Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж



бет46/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

Кара металлургия. Қара металлургияның ағынды сулары металды майсыздандырудан және қышқылмен өндеуден кейін, жуудан кейін пайда болады. Домендік және болат балқыту өндірісінде, ыстықтай темір созу өндірісінде ағындылар механикалық қоспалармен және тұздармен ласталған. Металдарды әртүрлі қышқылдармен өңдегенде жоғары минералданған өңдеулік ерітінділер және ағынды сулар пайда болады. Коксохимиялық зауыттардың және өндірістердің көпшілігінде ағынды суларда фенолдар, роданидтер, ционидтер, сульфидтер болады.
Түсті металлургия. Түсті металлургия өндірістерінің ағынды сулары қатты минерал заттар қоспаларымен, флотациялық реагенттер қалдықтарымен ластанған. Олардын көпшілігі токсикалы (күкіртті натрий, цианидтер, ксантогенаттар, мұнай өнімдері). Ауыр металдар иондарымен (мыс, қорғасын, мырыш. никель, молибден, вольфрам, сынап, кадмий) және мышьяк пен, фтормен, сурьмамен, сульфаттармен, хлоридтермен де ластанған.
Машина жасау. Машина жасаудың ағынды сулары әртүрлі машиналармен аппараттарды дайындау үрдісінде пайда болады, өйткені технологиясында жуу, майсызданлыру, қышқылмен өндеу, химиялык, гальваникалык және сырбояулық қаптап жабулар, созу мен қысуда (престеу) майлаулар колданылады.Осындай өндірістердің ағынды сулары нашар ыдыратылатын бетті-белсенділік заттар, фосфаттар, органикалық заттар (бензин, үшхлорэтилен, төртхлорлы көміртегі және басқалар), ауыр металдар тұздары болуымен сипатталады.
Машина жасау өндірістерінде ағынды сулары құю, пісіру, гальваникалык, электрмеханикалық, сырбояу цехтарында калыптасады. Ағынды сулар құрамына қалқыған заттар, фенолдар, мұнай өнімдері, хром, никель, темір, мыс, мырыш, синтетикалық беттік белсендік заттар (СББЗ , органикалық ерітінділер кіреді. Ағынды суларда кышқыл немесе сілтілік рН реакция, жоғары тотығу және оттегінің биохимиялық кажеттілігі (ОБҚ) болуы мүмкін.
Көмір өнеркөсібі. Көмірлік қиылыстардың ағынды суларының сапалық құрамы орташа тұздық құраммен және қаттылығымен, қалқыған заттармен химиялық қосылыстармен және микрофлорамен қомақты ластануымен сипатталады. Көмірлік қиылыстар ағындыларында көмірдің пирогендік ыдырауы нәтижесінде пайда болатын фенол болады. Карьерлік суларда күзгі кезеңде сульфаттардың, кальцийдің, магнийдің. натрийдің және калийдің көбеюімен байланысты минерализация жоғарылауы байқалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет