Қатерлі ісік ауруларынан болатын экономикалық шығынды есептеу
Тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау әдістемесі зерттелетін тұрғындар арасында қосымша қатерлі ісік ауруының дамуы қауіп қатерінің жылдық көрсеткішін анықтауға мүмкіндік береді - PCR, заттардың орташа жылдық концентрациясы есебімен алғанда, канцерогендік әсері бар қоршаған орта объектілерінде осы жағдайға бейім тұрғындар саны. Алайда аталған көрсеткіш қатерлі ісікпен ауыратындардың аурушаңдық деңгейі әр сатыда жүретін болса, олардың пайыздық қатынасын анықтауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар химиялық субстанциялар әсері жаңа қатерлі ісік аурушаңдығының пайда болуын бағалау (яғни – бірінші сатыдағы аурушаңдықтың пайда болуы), ол аурулардың жағдайының нашалауына да (яғни – дамудың кейінгі сатыларына өтуі). Осы негізде қатерлі ісік аурушаңдығынан болтын экономикалық шығынды есептеу алдыңғы әдістерге қарағанда бірнеше ерекшеліктері бар.
Қатерлі ісіктен болатын экономикалық шығынды есептеу шығыс мәліметтерінің бар болуына қарай ұқсас әдістермен жүргізіледі.
1ӘДІС
Аурушаңдықтан болатын экономикалық шығынды бағалау әдісіне ұқсас қатерлі ісктен (EDmorbcancer)болатын шығынды бағалау емдеуге жұмсалған барлық шығындар суммасы, әлеуметтік сақтандыру шығындары, мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері сонымен қатар бюджетке түсетін салық үлесінің жоғалуы қосылып есептеледі:
EDmorbcancer = TCcancer + SICcancer+ SSCcancer +TRLcancer (22)
мұнда:
TCcancer – қатерлі ісік аурушаңдығы емдеуге жұмсалған қаражат, тeңгe/жылына;
SICcancer – әлеуметтік сақтандырудан жұмсалатын қаражат (аурушаңдық қағазы бойынша), тeңгe/жылына;
SSCcancer – мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақылардың жалпы мөлшерінің төлемі, тeңгe/жылына;
TRLcancer – бюджетке мемлекеттік салық төлеу үлесінің жойылуы, тeңгe/жылына.
Жекелеген қатерлі ісіктер аурушаңдығының даму сатысына қарай емдеуге жұмсалған қаражаттан мемлекет шығындарын ескеру керек. Қатерлі ісік аурушаңдығының барлық сатысында қаражат шығыны бірлескен шығын есебінде жүреді:
TCcancer = stage1+ stage2+ stage3+ stage4 (23)
мұнда:
Stage 1 – 1 даму сатысы;
Stage 2 – 2 даму сатысы;
Stage 3 – 3 даму сатысы;
Stage 4 – 4 даму сатысы.
Қатерлі ісік аурушаңдығын емдеуге жұмсалған қаражат белгілі бір сатысында мемлекетенбір жағдайдағы қатерлі ісікті емдеуге жұмсалатын популяциалы канцерогенді қауіп-қатерді есептеумен жүргізіледі, бұл барлық тұрғындар экспозициясының аурушаңдықтың аталған сатысындағы коэфициентті жақсартуға мүмкіндік береді:
stageX = TCcx PCRa kcx (24)
мұнда:
TCcx – 1 жағдайдағы қатерлі ісік аурушаңдығын емдеуге жұмсалатын мемлекет қаражаты, тeңгe/ауру жағдайы;
PCRa – пoпуляциалы жылдық кaнцepoгeнді қауіп-қатер, жағдай/жылына;
kcx – аталған жылда алғаш рет тіркелген қатерлі ісікпен ауыратындар үлес салмағын көрсететін кoэффициeнті, x, бір бірліктен алынған зерттеу тобындағы алғаш рет тіркелген жалпы саны.
kcx кoэффициeнті алғаш рет тіркелген қатерлі ісік аурушаңдығының (qcancerx) зерттеу сатысындағы тіркелген барлық қатерлі ісікпен ауыратындар санына қатынасы (qcancer):
kcx = qcancerx / qcancer (25)
ҚР заңнамасына сәйкес әлеуметтік сақтандыру қаражатынан төлемдер еңбекке жарамсыздық бойынша 15 АЕК аспауы тиіс. Осылайша қатерлі іскпен ауыратындардың емдеу ұзақтығының жалғасуына байланысты есепке максималды төлем соммасы алынып, 15 АЕК теңестіріледі. Сол себепті әлеуметтік сақтандырудан жүргізілетін максималды төлем саммасы аурушаңдық қағазымен популяциалы канцерогенді қауіп-қатерге көбейтіледі:
SICcancer= SICmax PCRa (26)
мұнда:
SICmax – ҚР заңнамасына сәйкес, аурушаңдық қағазы бойынша максималды төлем саммасы 15 АЕК теңестіріледі, тeнгe.
2ӘДІС
Соңғы көрсеткіштері бойынша мәліметтердің жоқ болуына байланысты (TRLcancer), сонымен қатар ауру бойынша еңбекке жарамсыздықтың жалғасуымен бюджетке салық түсу үлесінің жойылуы ЖІӨ толық алынбауы мен мемлекет шығындарымен алмастырылады. Аталған жағдайда есептеу формуласы келесі жолмен есептеледі:
EDmorbcancer = TCcancer + SICcancer+ SSCcancer + LGDPcancer (30)
мұнда:
LGDPcancer – мемлекеттің ЖІӨ толық алынбауы негізіндегі шығындары, қатерлі ісік аурушаңдығына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық, тeңгe/жылына.
Аталған көрсеткіш мемлекеттің ЖІӨ толық алынбауы негізіндегі шығынды муммарлы түрде қатерлі ісік ауруларының барлық сатысында есептеумен көрсетіледі:
LGDPcancer=∑ LGDPcancerx (31)
мұнда:
LGDPcancerx – мемлекеттің ЖІӨ толық алынбауы негізіндегі қатерлі ісік аурушаңдығына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық х, тeңгe/жылына.
Өз кезегінде мемлекеттің ЖІӨ толық алынбауы негізіндегі уақытша еңбекке жарамсыздық қатерлі ісік аурушаңдығының белгілі бір сатысында жан басына шаққандағы ЖІӨ (еңбекке жарамды жан басына шаққанда) жұмыс уақытының жоғалған айлар саны, сонымен қатар популяциалы канцерогенді қауіп-қатерді, бұл барлық тұрғындар экспозициясының аурушаңдықтың аталған сатысындағы коэфициентті жақсартуға мүмкіндік береді:
LGDPcancerx=CGDPw mcх PCRa kcx (32)
мұнда:
mcх – жұмыс уақытындағы айлар саны, қатерлі ісік аурушаңдығына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық х, адам-айлар/аурулар жағдайы.
Достарыңызбен бөлісу: |