Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж



бет84/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

Өлім−жітім.
Кейбір территорияның әлеуметтік, демографиялық және медициналық тұрақтылығын бағалау үшін туушылық көрсеткішін ғана ескеріп қоймай, өлім−жітім көрсеткішін де ескеру керек. Туушылық пен өлім−жітім көрсеткіштерінің өзара әрекеті, бір ұрпақтың келесі ұрпақпен алмасуы тұрғындарды үздіксіз қайта өндірілуін қамтамасыз етеді.
Өлім−жітім көрсеткіштері өте күрделі демографиялық үрдістерді көрсетеді. Өлім−жітімге көптеген биологиялық, әлеуметтік, медициналық факторла әсер етеді. Солардың ішінде қоршаған орта ластануының әрекетін бөліп шығару және оны анықтау өте қиын. Тұрғындардың өлім жітімінің жалпы көрсеткішін шамалау бағытында ғана, қоршаған ортаның әртүрлі деңгейде ластануымен қалалардағы жас шамасы бойынша стандартталған өлім жітім көрсеткіштерімен салыстырып пайдалануға болады.
Осындай салыстырмалы зерттеулер үшін, оларды алдын ала жыныс және жасы бойынша стандарттап жүрек қантамыр ауруларының, миокард инфарктісі және әсіресе қатерлі ісіктер өлім жітімінің көрсеткіштерін пайдаланады. Созылмалы, жедел әрекеті де ластаушы заттарды зерттегенде осы көрсеткіштерді қолданады. Жедел әрекеті ластанудың жоғары деңгейлері күндеріндегі өлім жітім санының өзгеруі бойынша, созылмалы әрекеті тқрғындардың әртүрлі тобындағы жылдық көрсеткіштер динамикасы бойынша қарастырылады.
Бұл әсіресе ластаушылардың канцерогендік әрекетіне қатысты. Осы денсаулық күйінің сипаттамасы тұрғындардың жеткілікті санында (10000 кем емес) қолдану керек.
Өлім жітімнің алғашқы толық бағалануын өлім жітімнің жалпы көрсеткіші негізінде беруге болады, ол мына үлгіде есептелінеді:


Өлім жітімнің жалпы бір жылда өлгендердің жалпы саны
Жалпы коэффициенті = ––––––––––––––––––––– х 1000

орташа жылдық тұрғындар саны


Бірақ өлім жітімнің жалпы коэффициенті қандай да бір салыстырулар үшін жарамдылығы аз, өйткені оның шамасы мағыналы дәрежеде тұрғындардың жас құрамының ерекшеліктеріне тәуелді.


Соңғы жылдары кейбір экономикасы дамыған елдерде өлім жітімнің нақты өсуін нақты куаламайды, ол тұрғындардың жастық құрылымында жасы ұлғайған адамдардың соншалықты үлес салмағының артуын көрсетеді.
Тұрғындардың жекелеген жастық жыныстық топтарының өлім жітім көрсеткіштерінің өзіндік арнайы есептеулері мен талдаулары бар. Жастық жыныстық өлім жітім көрсеткіштеріне тұрғындардың жастық құрылымы әсер етпейді деуге болады.
Тұрғындардың жекелеген жастық жыныстық топтарының өлім жітім көрсеткіштері дәлірек болады.
Сәбилік, перинаталдық және аналық өлім жітім көрсеткіштерініңөзіндік арнайы есептеулері мен талдаулары бар. жастық жыныстық өлім жітім көрсеткіштеріне тұрғындардың жастық құрылымы әсер етпейді деуге болады.
Заңға сәйкес өлім жітім мемлекеттік мекемелердің азаматтық жағдайы актілері жазбасында қайтыс болған адамның тұратын жері қайтыс болған жері бойынша медициналық мекеменің қорытындысы негізінде қайтыс болған кезінен немесе өлік табылғаннан үш тәуліктен кем емесуақытта тіркелуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет