Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Қазақстандағы қазіргі қалалар ауа бассейнінің ластану ерекшеліктері



бет37/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

3.8. Қазақстандағы қазіргі қалалар ауа бассейнінің ластану ерекшеліктері

Қазақстанда қалалардың ауа бассейнін ластаушылар аса ірі көздері – жылу энергетика өндірістері (ЖЭС, ГРЭС) 30% дейінгі және автокөлік 40 тан 70% дейінгі шаманы қамтиды, ал қара металлургия өндірісі үлесіне - 24%, түсті металлургия - 10,5%, мұнай-химия – 15,5%, құрылыс – 8,1% және химиялық өнеркәсіпке – 1,3 лас заттар келеді.


Мысалы, Қазақстанның көптеген аймақтары ауа бассейніне лас заттарды мейлінше мол шығаратын экологиялық қолайсыз өңірлерге жатады: Aлмaты, Өскемен, Pидep, Бaлқaш, Шымкeнт, Пaвлoдap, Екібacтұз және Қapaтaу-Жaмбыл, Қарашығанақ, Тeңіз мұнай-газ өңдеу кешені.
Қазақстандағы өндірістік қалалардың атмосфералық ауасы ластануы жағдайын атмосфералық ауа ластануының индексі (АЛИ) мәні бойынша узақ уақытты бағалауды РММ«Казгидромет» жүргізеді.
Атмосфераның ластану индексі (АЛИ) – атмосфераның ластану көрсеткіші. Есептеу үшін әртүрлі ластаушы заттардың орташа концентрацияларын ШРЕК бөліп одан кейін күкірттің қос тотығы қаіптілігіне қатынасымен жүргізіледі.
2016 жылы АЛИ есептеу бойынша жоғары деңгейдегі ластану класына жататын қалалар: гг. Cтeпнoгopcк, Өскемен, Aлмaты, Pиддep, Жeзқaзгaн, Шымкeнт, Тeмиpтaу, Қapaгaнды;
Ластанудың жоғары деңгейіндегі қалаларға 6 елді мекендер жатады: Тapaз, Ceмeй, Aкcaй, Екібacтұз, Бaлқaш, п. Aкaй, Бeйнeу, п. Глубoкoe;
Ластанудың төменгі деңгейіндегі сипаттағы қалалар: Лиcaкoвcк, Aқcу, Жaңaөзeн, Көкшeтaу, Орал, Қapaтaу, Pудный, Құлcapы, Кeнтaу, Түpкіcтaн, Пaвлoдap, Жaңaтac, Пeтpoпaвл, Қызылopдa, Capaнь, Acтaнa, Aтыpaу, Шу, Тaлдықopгaн, Қocтaнaй, Aқтaу, Aқтөбe, Жeтіқapa, Apқaлык, п.п. Қopдaй, Янвapцeвo, Бepeзoвкa, Қapaбaлық, Төpeтaм, CКФМ Бopoвoe және Щучинcкo-Бурабай шипажай аймағы.


3.9. Тұрғындар денсаулығына атмосфералық ауа ластануының әсері

Адамға атмосфералық ауаның ластануының өзіндік ерекшеліктері бар (Cтoжapoв A.Н., 2007) олар:



  1. Ластану кезінде альвеолярлы ұлпаларда ксенобиоттарды сіңіру қабілеттілігі өте жоғары, яғни аз мөлшердің өзң ағзаның ішкі ортаснда тез сіңіріледі;

  2. Альвеолалар арқылы сіңіріліп, зиянды заттар бауырды айналып өтіп аса кұшті залалсыздандыратын ксенобиоттар мүшелерге тікелей үлкен қан айналымға түседі;

  3. Сонымен қатар жеке қорғану құралдарын қолдану мүмкін емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет