Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Патологиялық парабиоз 
(грек тілінен ауд. рara – жанында, маңында + bios 
– өмір) деп кез келген организмнің нервтік құрылымының өткізгіштігін 
бұзатын, 
орналасқан 
жерінің 
қозымдылығын 
күшейтетін 
және 
ауытқымайтын, стационарлық, тұрақты жағдайды айтады. Парабиоз дамуы 



нерв құрылымдарының бұзылған функцияларын өздігінен қалпына келтіру 
қасиетінің 
жартылай 
немесе 
толығымен 
жойылуы 
нейрон 
мембранасындағы натрий каналдарының бөгелісімен байланысты. 
Патологиялық күшейген қозу генераторы 
(латын тілінен 
ауд. 
generator –өндіруші) (ПКҚГ) 
– 
тым қуатты импульстер туындататын және
өзара әрекеттесе алатын гиперактивті нейрондардың агрегаты. Осы
импульстер ағынының қарқындылығы мен сипаты оларға келетін 
сигналдармен сәйкес келмейді. ПКҚГ сыртқы әсерлерден тұрақты немесе 
қосымша стимуляцияны қажетсінбей өзінің белсенділігін ұстап тұруға 
қабілетті. ПКҚГ-ның пайда болуы және олардың функциясын жүзеге 
асыру үшін белгілі бір нейрондар тобында тежеуші механизмдердің 
жеткіліксіз болуы қажет. ОНЖ-нің барлық бөлімдерінде ПКҚГ пайда 
болуы мүмкін. ПҚКГ-ның негізгі патогенездік маңыздылығы – ОНЖ-нің 
басқа құрылымдарына белсенді түрде әсер етіп, оларды патологиялық 
реакцияларға жұмылдырып, патологиялық жүйелерге біріктіруі. Оны 
патологиялық жетекші «детерминанта» деп атайды.
Денервациялық синдром
(латын тілінен ауд. de – жоқтық, болдырмау,
жою + грек. neuron – нерв) – постсинапстық нейрондарда, ағзалар мен 
тіндерде иннервация жоқ жағдайда болатын өзгерістердің жиынтығы. Осы 
денервацияланған құрылымдардың медиаторларға, биологиялық белсенді 
заттектерге, фармакологиялық дәрі-дәрмектерге сезімталдығының артуы 
тән. Бұл әсер бұлшықет талшықтарының тежеуші әсерден шығып кетуінің 
нәтижесінде дамиды. Сонымен бірге, денервация кезінде иннервациясы 
жоқ ағзалар мен тіндердің бүлдіруші факторларға резистенттілігі азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет