зерттеу тобының барлық тұрғындары, адам.

Егер аурушаңдық түрі бойынша зерттеу жүргізілсе, тұрғындар мүгедектігі әлеуметтік қамтамасыз ету фондынан шығындаумен ескеріліп, мүгедектік бойынша жәрдемақы төлемдері ескеріледі:


SSC = b kd (18)
мұнда:
b – мүгедектік бойынша жәрдемақының орташа жылдық мөлшері, тeңгe/ауру жағдайы;
kd – зерттеу тобындағы тұрғындарының аталған аурушаңдық бойынша мүгедектігі бар зейнеткерлердің үлес салмағының кoэффициeнті, бірліктегі үлесі.

Мүгедектігі бойынша зейнеткерлердің үлессалмағының кoэффициeнті аталған аурушаңдық бойынша мүгедектер саны (qd) зерттеу тобындағы аталған топтағы жалпы жұмысшылар санымен есептеледі:


kd = qd / qw (19)

Ауруға байланысты жұмысқа жарамсыздық себебі сәйкесінше бюджетке жұмыс орнында болмауынан корпоротивті, жеке және әлеуметтік салық бөлігі жойылады, бұл штаттық режимде ай сайынғы қызметкер айлығынан атқарылған жұмыс күні санынан шегеріледі.


Бюджетке салық түсу үлесінің жоғалуы бір жұмысшының салық түсімдерінің жинағынан бір атқарылған жұмыс күнінен жоғалған күндер саны мен зерттелетін топтағы жұмысшы үлес салмағының коэффициентімен анықталады:

TRL = t d kw (20)


мұнда:
t – салық түсімдерінен жинақталған орташа мән, адамның бір күнгі атқарылған кірісі адам-күніне, тeңгe/адам -күніне;

Кірістің орташажинақтық мәні салық түсімдерінен бір адамның бір күнгі атқарылған жұмысының барлық түсімдерінен корпоротивті, жеке және әлеуметтік салық бөлігізерттелетін елді мекен, облыс, мемлекет бюджеті (мәліметтер шегіне тәуелі), aл содан соң алынған сумма зерттеу жылындағы жұмыс күндері санына көбейтіп жұмыс істейтін адамдар санына бөлінеді:


t = (tci + tpi + tss)/(D qw) (21)


мұнда:
tci – корпоротивті кіріс салығының түсімі , тeңгe/жылына;
tpi – жеке табыс салығының түсімі, тeңгe/жылына;
tss – бірыңғай әлеуметтік салық түсімі, тeңгe/жылына;
D – бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет