63
Генерализацияланған (үлкен) құрысулық талмалар.
Мидың
электрлік қозу үдерісіне таралған және жүйелік түрде қатысуының
нәтижесінде дамиды. Сонымен бірге, мидың
ортаңғы құрылымдарының
белсенуінен туындайды. Осы үлкен құрысулық талмалар айқын тонустық-
клонустық құрысулармен (grandmal), есін жоғалтумен қатар, несеп пен
нәжістің еріксіз шығуымен, тілін тістеумен сипатталады.
Фокалды құрысқақ.
Осы талмалардың
дамуында басты рөлді
ойнайтын белгілі бір фокус – эпилепсиялық ошақ пайда болады. Бұл ОНЖ-
нің органикалық зақымдануынан туындайды. Ең алдымен, ұстамалар
мидың белгілі бір құрылымдарының
бұзылумен көрінетін айқын
клиникалық және электрофизиологиялық сипат белгілерімен байқалады.
Мысалы, мидың алдыңғы бөлігіндегі орталық иірімдердің ортаңғы-
төменгі бөлімінде эпилепсияланған ошақтың орналасуынан бет пен
қолдың бір жағының клонустық құрысуы (фацио-брахиалдық ұстамалар)
дамиды.
Талмалардың моторлық, сенсорлық, вегетативтік, психикалық түрлері
болуы мүмкін. Сонымен бірге, олар құрысулармен, ерікті қимылдың толық
жоғалуымен (салданумен) және патологиялық
сезімнің пайда болуымен
көрінеді. Талмалар үшін естің сақталуы немесе оның бұзылуы (өзгеруі)
тән. Барлық талмалардың ішінде фокалды талмалар ересектерде 80%-ды,
ал балаларда 60%-ды құрайды. Парциалдық эпилепсияның самайлық
(лимбиялық) түрі ең көп зерттелген түріне жатады. Бұл кезде мидың сол
жақ
бөлімінде, яғни, самай бөлімі мен лимбиялық жүйенің басқа да
бөліктерінде эпилепсияланған ошақ жиі орналасады. Лимбиялық кешеннің
бірнеше қызмет атқаруынан самайлық эпилепсияның алуан түрлі
клиникалық көріністері байқалады. Самайлық талмамен ауыратын
науқастардың 60-70%-ында ұстаманың алдында аура (грек
тілінен
ауд. α
ὔ
ρα –жеңіл самал, желдің лебі) пайда болады. Аура – бұл эпилепсия
ұстамасының алдында білінетін өзіндік белгі, қозғалыс немесе психикалық
әсерлерді сезіну. Аура құрысулық ошақтың белсенуінің клиникалық
көрінісі
ретінде
саналады.
Бірақ,
спецификалық
эпилепсиялық
реакциялардың іске қосылуына шамасы жетпейді. Аураның пайда болуы
алуан түрлі және мидың қай бөліміндегі
қызметінің бұзылуына
байланысты туындайды. Аураның мысалдары – дене температурасының
жоғарылауы, үрейлену және жабырқау сезімінің пайда болуы, көру, есту
және иіссезімдік түйсінудің өзгеруі және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: