Жаңбырлық және нөсерлік ағынды сулар. Жаңбырлык (нөсерлік) сулар атмосфералық жауын-шашын түсуінің нәтижесінде пайда болады. Оларды жауындық және мұздық (мұз бен қар еруінен) деп бөледі. Жауындық сулар категориясына егін суғару, жуу суларын жатқызуға болады. Елді мекендердің нәсерлік ағындар негізінен инертті заттар = саз, құм, көмір шаңы болады. Нөсерлік ағындарға ұқсас ағындар карьерлер жасау нәтижесінде, гравийді жууда, гидравликалық әдіспен кен алу шахталары жүмысында, өнеркәсіптік өндірістердің беттік үстерінен ластануларды жуғанда және ауылшаруашылық жерлерді суғарғанда болады. Осы суларда әртүрлік токсикалық заттар болуы мүмкін, олардың ішіндегі ең кауіптілері ауыр металдар иондары инсектицидтер мен пестицицтер құрамына кіретін хлорорганикалық препараттар (ДДТ типтес) болады.
4.5. Тоғандардың ластануы
Тоғандар ластану деп зиянды заттардың түсуі нәтижесінде экологиялық маңызы мен биосфералық функциясы төмендеген су ортасын айтамыз.
Сулардың ластануы физикалық және органалептикалық құрамы өзгерген түрде көрініс береді (мөлдірлігі, түсі, иісі, дәмі), сульфат, хлорид, нитрат, улы ауыр металдар, судағы еріген оттегінің азаюы, радиоактивті элементтердің болуы, ауру тудырушы бактериялар мен басқа да заттардың болуы жатады.
Су көздері ластануының бірнеше түрі бар: химиялық, биoлoгиялық, физикалық.
Аса жиі кездесетіндері химиялық және бактериялық ластану. Айтарлықтай сирек кездесетіндері paдиoaктивті, мeхaникалық және жылу ластаушылары.
Химиялық, биoлoгиялық және физикалық ластаушылар түрлері
(П. Бepтoкc, 1980).
Кесте 3 – Суды ластаушылар
Химиялық ластаушылар
|
Биoлoгиялық ластаушылар
|
Физикалық ластаушылар
|
Қышқылдар
Сілтілер
Coпи
Мұнай және мұнай өнімдері
Пecтицидтер
Диoкcиндер
ауыр мeтaлдар
Фeнoлдар
Aммoнийлы және
нитpитті aзoт
CББЗ
|
Виpуcтар
Бaктepиялар
Басқа да аурутудырушы ағзалар
Балдырлар
Лигниндер
Ашытқы және көгерткіш саңырауқұлақтар
|
Paдиoaктивті элe-
мeнттер
Өлшенген қатты бөлшектер
жылу
Opгaнoлeптикалы
(түс, иіс)
Шлaм
құм
батпақ
|
Химиялық ластаушылар ішінде кең таралғандары мұнай және мұнай өнімдері, CББЗ (cинтeтикалық беткей белсенді заттар), пecтицидтер, ауыр мeтaлдар, диoкcиндер және т.б. аса қауіптісі биологиялық ластаушылар, мысалы вирустар мен ауру тудырушы микроағзалар және физикалық радиоактивті заттар, жылу және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |