Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет2/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

 
 
 
 
 
«Астана медицина университеті» АҚ Оқу–әдістемелік кеңесінің 
шешімімен қосымша оқу әдебиеті ретінде бекітілген және баспадан 
шығаруға ұсынылған. 
2013 ж № ___ хаттама 
© Н.Б.Кабдуалиева, 2013 



Қысқартылған сөздердің тізімі 
 
АВМ 
АГ 
АҚ 
АТФ 
ОБТ 
МІҚҚ 
ЖНҚ 
ГАМҚ 
ГИ 
ГЭТ 
ПКҚГ 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
артерия
-
веналық мальформация 
артериялық гипертензия 
артериялық қысым 
аденозинтрифосфор қышқылы 
оттектің белсенді түрлері 
миішілік қанның құйылуы 
жоғарғы нерв қызметі 
гамма
-
аминмайлы қышқыл 
геморрагиялық инсульт 
гематоэнцефалды тосқауыл 
патологиялық 
күшейген 
қозу 
генераторы 
ИЛ 
ИИ 
МҚ 
– 
– 
– 
интерлейкин 
ишемиялық инсульт 
мидағы қанағым 
МҚБ 
– 
Ми қанайналымының бұзылуы 
МҚЖБ 
– 
ми қанайналымының жіті бұзылысы 
МҚӨБ 
– 
ми қанайналымының өткінші бұзылысы 
ЛАТ 
– 
липидтердің асқын тотығы 
ТИА 
НЖФ 
– 
– 
транзиторлық ишемиялық атака 
некроздарды жою факторы 
ОНЖ 
– 
орталық нерв жүйесі 
ЭЭГ 
– 
электроэнцефалограмма 
Nm 
– 
менингококк 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
МАЗМҰНЫ 
 
Оқу құралының бөлімдері 
Беттері 
Қысқартылған сөздер тізімі 

Мазмұны 

Кіріспе 

Глоссарий 

Мидағы қанайналымның патофизиологиясы 
19 
Мидағы қанайналымның ерекшеліктері 
19 
Инсульттердің патофизиологиясы 
24 
Құрысу синдромының патофизиологиясы. Эпилепсия.
59 
Ми қабықшаларының тітіркену синдромының 
патофизиологиясы
74 
Қорытынды 
84 
Тест тапсырмалары 
89 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
95 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Тақырыптың 
өзектілігі. 
Нерв 
жүйесі 
бұзылыстарын 
патофизиологиялық тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы, ең алдымен, нерв 
жүйесі ауруларының кеңінен таралуымен және мүгедектікке жиі 
ұшыратуымен, 
сонымен 
бірге, 
өлім-жітімділкің 
көп 
болуымен 
байланысты. Халықтың жалпы ауруларының ішінде нерв аурулары 10%-
дан 35%-ға дейінгі бөлікті құрайды. Соңғы он жылдықта еліміздің барлық 
жерлерінде нерв жүйесі ауруларымен ауыратын науқастар саны артып 
келеді. Бұл еліміздегі халықтың денсаулығына нерв жүйесі ауруларын 
туындататын қауіп-қатер факторлары: халықтың қартаюы, артериялық 
гипертензия (АГ), гиперхолестеринемия, қантты диабет, дұрыс 
тамақтанбау, гиподинамия, семіру, созылмалы күйзеліс, қолайсыз 
экологиялық жағдай, инфекциялық, вирустық және аутоиммундық 
аурулардың кеңінен таралуымен және басқа факторлардың қарқынды әсер 
етуімен байланысты.
Неврологиядағы негізгі әлеуметтік-медициналық мәселенің бірі –
инсульт және ми-қантамыр аурулары. Қазіргі уақытта барлық нерв жүйесі 
ауруларының ішінде мидың тамырлық аурулары18-20%-ды құрайды және 
өлім-жітімділік бойынша жүрек патологиясынан кейінгі екінші орынды 
алады. Ал, инсульт жалпы өлім-жітімнің 40,8%-ын құрайды. Оның 
гемморагиялық түрінде өлімнің пайыздық көрсеткіші жоғары (61,45%), ал 
ишемиялық түрінде анағұрлым төмен (21,85%) болатыны тіркелген. Қазіргі 
заманғы халықаралық зерттеулердің (STONE, Syst-Eur, NICS) деректері 
бойынша инсульттер миокард инфарктынан шамамен 30%-ға басым 
болатыны анықталған («инсульттік парадокс»). Сонымен қатар, инсульт 
жасарып қана қоймай, оның жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар адамдардың 
арасында кеңінен таралуы баршаға мәлім.
Бүкіл дүниежүзілік федерацияның неврологиялық қоғамынан алынған 
деректер бойынша дүниежүзінде ми инсультімен 15 миллионға жуық
адамның ауыратыны анықталған, олардың ішінде жылына науқастардың 
жарты бөлігі қайтыс болып, тірі қалғандарының 70-80%-ы мүгедектікке 
ұшыраған. Ми қанайналымының жіті бұзылысынан (МҚЖБ) кейінгі 
мүгедектікке ұшырау ілкі мүгедектікті туындататын барлық себептердің 
ішінде 

орын 
алады. 
Өз 
бетімен 
қимыл-қозғалыс 
жасау, 
айналасындағылармен қарым-қатынас жасау мүмкіншілігі, әлеуметтік 
қызмет көрсету (еңбекке жарамдылықтың, әлеуметтік қарым-қатынастың, 
отбасындағы рөлінің) сияқты тіршілікке икемді қызметтердің шектелуі жиі 
байқалады.
Қазақстандағы өлім-жітімнің барлық себептерінің ішінде ми-
қантамырлық аурулар онкологиялық аурулардан кейінгі 2 орынды алады. 
Инсульттің жіті кезеңіндегі жалпы өлім-жітімділік көрсеткіші 35,2%-ды 
құрайды. Бұл дүниежүзіндегі өлім-жітімділкің ең жоғары деңгейі болып 
саналады – 100000 қайтыс болған адамның 239,9 инсульттің себебінен 
өлімге ұшыраған. Ал, Жапонияда -75,8 және АҚШ-та – 48,0-ге тең. Яғни, 



осы көрсеткіштермен салыстырғанда Қазақстанда инсульттен қайтыс 
болған адамдар санының әлдеқайда жоғары екені анықталған. Тұтас 
алғанда, Қазақстан Республикасында жылына 1000 халықтың 2,5–3,7-сі 
инсультпен ауырады. Осы инсультпен сырқаттанған науқастардың 29%-ын 
еңбекке жарамды (60 жасқа дейінгі) адамдар құрайды.
Сонымен, ми инсульті моральдік, әлеуметтік және экономикалық 
шығынға ұшырататын аурулардың бірі саналады. US Census Bureau (АҚШ) 
болжамы бойынша: осы «эпидемиямен» белсенді түрде күрес жүргізбеген 
жағдайда инсульттен қайтыс болған науқастардың саны 2000-шы жылға 
қарағанда 2050 жылы 3 есеге өсетіні айтылған. 
Ми инсультінен басқа медициналық және әлеуметтік өзекті 
мәселелерге эпилепсия мен құрысу синдромын жатқызуға болады. Осы 
эпилепсия мен құрысу синдромы (19,9%) барлық неврологиялық 
аурулардың ішінде 3 орынды алады. Халықтың 7–10%-ы өздерінің өмір 
сүруі барысында афебрильді пароксизмді бір рет басынан өткеруі мүмкін. 
Қазіргі уақытта 50 миллионнан астам адам эпилепсиямен ауырады және 
оның ғаламшарда таралуы 100 мың халыққа шаққанда 5–10 жағдайды 
құрайды. Ал, Қазақстанда 1000 мың халыққа шаққанда 2,3 жағдайды 
құрайды. Науқастардың 20-30%-ы эпилепсиямен өмір бойы ауыруы 
мүмкін. 
Эпилепсиямен ауыратын науқастар санының өсуі оның әйгіленімдік, 
этиологиялық, 
патогенездік 
және 
клиникалық 
түрлерінің 
гетерогенділігімен, едәуір пайыздық көрсеткіші ақыл-естің кем болуымен 
(14-37%) және мінез-құлықтың ауытқуының түрлерімен, әлеуметтік-
психикалық 
дезадаптациямен 
және 
науқастардың 
мүгедектікке 
ұшырауымен (20%) байланысты. Сонымен бірге, ұстамалардың даму 
механизмдерін зерттей отырып, аурудың ағымы резистентті саналатын 
науқастар санының үлес салмағын (25–30%) эпилепсиялық және 
эпилепсияға қарсы жүйелердің қалыптасу процестері арқылы анықтайды.
Сонымен қатар, нерв жүйесінің инфекциялық зақымдануы да ерекше 
назар аударуды қажет етеді. Инфекциялық зақымдану нерв жүйесі 
патологиясының жалпы құрылымының 40 пайызын құрайды. Осы 
деректерге сәйкес нерв жүйесі патологиясында менингиттер мен 
менингоэнцефалиттер нейроинфекциялық аурулардың жиі кездесетін 
клиникалық түрлерінің бірі. Нейроинфекциялық ауруларды зерттеудің 
өзектілігі аурудың ағымымен, өлім-жітімділкің артуымен (10-20%), ауыр 
мүгедектікке ұшырататын (50% дейін) резидуальді салдармен және
экономикаға едәуір залал келтіруімен байланысты. Инфекциялық 
аурулардан 
туындаған 
өлім-жітімділкің 
себептерінің 
ішінде 
нейроинфекциялық аурулар 10-шы орынды алады. Ал, инфекциялық 
ауруханалардағы өлім-жітімділкің құрылымында ЖИТС-тан кейінгі 2-ші 
орынды алып жатыр. Осы айтылған деректер менингококтық инфекцияны 
туындататын этиологиялық және патогенездік факторларды оқып 
үйренудің маңызды екендігін нақтылайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет