Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж



бет40/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

Түтіндер
Жер бетіндегі тұрғындар денсаулығына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – атмосфералық ауаның тазалығы болып саналады.
Ең таза ауа – мұхит беткейлеріндегі ауа. Мұхит беткелеріндегі ауаға қарағанада ауылдық елді мекендердің ауа бассейндерінде шаң тәрізді және газ тәрізді қоспалар мөлшерден 10 есе, орташа қалалардағы мөлшері – 35 есе, ал өнеркәсіптік орталықтарда – 150 есе көп.
Метеорологиялық жағдайлар қала үстіндегі ауаныңжелденбей тынып тұруына әсер ететін кезде атмосфераның ластануы адамдарға аса ауыр тиеді.
Ауаны ластайтын газ қоспалары кейде сол газдардың өзінен де қауіптірек, өйткені олардың өзара қатынастары барысында жаңа заттардың түзілуі мүмкін. Осындай белсенді жаңа заттың пайда болуынң үлгісі – ауадағы түтін ысы (түтінді тұман).
Тұман мен өте қатты қалқыған заттардың ауада ұшып жүрген ұсақ түйіршіктері осы түтін ысын (ағылшынша. smoke – түтін және fog - тұмaн) тудырады. Улы тұманның ең ірі апаты 1952 жылы Лондонда болған. Температураның төмендеуі мен желдің мүлдем жоқтығына байланысты Лондон 5 күн бойы тұманға оранды. Онда SO2 мөлшері 5-10 мг/м3 жетті. Сол уақыт аралығында 1000 жуық адам қырылды, 10 000 адам қатты ауырды. Осындайүлгідегі тұманды лондондық немесе қысқы түтінді тұман деп атайды.
Қысқы түтінді тұман атмосфералық ауада күкірт қос тотығы мен қалқып ұшқыш қатты бөлшектердің аса көп мөлшереде шоғырлануы және құрамында күкірт бар отынның жануы нәтижесінде болатын құбылыс.
Әлемнің үлкен қалаларының үстінде Лос-Анжелестік жаздық фотохимиялық түтінді тұманның пайда болуы жиілеуде.
Азот қос тотығы, күкірт тотығы және альдегидтер ультракүлгін сәулелерді сіңіруге және белсенді күйге енуге қабілетті.
Озонның түзілуіне азот қос тотығы ерекше ықпал етеді. Ультакүлгін сәулелер әрекетінен азот қос тотығының молекуласы азот тотығына және атомарлы оттегіге айналады. Озон мен азот тотықтары ауадағы органикалық қоспалармен реакцияланады, осының нәтижесінде заттар қатары түзіледі, басымдылығы қанықпаған көмірсутектер, оның ішінде пepoкcилaцeтилнитpaт (ПAН) пайда болады. Осы түтінді тұманның пайда болуына септігін тигізеді, озон араласқан кезде оның улылығы да арта түседі. Осыүрдістің сызбанұсқасын мына үлгіде көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет