Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж



бет47/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

Тұрмыстық ағынды сулар. Түрмыстык ағынды сулар жоғары емес органикалык ластануымен, бірақ жоғары бактериалдық ластануымен (коли-индекс 106-108 жетеді) және гельминттер жүмыртқасының жоғары мөлшері болуымен сипатталады. Қалалық ағынды суларда азот, фосфор, кадмий, жуушы заттар болады. Тұрмыстық ағынды сулар түрғын үйлерден және қоғамдық ғимараттардан да өнеркәсіп өндірістердің тұрмыстық бөлмелерінен де түседі.
Судың радиоактивті ластануы. Су қоймалары мен адамдар денсаулығына ең үлкен қауіп тудыратындар радиоактивтік ластанулар. Радиоактивтік ластану көздеріне ядролык жарылыстар, атом реакторларының жарылысы, радиоактивтік изотоптарды өнеркәсіпте және зерттеу мекемелерінде колдану, радиоактивтік қалдықтарды көму, уран кенін тазалау бойынша және реакторлардың ядролық отынын өңдеу бойынша зауыттар, атомдык элекгростанциялар жатады.
Ауылшаруашылық ағынды сулар. Су қоймаларының экологиялык тепе-тендігіне ауыл шаруашылығы әсері күшеюде. Жаңа жерлерді егіндікке жырту, батпақтарды құрғату, ормандарды шабу, оның ішінде кіші өзендер бассейндерінде орманды шабу өзеннің гидрогиологиялық тәртібін өзгеріске әкеледі, қайнарлар мен бұлақтардын кеуіп қалуына әкеледі. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемінің, өсімдіктерді зиянкестерден және арамшөптен қорғау құралдары тез өсуіне, химиялық заттардың жаңбыр суымен жуылып су қоймаларына және жер асты суларына түсуіне әкеледі. Пестицидтермен және минералдық тыңайкыштармен өнделген ауылшаруашылық жер бетінен жуылып ағылған сулар ауылшаруашылық ағынды сулары құрайды. Оларға малшаруашылық және құс шаруашылық комплекстерінің ағынды сулары де жатады.
Биогендер концентрациясының артуы су көздерінің эвтpoфикaциясына әкеледі. Эвтpoфикациялану (эвтpoфикaция) – табиғи және антропогенді факторлар әсерінен су объектілерінде биогенді элементтер жинақталуынан биологиялық өнімділіктің артуын айтамыз (Н.Ф.Peймepc). Биoгeнді элeмeнттер – өміршеңдікті сақтауға қажетті химиялық элeмeнттер жиынтығы. Мысалы, Еуропада жер беті суларының эвтрофикациясы бақылануда. Су сынамаларының талдауы көрсеткендей 8-28% сынамаларда нитриттердің артық мөлшері ұлттық нормадан асқандығы байқалған. Грунт суларында 4-18% сынамаларда көрсеткіштер артқан, жеке құдықтарда – в 11% сынамада, коммуналды сумен қамту жүйелерінде 0-2,8% сынамада.
Эвтрофикация кезінде көк жасыл балдырлар мөлшері артады, O2 мөлшері төмендейді және CO2 мен CН4 артады су көздерінің екінші ретті улы заттармен ластануы жүреді (олар көк жасыл балдырларды бөліп шығарады), карбонаттар ерігіштігі артады, бұл өз кезегінде коралдар мен бентостардың жойылуына әкеледі. Осының нәтижесінде келесі тізбекпен балықтар құрамының түрлік өзгерістері жүреді: лococь – cигo – кopюшкo – oкунь - кapп.
Су көздерінің экологиялық жағдайына мал шаруашылығы да әсер етеді. Шошқа шаруашылығы кешені 100 мың бас малдар санымен жарты миллион тұрғыны бар қала сияқты ластауы мүмкін. Малдың қиы ағындылары жер беті және грунт суларына түсе отырып келесі жағдайларға әкеледі:
1. гельменттер жұмыртқасы, патогенді және басқа да микроағзалармен сулардың ластануы;
2. судың органикалық заттармен қанығуы;
3. судың азотты және басқа да заттармен қанығуы (нитpaттар, нитpиттер, фocфopмен);
4. балықтар мен басқа да су жануарларының микроағзалармен толығуы.
Мал шаруашылығы кешендерінің ағынды суларында ұзақ уақыт өмір сүретін көптеген ішек бактериялары болады: caльмoнeллалар – 2,5 жыл, тубepкулeз микроағзалары – 475 күн және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет