Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет50/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

 
 
 


54 
Геморрагиялық инсульт
Геморрагиялық инсульт (ГИ)
– 
паринхиматозды (миға) қан 
құйылудың басым болуымен сипатталатын ми қанайналымының жіті 
бұзылысының нозологиялық түрі. Геморрагиялық инсульттер күндіз, 
әсіресе белсенді қызмет атқару кезінде дамиды. Сонымен қатар,
жалпымилық және ошақты әйгіленімдердің кезектесіп пайда болуымен 
сипатталады. Субарахноидалды қан құйылудың клиникалық көрінісі екі 
негізгі әйгіленімнен тұрады: жалпымилық және қабықшалық.
Геморрагиялық инсульт ИИ–ке қарағанда 
4–5 есе аз кездеседі. 
Бірақ, ГИ–тің клиникалық ағымы өте ауыр, ишемиялық инсультпен 
салыстырғанда мүгедектік пен өлім-жітімділік көрсеткіштері әлдеқайда 
жоғары. Бұл келесі факторлардың әсерінен дамиды:
 
1) құйылған қанның қосымша көлемімен ішкі кеңістіктегі қарым–
қатынастың өзгеруінен; 
2) мидың ісінуінің (гипоксияның күшеюі, ми қантамырларының 
қысылуының нәтижесінде іркілулік сипаты бар гипоксияның дамуы) және 
компрессиялық факторлардың айқындылығынан; 
3) қан және оның құрамбөліктерінің (липидтердің асқын тотығының 
ыдырау өнімдерімен белсенуі) диапедезге ұшырауынан ыдырау 
өнімдерімен уыттанудың айқындылығы; 
4) екіншілкі (салдарлық) ишемия мен гипоксияның күшеюі; 
5) вазоконстрикторлық заттектердің құйылған қанға әсер етуі. 
Миішілік қанқұйылудың (МҚҚ) негізгі түрлері 

Ми тініндегі ілкі миішілік қанқұйылуларға: миішілік гематома (19- 
сурет), микроқансыраулар жатады. Гематомалардың басым орналасатын 
жері – мидың үлкен жартышарлары (паренхиматозды қан құйылулардың 
90%-ын құрайды). Олардың 10% ми діңгегі мен мишықтың зақымдануы 
кезінде байқалады. Көбінесе, қан артериялық қантамырлардан шығады. 
Бірақ, кейде веналық қан құйылулардың дамуы мүмкін. Миішілік қан 
құйылудан өлім-жітімділік көрсеткіші 40 %-ды құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет