Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Тұрғындар денсаулығыан қала ортасы факторларының әсерін зерттеу



бет75/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

8.3. Тұрғындар денсаулығыан қала ортасы факторларының әсерін зерттеу

Тұрғындардың кейбір ауруларының деңгейіне, құралымына және динамикасына бір қатар биологиялык, экологиялық және әлеуметтік гигиеналық факторлардың әсерін зерттеу мақсатымен математикалық талдау ретінде көпфакторлық логарифмдік модельдермен көптік корреляциялық регрессиялық талдау қолданылды.


Ересектерде аурулардың медициналық мекемеге қаралуына әсер ететін себептерді талдауда көпфакторлық логарифмдік сызықтық модельдерді қолдану, аурушандылыктың деңгейі мен жиілігіне тұрмыстық жағдайлар, жанұяның материалдық қалпы, тамақтану тәртібі, жанұя құру жағдайы, мамандығы және кәсіби зияндылықтар болуы қомақты әсер жасайтыны байқалады. Ересек тұрғыңдардың аурулары бойынша қаралу жиілігіне мәні бар көрсеткіштер ішінен тіршілік ету орны және тұру ұзақтығы, жас шамасы, білімі, жанұядағы өзара қатынасы және зиянды әдеттерінің көрсеткіштері болды.


8.4. Ауылды елді мекендердің урбандалуы

Осы кезде урбанизация мәселесі ауылдық жерге де жетті. Соңғы онжылдарда шаруашьшықтардың іріленуіне байланысты ауылшаруашылық өндірісі концентрацияланды, ол бір елді мекендердің үлғаюына, басқаларының бос қалуына әкелді. Ауылшаруашьшық өндіріс қайта құрал-жабдықтануы механизацияны кең қолдану, ірі малшаруашьшық кешендер, ауылшаруашылық өнімдерді бастапқы өндеу және ауылшаруашылық техниканы жөндеу өндірістері (қуатты элеваторлар, машина-трактор станциялары, сүт зауыттары, дән, көкөніс, жеміс комбинаттары) құрылыстары салынды. Жеке ауылдық елді мекендерде тұрғындардың шоғырлануы, ауылды қолайлы жабдықтау, жоспарлау, құрылыс мәселелерін шешу, сумен қамтамасыздандыру, қатты және сұйық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру және пайдалану мәселелерін шешу қажеттігін туғызды, басқаша айтқанда ауылда өмір сүру үлгісі, іс жүзінде қалалық өмірге жақындады.




8.5. Ауылдардың экологиялық жағдайын анықтайтын фaктopлар

Қазіргі жағдайда ауылды елді мекендерді колайлы жабдықтауға жоғары талаптар қойылады. Олардың бастылары территорияны функционалдьдық зоналау және санитарлық гигиеналық нормаларды қатаң түрде орындау.


Территорияны дұрыс таңдау және зоналау, сәулеттік негіз бен тұрғын зоналардың функциональды ыңғайлы ұйымдастыруды анықтайтын маңызды факторлар, және де іріленген ауылдық елді мекендерді экономикалық мақсатқа сай колайлы жабдықтау.
Ауылдық елді мекендердің жобалануы мен құрылысын салу мәселелерін дұрыс шешуге ауылдың экологиялық жағдайы тәуелді. Осылай, мысалы, ауылдың өндірістік зонасы селитебтік зонаға катысты ық жағынан және міндетті түрде санитарлық-қорғау зонасын сақтаумен жердің рельефі бойынша төмен орналасуы керек.
Ауылдық құрылыстың кейбір өзінше ерекшеліктері бар, олар ауылды тазарту күйіне, қолайлы жабдықтауға және гигиеналық жағдайына әсер етуі мүмкін.
Ең алдымен құрылыс басым түрде 1-2 қабаттық болуы керек, оның өзі негізінен мекендеген зонаны сумен камдау мен канализациялау ерекшеліктеріне тәуелді. Әдетте ауылда орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету мен орталыктандырылған канализация торабы болмауы жиі кездеседі. Барлық құрылыс басымды түрде жергілікті күрылыс материалдарын пайдаланумен жүргізіледі, сонымен бірге жеке көмекші шаруашылық жүргізу үшін жеке үй жанындағы жер бөлігі алдын ала қарастырылуы керек.
Ауылдық елді мекендер құрылысының бас жоспарында, жоспарлануы мен реконструкцияларында ауылдың микроклиматын жақсарту мен экологиялық жағдайын жақсарту мәселелері алдын ала қарастырылуы керек. Бұл, ең алдымен ауылды көгалдандыру болады. Ол ауылдық елді мекеннің 40% территориясын жалпы және сирек пайдаланатын зоналар түрінде, және де арнаулы тағайындалған (өнеркәсіп секторының санитарлық-қорғау зонасын және қар токтату жолақтарын көгалдандыру) орындар болу керек.
Осы уақытта, өнімдер өңдіру қажеттілігіне байланысты табиғатта адамнын ауылшаруашылық қазметі туғызатын өзгерістердің үлес салмағы үлғаюда. Соның нәтижесінде табиғи (алғашқы) биогеоценоздар жыртылған жерлермен, суарылатын алаптармен, жасанды жайылымдармен ығыстырылуда және трансформацияланған экологиялық жүйелер-агробиоценоздар пайда болуда, ол деген адамнын өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы кызметі нәтижесінде қалыптасқан жасанды бірлестіктер. Мүмкіндігінше мол өнім алуға тырысып, адам экологиялық жүйенін барлық компоненттерше әсер жасауда:

  • топырақка химизация, механизация, мелиорацияны енгізумен агротехникалық шаралар кешенін қолдану жолымен;

  • атмосфералық ауаға, ауылшаруашылық өндірісті химизациялау және индустриализациялау есебімен;

  • су қоймаларына, ауылшаруашылық ағынды мөлшерін күрт үлғайту жолымен.

Мал шаруашьшығын өнеркәсіптік негізіне көшірумен байланысты ауылды жерде қоршаған ортаны ең қуатты ластау көздері малшаруашылығы және құс шаруашылығы кешендері болды. Мал шаруашылығы кешендерінің саны мен қуаттылығы өсуі, онын қалдықтарының аумағы коммунальдық қалдықтар аумағынан әжептеуір артуына әкелді, мысалы, Германияда 5 рет, АҚШ 10 рет. Бір сиыр шығаратын эскременті 16 адам шығарғанға тең, бір шошқаның шығарғаны 2 адамның шығарғанына тең.
Тұрғындар орналасуының жоғары тығыздығы бар, шағын территориялы Данияда, мал шаруашылығы кешендерінің қалдықтары 35-40 миллион адам қалдықтарына эквивалентті, ал Голландияда мал шаруашылы өндірістерінен су қоймаларының ластануы 2,5 млн. тұрғыны бар қалалардың ластануымен теңеледі. 100 мың. бас ірі қара малдың қоршаған ортаны ластауы 1 млн. тұрғыны бар қаланың ластанғаны сиякты екендігі есептелініп шығарылған.
Қазіргі уақытта, мал және құс шаруашылықтарынын кешендері мен фермалары ауылды жерде атмосфералық ауа, топырақ, су көздерінің ең ірі ластау көздері болады, ал қуаттылығы мен масштабы бойынша ірі өнеркәсіптік нысандармен әбден салыстыруға болады.
Атмосфералық ауаны, топырақты, су көздерін мал шаруашылығы қалдықгарынан корғау кешендерді тұрғын құрылыстарға қатынасты, таңдау және қалдықтарды өңдеу мен детализациялаудын оптимальдық жүйелерін негіздеуге тиісті нактылы технологиялық шешімдер жүйесімен камтамасыз етіледі. Сұйық жоне қатты қалдықтарды жинаумен шығару механизацияланған түрде тезек қабылдаушы орындарда жиналады. Осылай, ірі қара малдың, мысалы, тезекті кір су ағындарының органикалық және бактериалдық мол ластануы болады.
Мал шаруашылығы өндірістерінің жуынды ағындарында туберкулез, бруцеллез, тифпаратифтік инфекциялар, салмонеллез, гельминтоздар, энтеровирустар қоздырғыштары байқалады. Бұл малшаруашылық кешендерінің тезекті жуынды ағындыларының эпидемиологиялық қауіптілігін растайды. Малшаруашылық кешендері ішінің ауасы негізінен аммиакпен (26 мг/м3 дейін) және күкіртті сутегімен (14 мг/м3 дейін) ластанады.
Малшаруашылық кешендердің органикалық заттары мен минералдық тұздарының концентрациялары шаруашылық-тұрмыстық жуынды ағындылардағы және кейбір өнеркәсіп салаларының жуынды ағындыларындағы концентрациялардан бірнеше есе артады, сондықтан қоршаған ортаны ластайтын қауіптірек ластауыштар болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет