Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Қабілетсіздік (денсаулыққа қатысты)



бет87/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

Қабілетсіздік (денсаулыққа қатысты) (disabilitу):
1. Өмір сүру қабілетін шектеуге әкеліп соғатын немесе адамның қалыпты өмір сүруіне тән өз қызметін атқару қабілетін жоғалтуға әкеліп соғатын ьұзылулар (impairment) нәтижесі.
2. Дене қуатын, көңіл күймен ойлық мүмкіндіктерінің жоғалуы немесе болмауы, ол мамандық алуға немесе мамандық қызметін атқаруға кедергі болады.
Әлеуметтік реттегі шектелу (handicaps) – нақтылы адамдағы кемістік (disadvantoge) ол бұзылудың (impairment) немес қабілетсіздіктің (disabilitу) нәтижесі және жасына, жынысына және мәдени ерекшеліктеріне сәйкес адам өзінің ролін орындауы мүмкін еместігіне немесе шектелуіне әкеледі.
Бұзылу (impairment) – аурулар, жарақаттар мен уланулар салдарынан ағза құрылымы немесе функциясы (aнaтoмиялық, физиoлoгиялық, пcихикалық) жо,алуы немесе жоғалмауы. Алайда бұзылуды(impairment) бүлінумен (disorders) қатыстырмау керек, мысалы, аяқты не қолды жоғалту – бұл бұзылу, бірақ бүліну емес.
Денелік немесе айлық кемістіктегі салдарынан өмірге қабілеттілігі шектелуіне байланысты әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұлға мүгедек деп саналады. Осы негізде ересек адам мүгедектігі еңбекке қабілеттілігі тұрақты бұзылу немесе оның жарақатпен патологиялық жағдаймен шектелуі.
Мүгедектіктің үш тобы ажыратылады. Үздіксіз кәсіби еңбекпен айналысуға қабілеттілігін толық жоғалтқан және үздіксіз басқалардың күтіміне (көмек, қадағалау), мұқтаж азаматтарға I топ мүгедектігі; басқалардың күтімі қажет емес үздіксіз және ұзақ еңбекке қабілетсіздік болған жағдайда II топ мүгедектігі қойылады. Мамандық еңбекке қабілеттілікті жоғалту мүгедектік III топты қоюға себеп болады. Әдетте ол ағза функциялары бұзылулары салдарынан болған созылмалы аурулармен немесе анотомиялық кемістіктердің себептерімен еңбекке қабілеттіліктің едәуір төмендеуіне қойылады. Мүгедектіктің осы тобы жұмысшыны денсаулық жағдайы бойынша бұрынғы атқарған қызметіне қарағанда аса ауыр емес, оңайырақ жұмысқа ауыстыру қажеттілігі ескеріле отырып тағайындалады. Анотомиялық кемістіктер болған кезде мүгедектіктің осы тобы орындайтын жұмыстың сипатына қарамастан белгіленеді. Мүгедектік ауырлығы (дәрежесі) ескеріліп, зейнетақы мөлшері, қамтамасыз етудің және қызмет көрсетудің басқа түрлері тағайындалады.
16 жасқа дейінгі балалар мүгедектігін тағайындау үшін туа біткен, тұқым қуалаушылық аурулар және жарақаттан кейін пайда болған патологиялық жағдайлар ескеріледі. Балалар мүгедектігін анықтау үшін медициналық көрсеткіштер 3 тараудан тұрады:

  • 1 тарауға өмір сүру қабілетін уақытша шектейтін және баланың әлеуметтік бейімделуін тудыратын, бірақ мүшелер мен жүйелердің қайта орнына келетін бүлінулері және мүгедектікті 6 айдан 2 жылға дейін құқық беретін патологиялық жағдайлар тізіміне кіреді;

  • 2 тарауға өмірлік қызметтің жартылай қалпына келу мүмкіндігін болжамдағанда баланың әлеуметтік қайта бейімделуіне әкелетін патологиялық жағдайлар.

Патологиялық жағдайлардың 2 тобы ажыратылады: 2A – мүгедектікті 2 жылдан 5 жылдық мерзімге қою құқығымен немесе қайта куәландыру әрбір 2жылда жүргізіледі; 2Б - мүгедектікті 5 жылдық және одан артық мерзімге қою құқығымен немесе қайта куәландыру 5 жылдан жиі жүргізілмейді;

  • 3 тарауға өмірлік қызметтің қомақты шектелуіне және мүшелер мен жүйелер функциялары қалпына қайта оралмайтын қте көрінетін бүлінулерінде баланың әлеуметтік дезадаптациясына әкелетін патологиялық күйлер. 3 топпен реттелетін патологиялық күй бойынша медициналық қорытынды 16 жасқа дейін бір реттік болып дайындалады. Мүгедектерге медициналық әлеуметтік көмек жүйесінің жоспарлануы және тиімді жұмысын негіздеу үшін зерттелетін құбылыстың таралуын, тұрғындар мүгедектенуі тенденцияларын, оған әкелетін факторларды білу қажет. Мүгедектіктің негізгі көрсеткіштері:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет