Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Алғашқы мүгедектік көрсеткіші = есепті жылда бірінші рет мүгедектігі танылғантұлғалардың жалпы саны/ тұрғындардың жалпы саны (аудан, oблыс, мемлекет) * 1000



бет88/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

Алғашқы мүгедектік көрсеткіші = есепті жылда бірінші рет мүгедектігі танылғантұлғалардың жалпы саны/ тұрғындардың жалпы саны (аудан, oблыс, мемлекет) * 1000;

  • Алғашқы мүгедектік себептерінің құрылымы = есепті жылд жеке себептерден (аурулар) бірінші рет мүгедектігі танылған тұлғалар саны / есепті жылда табылған мүгедектікке әкелген аурулар кездесу жағдайының жалпы саны* 100.

    ДДСҰ шешімі бойынша құрылған компьютерлік деректер базасының негізінде ДДСҰ сарапшылығы қорытынды шығарған: шектелген мүмкіндіктері бар тұлғалар жер шары тұрғындарының 10% құрайды, олардың 100 млн. астамы балалар.
    ДДСҰ сарапшыларының ойынша, балалардың ауыр мүгедектігінің үлесі әлемде балалар популяцияларының 1-2% құрайды.
    Балалар мүгедектігіне себеп болған аурулар арасында, бірінші орында жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің аурулары, олардың арасында орталық жүйке жүйесі мен көз және оның қосалқы мүшелері ауруларының ең көп үлес салмағы бар. Екінші орында психикалық бұзылыстар орналасқан. Психикалық бұзылыстар арасында ойлау жетіспеушілігі (69,6%) үлес салмағы үлкен. Үшінші орында туа біткен аномалиялар. Олардың ішінде ең қомақтысы туа біткен жүрек ұан айналым жүйесі, орталық жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің аурулары. Осыүш кластағы аурулар үлесіне балалардың жалпы мүгедектігі себептерінің 70% жуығы тиесілі.
    Ересектерді мүгедектікке келтіретін негізгі себеп жалпы аурулар – 86% жағдайы, одан кейін әскери қызметтегілер аурулары – 7,6%, туа біткен аномалиялар немесе бала кезіндегі пайда болған аурулар – 4,4%, еңбектік мертігу немесе кәсіби аурулар – 2%. Ауылдық жерлерде жалпы аурулар үлесі төменірек– 79,8% және әскери қызметтегілер санына мүгедектер үлесі – 10,3% және бала кезінен бастап мүгедектер үлесі – 7,2% жоғары.
    Мүгедектерді куәландыру және қайта куәландыру еңбекке қабілеттілікті және мүгедектілік тобын жоғалту дәрежесін анықтау үшін жүргізіледі.
    II топ мүгедектілігі (70,6% жағдай) жиі анықталады, содан кейін III топ (15,1% жағдай), aл I топ тек 14,3% жағдайында қойылады. Еңбекке қабілетті жас шамасында қалалық жерлерде алғашқы мүгедектік құрылымы аздап өзгеше: I – 9,5% жағдай, II – 62,6%, III – 27,9% жағдай. Ауылдық тұрғындар арасында әсіресе еңбекке қабілетті жаста топтар бойынша мүгедектік құрылымы осыған жақын.
    Мүгедектердің барлық топтарының арасында тұрғындарды әлеуметтік қорғау мекемесі есебінде тұрған бала кезінен мүгедектік болғандар үлесі 11-15% құрайды. Бала кезінен мүгедектікке шалдығу себептер құрылымында психоневрологиялық патология жетекші орын алады: 30 дан 50% дейін ақыл естерінің ауысулары, жүйке жүйесі аурулары – 25-40%, туа біткен жетілу кемістіктері – 5-15%. Ақыл естері ауысу құрылымында бала кезінен мүгедектік болғандарда 16 жастан кейін oлигoфpeния (68%), шизoфpeния (13,9-11,9%), эпилeпcия (12,5-9,4), ОЖЖ органикалық аурулары (10,7%).
    Медициналық әлеуметтік және аурудың алдын алу шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін зерттелетін адамдардың ерекшеліктерін ескерумен қатар, мүгедектіктің себептері туралы, аймақтардағы мүгедектік жағдайы туралы, түрғындар мүгедектенуінің сипаты мен таралуының, реабилитациялық шаралар қажеттілігінің мәліметтері керек. Әрбір аймақта бала кезінен жоғары мүгедектіктің себептерін зерттеу және оның алдын алу бойынша шараларды өңдеп жасап шығару керек.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   105




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет