101
1.
Науқаста жаңадан дамыған клиникалық әйгіленімдерге фиброаденоманың
қатысы бар? Жауабыңызды негіздеңіз.
2.
Патологиялық процестің түрін анықтау үшін қосымша қандай зерттеулер
жүргізу қажет?
3.
р-53 геннің қызметтік бұзылысының канцерогенездегі маңызы қандай?
II.4-10 жағдаяттық тапсырма
Науқас А., 27 жаста, профилактикалық тексеру жүргізу барысында оң жағындағы
сүт безінде көлемі 0,8 х 0,5 см түйін пайда болғаны анықталды. Шағымдары жоқ.
Анамнезінен-ерте менархе (10 жасында)
байқалған, 8 рет түсік тастаған. Генетикалық
зерттеулер жүргізгенде өсуді тежеуші BRCA-I (17 хромосома) геннің делециясы
анықталды.
1.
Науқаста өспеге тән белгілер бар ма?
2. Анықталған өсуді тежеуші BRCA-I геннің делециясы нені көрсетеді? Бұл
топтағы геннің қызметтік бұзылысының канцерогенездегі маңызы қандай?
3. Әйгіленімдер өспе патогенезінің қандай сатысына сәйкес келеді?
II.4-11 жағдаяттық тапсырма
Науқас И., 57 жаста. Сол жақ сүт безінің ұлғаюына шағымданады. Объективті: сол
жақ сүт
безінің көлемі ұлғайған, тығыздалған,
бетіндегі терісі қызарған, түрі лимонның
қабығы тәрізді. Жанұялық анамнезі: анасында, үлкен апасында және анасы жағынан басқа
туысқандарында сүт безінің обыры анықталған. Науқасты
тексерген соң және ісіктік
патологиялықке морфологиялық зерттеу жүргізгеннен кейін «Сол жақ сүт безінің
біріншілік инфильтративті-ісінулік обыры» диагнозы қойылды.Науқасқа радийактивті
сәулемен емдеу тағайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: