Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж



бет45/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

4.4. Ағынды сулар


Ағынды сулар дегеніміз, суды, адам тұрмыста және шаруашылықта пайдаланғаннан кейін шыққан, ағызып жіберілетін лас сулар. Су ағызу – ағынды суларды қабылдауды қамтамасыз ететін, одан кейін кәріздердің тазарту құрылыстарына жіберетін, технологиялық процесс.
Түзілу жағдайларына байланысты ағынды суларды келесі түрлерге бөлінеді:
- тұрмыстық (коммуналды шаруашылық);
- атмосфералық (жауын−шашындық);
- өндірістік, өнеркәсіптік;
- ауыл шаруашылық ағынды суларға;
Өндірістік ағынды сулар әртүрлі өндіріс объектілері көздерінен технологиялық үрдістер нәтижесінде суды пайдаланған соң шығарылады. Оларға жер бетінде пайдалы қазбаларды өңдеу барысында пайдаланылған ағынды сулар жатады. Өндірістік ағынды сулардынегізгі ластаушы заттар бейорганикалық қоспалар, яғни негізгі көздері сода, күкірт қышқылын өңдеу зауыттары, полиметалл рудалары кен байыту фабрикалары, металлургия зауыттары, шахталар, химиялық зауыттары жатады. Бұл ластаушы қоспалар құрмында қышқылдар, сілтілер, әртүрлі металдар тұздары, минералды өлшенген бөлшектер болады.
Opгaникалық қоспалар оның ішінде улы заттар мұнайды өңдеу мен мұнай−химиялық зауыттары, органикалық синтез өндірісі, синтетикалық каучук және пластмасс, кокс−химиялық зауыттары, жеңіл және тағам өндірісі мекемелері ағынды суларында болады. Бұл ағындыларда мұнай өнімдері, навтен қышқылдары, aммиaк, aльдeгидтер, кeтoндар, фeнoлдар, cпиpттер, cинтeтикалық cмoла, күкірт сутек және т.б. болады.
Су көздерінің тазалығына аса қауіп төндірушілермұнай және мұнай өнімдері:

  • Мұнай майлары. Бұл өте тұрақты ластаушылар,олар ластаушы көздерден 300 км дейін тарала алады.

  • Мұнайдың жеңіл фракциялары, қалқи отырып беткей қабатта қабықша түзеді де газ алмасуды қиындатып шектейді. Мұнай қабықшасы жоғары жылдамдыққа ие, қышқылдануға өте төзімді болып келеді.

  • М9найды4 орташа фракциялары өлшенген су эмульсиясын түзеді.

  • Ауыр фракциялар (мaзут) су көздерінің түбіне шөгіп табиғи фаунаға улы әсер етеді.

Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі. Су қоймалары үшін целлюлоза-кағаз өнеркәсібінің ағынды сулары өте қауіпті. Осы мекемелердің ағындыларында ағаш үгіндісі, ағаш талшыктары, шайыр болады және олар оттегі жұтып кышқылданады. Осы ластықтар суға жағымсыз иіс беріп,түрін өзгертеді, сулардың түбі мен жиектерінн көгеріп, саңырауқұлактық өсулер дамуына ыкпал жасайды.
Жылу энергетикасы. ЖЭО ағынды сулары су қоймалары суларынан 8-10“С жоғары жылыған болады. Су қоймалары суының температурасы көтерілгенде оларда микро және макро планктон, судың “гүлденуі” дамуы күшейеді, түсі мен иісі өзгереді. Судың “гүлденуі” су қоймасының тайыз көк-жасыл балдырлар өсетін жерлерінде жиі кездеседі. Балдырлар шіру үрдісінде фенол, индол, скатол және басқа да улы заттар шығарады. ЖЭО өндірістік үрдістерінде екі түрлі ағынды сулар пайда болады: химиялық ластаушылар және жоғары температурасы барлар. ГРЭС ағынды сулары салқындату жүйелерінде, гидро-күл-шлак шығаруда, мазутпен жүмыс істейтін агрегаттардың қызған үстін жуғанда. жабдықты химиялық жуғанда, су дайындағанда және конденсат тазалағанда, мүнаи өнімдерін пайдаланатын аппараттардың, ГРЭС территориясының жауынмен жуылғандарынан, күл төгілген орындардың инфильтрациялық суларынан және жакын жаткан территориялардан су жиналуынан пайда болады. Күл төгілген төбелердің астындағы аудандардың жер асты суларында марганецтің, хромның, қорғасынның, алюминийдің және темірдің жоғары концентрациялары байкалады. ГРЭС жабдықтарын жуған сулар күкірт қышқылымен, темірмен, никельмен, ванадиймен, мыспен ластанады. Жабдықтарды химиялық жуудағы ағынды суларында минеральдық қышқылдар, гидразин, фтал ангидриды, дикарбондық қышқылдар, комплексондар, моноаммоний нитраты, темен молекулярляқ қосылыстар, оның ішінде органикалық косылыстар. ГРЭС территорияларынан жаңбырлық ағынды сулар және жақын жатқан су жинақтарында күлден басқа қалқыған заттардан және мұнай өнімдерінен баска бенз(а)пирен, ауыр металдар (никель, марганец, мышьяк), көмір шаңы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет