20-сурет.
Субарахноидалды
қанқұйылулар
(ми негізі)
(Неонатология
бойынша
оқулық.//Яцык Г.В.-
М.: Медицинаның
ақпараттық
агенттілігі
–
1998 ж)
57
эритроциттердің агрегациялық қасиетінің төмендеуі кезінде пайда болатын
қан тұтқырлығының өсуі) де маңызды рөл атқарады.
Ұсақ диапедездік қан құйылулар бір-бірімен бірігіп, геморрагиялық
ошақты құрайды. Сөйтіп, олар айналасындағы нерв тіндерін қысып, мидың
ишемиясын одан әрі күшейтеді.
Айналасындағы жаңа құрылымдардың қысылуы мен олардың
ығысуынан веналық және ликворлық қанағым бұзылады. Осының
нәтижесінде мидың ісінуі байқалып, бассүйекішілік қысым жоғарылайды.
Осы өзгерістер мидың дислокациялануы мен ми бағанасының қысылуын
туындатады. Бұл процесстердің күшеюі ГИ-тің клиникалық көрінісінің
ауыр өтуімен және өлім-жітімділік деңгейінің жоғары болуымен
түсіндіріледі. Егер науқас тірі қалса, онда геморрагиялық инсульт ошағы
реттімен өзге түрлерге ауысады. Ең алдымен, құйылған қан фибринді қан
ұйындысын түзеді, содан кейін ол қоймалжың затқа айналып, кері
сорылады. Сондықтан, осы жерлерде фиброзды-кистозды қабықпен
қоршалған киста (жылауық) түзіледі.
Сонымен қатар, қан құйылған жерлерден тамыраймақтық кеңістік
арқылы қанның таралуы мүмкін. Бұл жағдайда қанның жиналуы ілкі
қансыраған аумақтардан алыс жерлерде жиі байқалады.
Сонымен, миішілік қан құйылулар кезінде ми затының бүлінуі бір
жағынан, ми тінінде қанның жиналуынан туындаса, ал, екінші жағынан
салдарлық ишемияның күшеюінен дамиды. Бұл қантамырлық спазмның
дамуымен, ми қарыншалары мен қантамырлардың ұйынды қанмен
тығындалуының нәтижесінде окклюзиялық гидроцефалияның пайда
болуымен көрінеді. Сонымен қатар, ми тінінің ұйыған қанмен қысылуынан
мидың перифокалды бөлімдері мен қозуды өткізу жолдарының функциясы
бұзылады. Тіндердегі жергілкі қанағымның азаюы және оның
айналасындағы қан құйылулар ишемиялық патобиохимиялық каскадты
іске қосады.
Субарахноидалды қан құйылулардың дамуының негізінде артериялық
гипертензия, мидың жарақаты, гемодинамикалық бұзылыстардың
әсерінен аневрималық қапшықтың жарылуы жатыр. Аневризмалық
қапшықтың қабырғасының құрылысы оның беріктігінің төмен болуымен,
бұлшықет қабығының болмауымен, гиалинозбен, серпінді талшықтардың
бөлшектенуімен
сипатталады.
Аневризманың
жарылуынан
қан
субарахноидалды кеңістікке құйылып (21-сурет), ми мен жұлынның
айналасындағы ми-жұлын сарысуына жылдам таралады. Бұл ми
артерияларының спазмы мен мидың ісінуіне әкеледі. Церебралды
ангиоспазмның салдары ретінде 50–60% жағдайда ми инфарктымен бірге
екіншілкі ишемияның дамуы байқалады. Бұл ми тіні аумағының
зақымдалуымен қатар, неврологиялық әйгіленімдермен көрінеді. Ми
ишемиясының орналасуы мен айқындылығының деңгейі спазмға
ұшыраған артериялардың құрылымдық өзгерістерінің саны және
сапасымен анықталады.
|