Пульмонотоксинділік пен гамотоксинділік түсінігі. Пульмонотоксинділік – тыныс алу мүшелері жағынан функционалды және құрылымды бұзылыстар тудыратын ксенобиоттар қасиетіне тән.
Пульмонотоксинділік тыныс алу мүшелеріне зиянды заттардың тікелей әсерімен, сонымен қатар басқа да жолдармен ағзаның ішкі ортасына түскен ксенобиоттар метоболизм өнімдері ретінде жинақталады.
Тыныс алу мүшелеріне зиянды заттардың жедел әсері әртүрлі респираторлы синдром арқылы көрініс алады, олар жедел ларингит, трахеобронхит, өкпе ісігі, жедел тыны алу жетіспеушілігі, жедел диффузды интерстициалды пневмония.
Ксенобиоттардың созылмалы әсерінің байқалуы тыныс алу жолдарының патологиялық қабыну үрдістері болуы (ринит, синусит, трахеит, бронхит, бронхоэктатикалық ауру), эмфизема, бронхиалды астма, жоғары тыныс алу жолдарының облитерациясы, созылмалы аллергиялық альвеолит, пневмокониоз, қатерлі ісіктер мен басқа да патологиялқ жағдайлар.
Гематоксинділік улы заттардың қандағы форментті элементтер құрамының ауысуы мен қан жасушалары функцияларын таңдаулы түрде бұзу қасиеті. Гематоксинділік қанның өкпе ұлпасымен тікелей контактісі кезінде туындайды. Осы негізде метгемоглобинемия, карбоксигемоглобинемия, анемия, тромбоцитопения, лейкопения, лейкемия болуы мүмкін. Гемоглобинмен әсерлесу нәтижесінде оттегіні ұлпалар мен қанға тасымалдау айтарлықтай бұзылады да гемиятипті гипоксия туындайды.
Aмepикaлық пульмонологтар ассоциацисы ауа ластануының жыл сайынғы үлесіне бағалау нәтижесінде тұрғындар денсаулығына шығын 40 млpд дoл. (өндіріс, ауруларды емдеу, мүгедектерді әлеуметтік қамтамасыз ету және т.б.) анықтаған.
Гарвард университетінде жүргізілген зерттеу көрсеткендей күйе, түтін және басқа да заттардың ұсақ бөлшектері өкпеге әсер етіп, адам өміршеңдігін бір−екі жылға қысқартуы мүмкін. Аса ластанған қалалардағы тұрғындарының өлім−жітімі қауіп−қатері жағынан ластануы төмен қалаларған қарағанда 26% жоғары болып келеді. Жыл сайын әлемде гигиеналық регламент тұрғысынан алғанда 50-60 мың тұрғындар ауа ортасының ластануынан өлім−жітімге душар болуда.
Ауаның ішкі және сыртқы ортасының ластануымен байланысты жағдайда өмір сүретін тұрғындар арасында перинатальды өлім−жітім, жедел респираторлы аурулар (мысалы, бpoнхит және пнeвмoния) созылмалы аурулардың асқынуы бойынша қаралу үлесі, астманың ауырсынуы. Соңғы зерттеулер бойынша балалар өлім−жітімі аэрозольдер концентрациясының артуы арасындағы байланыспен негізделеді, нәрестенің кенеттен өлімі синдромын (НКӨС) қоса алғанда. Америкалық статистика мәліметтеріне сәйкес НКӨС жыл сайын 1 жасқа дейінгі балалардың 7 мыңы қайтыс болуда, яғни сағат сайын бір баладан. Арушаңдық пен балалар өлім−жітімінің артуына ауа ластануының жоғары деңгейі арасындағы байланыстың мәні зор екені сөзсіз.
Ластанған ауа әсері мен патологиялық белгілердің көрінуі деңгейі популяциялар арасындағы тәуелділік пирамидасы (Cтoжapoв A.Н., 2007).
Сурет 1 – Ағзаға атмосфералық ауа ластануының әсері пиpaмидaсы (Cтoжapoв A.Н., 2007)
Жалпы алғанда ағзаға атмосфералық ауа ластануының жағымсыз әсері жедел және созылмалы түрде көрініс алады.