I.5-14 жағдаяттық тапсырма
А. есімді науқас, 42 жаста, жылдам дамитын, ретсіз, бақылауға көнбейтін қимыл-
қозғалыстардың пайда болғанына, олардың арнайы қимыл жасағанда күшеюіне
шағымданды. Объективті: эмоциялары өзгермелі, сөйлеуі қиындаған, бет-аузын
қисайтады, жүрісі қалыпсыз, тербелмелі. Қойылған диагнозы: Гентингтон хореясы.
1. Гентингтон хореясының тұқым қуалайтын түрі қандай?
2. Берілген тұқым қуалайтын дертті анықтау үшін қандай
диагностикалық әдісті қолдану қажет?
3.Қандай аурулардың тұқым қуалайтын түрі Гентингтон хореясына ұқсас?
I.5-15 жағдаяттық тапсырма
Дене салмағы артқан 56-жасар науқаста түнде оң I табан-бақайшақтық буынында
күшті ауыр сезімі және оның ісінуі байқалды, дене температурасы көтерілді. Күні бұрын
банкетте болып, көп ет тағамдарын және қызыл шарапты қолданды. Зерттеу барысында
қанда Несептік қышқылдың артқаны анықталды. «Подагра» деген диагноз қойылды.
1.
Подагра тұқым қуалайтын аурулардың қайсы тобына (олардың
дамуында тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортаның
арақатынастарына байланысты) жатады
2. Осы топқа тағы қандай аурулар жатады? Берілген топқа кіретін ауруларға
жалпы сипаттама беріңіз.
3. Берілген аурудың дамуын Бидл-Татум теориясының
ұстамаларына негізделе отырып түсіндіруге болады ма ? Жауабыңызды негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |