Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Қазіргі қалаларда тіршілік ету ортасының факторлары



бет73/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

8.2 Қазіргі қалаларда тіршілік ету ортасының факторлары

Өткен уақыт да осы заманда да қалалар құрылуының анықтаушы факторы экономикалық мәселелер. Бірақ, гигиенистердің ойынша, кала тұрғындарының оптимальдық саны 500 мың құрайды. Соған қарамастан тұрғындары l млн. астам қалалар саны өсуде, сонымен бірге бұл үрдіс сандық өсумен ғана сипатталмайды. Қалалар дамуы, тұтас қоғам сияқты, қоршаған ортаға да, адамның өзіне де антропогенцік әрекеттердің күрт көбеуімен бірге жүреді. Негізінен бұлар өндірістік және көліктік шығарындылар. Қазіргі техника мен технологиялық үрдістер осы теріс әсерді, іс жүзінде жоя алады, бірақ осы шараларды іске асыру орасан экономикалық шығындармен байланысты, оған адамзаттың әзірше мүмкіндігі жоқ.


Урбанизация, түрғындар мен адам қызметі шоғырланған салыстырмалы шағын территорияларда ғылыми-техникалық прогресс әсерінен дамиды. Елді мекендер саны әдетте азаяды, бірақ олардың аумағы ұлғаяды. Урбанизация үрдісінің ерекше қарқындылығы ХХ ғасырдың екінші жартысына келеді. Осылай, 70-жылдар басында экономикалық дамыған елдерде түрғындардың жартысынан артығы қалаларда тұрды. Сонымен бірге өндіргіш күштердің өсуі кала тұрғыңдарыңа амалсыздықтан техногендік әрекеттерін күшейтеді.
Қазіргі 4 миллиард адамның қоршаған ортаға жасаған әрекеті, өзінін масштабы бойынша тас дәуірінің 40 миллиард адамының әрекетіне тең. Осы жағдайда әрекеттін негізгі күші қалалардың өз территорияларына және олардың айналасына түседі.
Тұрғындар өмірі жағдайларын көп жағынан жақсарта отырып, ірі қалалар табиғи жүйелерді жасандылармен ауыстырып, қоршаған ортаны ластайды, адамға физикалық, химиялық және техникалық жүктемені көбейтеді. Атмосфера, су нысандары, топырак, өсімдіктер, климат та өзгереді. Ғимараттар мен территориялар инсоляциясы 15-30%, ультракүлгін сәулелендіру 50%, бүлтты күндер саны 10% (жазда 30% және қыста 100%) жоғарылайды, түмандар жиілейді. Қала қаншалықты ірірек болса, соншалық өзгерістер айкын болады.
Урбанизацияның теріс факторлары өзінің табиғаты бойынша физикалык, химиялық,биологиялық және әлеуметтік болады. Жағдайлардың басым көпшілігінде ортаны ластау көздері қалалардың өзі ішінде болады, бірінші кезекте түрғындарға әрекеті болады. Шығарып тастауға болмайтын, кез келген ірі қалаға тән факторларды ғана қарайық, атап айтқанда автомобиль көлігі мен шуыл (физикалық және химиялық факторлар ауа температурасы, бір бөлмеде көп адам түру, ылғалдылық, ультракүлгін сәулелендіру, көтеретін жүктемелердің жоғары деңгейі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет