Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Қазақстан Республикасы су көздеріне қысқаша сипаттама



бет43/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   105
4.2. Қазақстан Республикасы су көздеріне қысқаша сипаттама

Қазақстан Республикасының көздерінің тұщы су қорлары орасан көп, бірақ территория бойынша үлестенуі біркелкі емес.


Өзендер республиканың негізгі су көздері болып табылады. Ірі өзендер негізінен солтүстік шығыста Ертіс өзені, батыста Орал өзені, оңтүстікте Сырдария өзені ағады. Қазақстанның көптеген өзендері, әсерісе салалары, аз сулы, жазғы уакыт кеуіп жеке көлдерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды. Оларға мұздық-қарлық бастаулардан суланатын көп өзендері бар таулық және тау баурайындағы жерлер жатпайды (республиканың шығыс және оңтүстік шығыс территориялары).
Республикада ірі көлдер (Балкаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50 000 жакын көлдер бар, олардың 32% тұщы су бар, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.
Қазақстанның жер үсті сулары минералдық құрамы бойынша 4 геохимиялык провинцияларға бөлінеді.

  1. Каспий бассейнінде сульфат-хлоридтік тұзды жинақталу: Орал өзені (Орал және Атырау қалаларынан төмен), Жем өзені (Жамбике ауылы).

  2. Арал көліне құйылу бассейнінде хлорид-сульфаттық тұз жиналу провинциясы Сырдария өзені (Көк бұлақ ауылы, Төмен Арыс станциясы, Шәуілдір ауылы, Шардара және Қызылорда қалаларынан төмен), Арыс, Бадам өзендері (Сырдария өзенінің салалары, Шу, Жезді, Кеңгір өзендері).

  3. Балкаш көліне құйылыс бассейнінде сода-сульфаттық тұз жиналу провинциясы: Іле, Қаскелең, Ақсеңгір, Ұзын Қарғалы, Күрті, Лепсі, Қаратал, Көктерек.

  4. Карск теңізінде құйылыс бассейнінде хлорид-сульфаттык тұз провинциясы: Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері.

Қазақстанның жер асты сулары негізінен 3 типте берілген: жарықтық, жарықтық қыртыстық және қыртыстық. Біріншісі солтүстік және солтүстік шығыс Балкаш маңайынын таулық және ұсақ төбелік аудандарында жиі кездеседі, орналасу деңгейінің тереңдігі 30-50 м, минерализациясы 0,1-1,0 г/л. Екіншісі Маңғыстаудың, Сарыарканың кейбір аудандарында оңтүстік және шығыс Қазақстанда, орналасу деңгейінің терендігі бірнеше метрден жүздеген метрлерге дейін, минерализациясы 0,2-0,3 г/л. Құрамы гидрокарбонат-кальцийлік, сульфаттық, хлорид-натрийлік. Үшіншісі жазықтық аудандарда, тауарлық шатқалдарда және өзендік алаптарда орналаскан. Жоғарғы горизонттарда әдетте олар қысымсыз, төменгі қатарда минерализациясы 0,2 ден 40,0 г/л дейін.
Казақстанда ең ірі су тұтынушы ауылшаруашылық, екінші орында өнеркәсіп пен энергетика, үшінші орында қалалардың коммунальдық шаруашылығы. Өзендер мен су қоймаларының орасан зор көлемі суландыруға жүмсалады. 1 т бидай өсіру үшін \500 т су, 1т күріш 7000 т артық су, 1т мактаға 10 000 т су керек. Үлкен мөлшерде су мал шаруашылығына жұмсалады.
Өнеркәсіпте су кажеттілігі көмір, металдар және басқа табиғи ресурстар сиякты болатты балқыту үшін 100 т жуық су кажет етеді. Қазіргі ірі жылуэлектроорталыктары (ЖЭО орасан зор су мөлшерін жүмсайды. Бір ғана 300 000 квт. қуатты ЖЭО секундына 120м3 немесе жылына 300 млн. м3 астам су жүмсайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет