Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Жоғары атмосфералық қысым



бет29/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   105
Жоғары атмосфералық қысым кессонды, суасты тоннелдерін соғуда, метро, су құбырларын жасауда кездеседі. Профилактикалық іс шараларды сақтамаған жағдайда ағзада патологияға әкелетін күрт физиологиялық ауытқулар болуы мүмкін. Кессоннан атмосфераға жедел ауысқан жағдайда қан мен ұлпада еріген азот мөлшері артық қалыпты атмосферада (басты майлы мидың ақ бөлігі) өкпе арқылы бөлініп үлгерместен газ көбіктері трінде қалып қояды, олар қанмен ағзаға толық жайылады да түікердің газды эмболалармен бекітілуіне әкеледі. Бұл ауыр түрдегі кәсіби ауру – кессонды ауруға әкеледі.

3.5. Күн paдиaциясы


Күн – энергия, жарық пен жылу көзі. Күн paдиaциясынегізгі климат түзуші фактор болып саналады. Күн көзінен корпускулярлық және электромагниттік сәулелер шығады. Корпускулярлық сәулелену күн желі деп аталады, оның құрамына электрондар, протондар, гелий ядролары және басқа бөлшектер кіреді. Күн сәулесінің электромагниттік спектрі өте кең, оған радиожиілік диапазонындағы сәулеленулер, инфрақызыл, көрінетін, ультракүлгін, гамма, және рентген сәулелері кіреді.


Күн сәулесінің энергиясы оның толқын ұзындығымен анықталады: ұзындығы неғұрлым аз болса, соғұрлым, энергиясы көп болады. Жер бетіне жететін күн спектрінің ішіндегі ең үлкен толқын ұзындықтағы (760-4000 нм), сәуле, инфрақызыл сәулесі, ал содан кейінгі ұзындықта (400-760 нм) - көрінетін сәуле болып табылады. Ең аз толқын ұзындықтағы (290-400 нм ) сәулелерге ультракүлгін сәулесі жатады, сондықтан бұл сәуленің кванттары энергияның ең көп қорына ие болады.
Атмосфера қабаты арқылы өткендегі кун спектрімен сіңіріліп таралуы мен көрінісінде өзгерістер байқалады. Атмосфераның сыртқы шекарасында спектрдің ультракүлгін бөлігі 5%, көрінетін сәулелер – 52%, инфpaқызыл – 45%, ал жердің беткі қабатында – 1%, 40% және 59% құрайды.
Күн радиациясының қарқындылығы жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігі ескеріледі, көкжиектен күн биіктігінің көрінісі, тәулік уақыты, жыл мезгілі, ауа тазалығы, ауа райы жағдайы және т.б. әсер етеді.
Биохимиялық және физиологиялық реакциялар біртұтастығы жарық энергиясымен қатысу кезінде фотобиологиялық немесе биологиялық әсер деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет