13
I.1-9 жағдаяттық тапсырма
Д., спортшы, 30 жаста, бұрынғыға қарағанда, тез шаршайтынына шағымданды.
Жұмысқа қабілеттілігі өзгермеген. Зиян әдеттері жоқ. Ауыр атлетикамен 15 жыл бойы
айналысады, түрлі деңгейде өтетін спорт шараларына қатысқан. Зерттеу барысында
ағзалар мен тіндерде құрылымдық-функциялық өзгерістер анықталмады.
1.
Осы мысалда жалпы нозологияның қандай ұғымы берілген? Оған толық
анықтама беріңіз.
2. Науқаста осы жағдайдың дамуын организмнің бейімделу механизмдерінің
жеткіліксіздігімен байланыстыруға болады ма? Жауабыңызды негіздеңіз.
3. Жалпы нозологияның осы «ұғымы» «денсаулық» немесе «ауруға» өте алады
ма?
I.1-10 жағдаяттық тапсырма
Науқас Ш., 22 жаста, мұрны бітелгеніне, одан сілемейлі-іріңді шығындыларға,
иіссезімнің нашарлағанына, басы ауыратындығына, жалпы әлсіздікке шағымданды.
Анамнезінен: 3 күн бұрын түшкіру, жасаурау, дімкәстік байқалды. Риноскопия жасағанда
табылғаны: мұрынның сілемейлі қабығындағы қабыну, ісіну, әсіресе мұрын кеуілжірі
аумағында, микроциркуляция бұзылыстары. Жіті ринит диагнозы қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: