Автотранспорт. Қазіргі қалалардың көпшілігінде Қоршаған орта ластануының негізгі көзі автомобиль көлігі болады. Оның шығаратын, адам үшін улылығы бар газдары 200 ден астам химиялық қосылыстар қүрайды. Бүлар әртүрлі көмірсутектер, азот оксидтері, альдегидтер, иіс газы (CO) және басқалар. Қалалар ауасындағы барлық улы заттардың 70% дейін мөлшері автокөлік есебіне жатады деп саналады.
Қалалық шу. Аса өзекті мәселелердің бірі қалалық шу болып табылады, бұл өз кезегінде автокөлік қозғалысы, жалпы көліктермен байланысты шулар. Сондықтан автокөлік тек химиялық фактор ғана емес, физикалық та болып есептеледі (шу). Бұл екі фактор қазіргі кезде тұрғындар ағзасына жағымсыз әсердің басым бөлігі болып табылады. Соңғы жылдары барлық ғылыми жариялымдарда атмосфера мен шу химиялық факторлардың қосарланған әсеріне арналған. Адам ағзасына шу екі бағытта әсер етеді: арнайы және арнайы емес. Жалпы алғанда шудың арнайы әсері есту мүшелерінің зақымдалуымен көрініс алады.
Ұлғайып жатқан қалалық шу жағдайларында есту анализаторының үнемі кернеуі оның тұрады, ол есту шегінің 10-25 ДБА көбеюіне әкеледі, кейінен саңыраулық дамуына келтіреді.
Шудың өзіне тән емес әрекетіне жатады: -орталық жүйке жүйесінің реакциясы (тез қажу, жоғарылаған тітіркенушілік, енбек қабілеттілік төмендеуі); -шу көзіне қатысты шаралар; техникалық жағынан аз шулы көлік жасау мүмкін, бірақ өнеркәсіп өңделген конструкциялар бойынша жүздеген мың машиналар жасап шығаруда. Сондықтан жақын болашақта көліктік шудың қомақты азаюы көрінбейді.
Шуға аса сезімтал балалар мен ауру адамдар, оларда жүйке мен жүрек қантамыр жүйесі функциялары бұзылады, сауығу тежеледі, стационарда болу уақыты ұзарады.
Шудың әсерінен жалпы аурушаңдық пен адамның өмір сүру ұзақтығы қысқарады делінген мәліметтер де бар.
Шуға қарсы іс шаралар үш бағытта жүргізіледі: