Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Ауылдар қоршаған орта объектілерінің ластаушы көздері



бет76/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

8.6. Ауылдар қоршаған орта объектілерінің ластаушы көздері
Топырақ және су көздері ластануына әкелетін жағдайлар мынадай:

  • өнеркәсіптік алаңшалар бетінен атмосфералық жауын-шашынмен жуылу;

  • тезек сақтау қоймаларынан немесе сыйымдылықтардан топырақтағы суларға және ашық су көздеріне жуынды ағынды сулар жырып өтіп кетуі;

  • жуынды су жинағыштардан немесе жер суару өрістерін жырып өтіп шығуы;

  • ауылдық территорияны дұрыс жоспарламау.

Су қоймасына түскен жуынды судын әсері суда еріген оттегі мөлшерінің күрт азаюымен шіріген иістер пайда болуымен, қарақошқыл түсімен, органикалық заттар ОБҚ және қышқылдануының көбеюімен білінеді. Осының салдарынан суда нитраттар, аммиак және органикалық қосылыстар концентрациялары күрт жоғарылайды. Топырақта ішек тобындағы патогендік бактериялар мен сальмонеллездер айға дейін тіршілігін сақтайды. Олар топыраққа 50 см және одан да тереңге кіруі мүмкін.
Атмосферны газдармен ластанудың негізгі көзі тезек пен саңғырық болады. Газдар экскременттер түсу, тасымалдану, сақтау, өндеу және утилизациялау үрдістерінде шығарылады. Жаңа түскен тезекте түскеннен кейін аэробтық үрдістер дами бастайды:

  • қышқыл ашу жасушадан тыс ферменттер көміртектік кешенді қарапайым канттарға, протеинге және аминоқышқылдарға, майға және майлы қышқылдарға (уксус, май, пропиондық қышқылдары) дейін гидролиздейді.

  • қышқыл ашудың регрессиясы: органикалық қышқылдар ерітетін азоттық косылыстар аммиакқа, көмір қышқыл газына, азотқа, метанға, сутегіге ыдырайды және күкіртті сутегі, индол, скатол. Меркаптан пайда болады.

  • сілтілік ашу: органикалық қышқылдар көмір қышқыл газы метанға ыдырайды.

Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы қалдықтарының анаэробтық үрдістерінің нәтижесінде 27 газтәрізді қосылыстар шығады, олардың негізгілері күкіртті сутегі, аммиак, көмір кышкыл газы, индол, скатол, меркаптандар. Олар фекалийлерден иістер шығуының себебі болады. Олар жануарларға да, адамдарға да зиянды әрекет жасайды. Олардын жиіркеніш сезімінен басқа да әсері болады: бас ауыру, жүрек айну және үстүрт тыныс алу, қышқылдану үрдістерінің әлсіреуіне, тыныс алу мүшелерінің функциясы бұзылуына, орталық жүйке мен сезім мүшелерінің (иіс сезу) бұзылуына ықпал жасайды.
Ауылдық елді мекендердің сумен қамдалуынын қаладан айырмашылығы үлкен. Егер қалаларда бір адамға шаққанда тәуліктік су жұмсау 300=350 л жетсе, ол ауылда тәулігіне 5060 л ғана құрайды.
Ауылдық жер жағдайларында тұрғындар денсаулығын сақтауда судың мағынасы зор.
Бұл ең әуелі эпидемиологиялық қауіпсіздік. Өршіп шығатын көп аурулардың қоздырғыштарын таратушы су болады: дизентерия, ішек аурулары, тиф-паратиф инфекциялары, сальмонеллез, инфекциялық гепатит, энтеровирустар, аденовирустар таралуына себеп болады.
Сонымен бірге қалаларда да, ауылдық жерлерде де ауыз судың химиялық құрамы тұрғындар арасында инфекциялық емес таралуына коп жағдайда әсер ететді: тіс жегісі, флюороз, бүйректас ауруы, өт−тас ауруы, созылмалы гастриттер, дерматиттер, остеохондроздар, қан аурулары (метгемоглобинемия), атеросклероз, жүйке жүйелері аурулары.
Өнеркәсіп өндіріс пен ауылшаруашылық өндірістің барлық саласында химизациялату топырақ ластануын тез күшейтті. Әсіресе үлкен масштабта ол ауылшаруашылықта гербицидтерді, дефолианттарды, инсектицидтерді, минералды тыңайтқыштарды (нитраттар, нитриттер) қолданумен байланысты дамыды. Арамшөптерді топырақтан тиімді тазарты 1 өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден сақтай отырып, олар сонымен бірге топырақты ластады, ол топырақтық фауна мен микрофлораның тіршіліктеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір пестицидтер топырақта бірнеше жыл сақталады, қарқынды жиналады, атмосфералық жауын шашын мен су қоймаларына, кейіннен өсімдіктерге,ауылшаруашылық өнімдерге, жануарлар ағзасына, содан кейін транслокациялық жолмен адам ағзасына, кейде көбірек улы қосылыстарға қан айналуы үрдісінде айналады.
Ауылшаруашылықта қолданылатын дефолианттар қарқынды түрде атмосфералық ауаны ластайды, түрғындардың жедел және созылмалы аурулармен ауыруына әкеледі.
Олар топыраққа шөгіп, жиналады, ауылды елді мекендердің су көздеріне түседі.
Одан қиынырақ мәселе нитраттар мен нитриттер. Олар топырақта қарқынды жиналып, өсімдіктерге тағамдық өнімдерге ауысады, олар арқылы адам ағзасына түседі. Оларды ауыл шаруашылығында шамадан тыс қондану адамнын жедел және созылмалы улануына соқтырады. Жедел улану өткір ішек ауруларының түрінде күрт интоксикациялы симптомдармен орта жүйке жүйесінің, бауыр, бүйрек зақымдануларымен бірге жүреді. Нитритгермен және нитраттармен созылмалы ауыр қан ауруына (метгемоглобинемия), бауыр мен бүйрек зақымдануына соқтырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет