Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет7/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Патологиялық рефлекс
(латын тілінен ауд. reflexus – артқа қарай 
бұрылатын, тойтарыс беретін) – сыртқы немесе ішкі ортаның өзгерістеріне 
организмнің бейімделуін шектейтін рефлекстік реакция. Патологиялық 
рефлекс төзімділігімен, енжарлығымен ерекшеленеді. Икемделу-бейімделу 
рефлекстерінің (құсу, жөтелу, түшкіру, диарея) өзінде қалыптасуы мүмкін. 
Осы рефлекстердің көпшілігі онтогенездің ерте кезеңінде байқалып, кеш 


10 
кезеңінде жойылады. Тек қана ОНЖ-нің органикалық және функциялық 
зардапталуы кезінде байқалады. Клиникада патологиялық рефлекстер 
пирамидалық жолдардың зардапталуы, экстрапирамидалық патология 
кезінде, қыртысасты қызметтердің және олардың ОНЖ-нің төменгі 
бөлімдеріне реттеуші әсер етуінің бұзылуы кезінде байқалады. Сонымен 
бірге, патологиялық рефлекстерді клиникада нерв жүйесі ауруларына 
(мысалы, Бабинский рефлексі, Рассолимо рефлексі, патологиялық сору 
рефлексі және басқалар) диагноз қою кезінде қолданады. 
Тақырыбы: «Ми қанайналымының бұзылуы» 
Ми қанайналымының өткінші бұзылысы (МҚӨБ) 
– бұл 24 сағаттан 
аспайтын, ошақтық немесе жалпы милық симптомдармен көрінетін ми 
қанайналымының жіті бұзылыстары. Осы МҚӨБ-тың негізінде кез келген 
ми тамырларының бассейнінде өтпелі ишемияның дамуы жатыр. 24 
сағаттың ішінде ошақтық немесе жалпы ми симптомдарының толығымен 
қалпына келуі МҚӨБ-ның негізгі критерийі болып саналады. Негізгі 
себептеріне: ілкі және салдарлық АГ, атеросклероз жатады. 
Транзиторлық ишемиялық атака
(ТИА) – бұл қантамырлық бассейінде 
орналасуына қарай пайда болатын, жергілкі ми әйгіленімдерімен 
байқалатын ми қанайналымының жіті бұзылысы. Осындай транзиторлық 
ишемиялық атаканың пайда болуы 1 тәулікке дейін созылады. Егер осы 
ауытқулар 24 сағаттан көпке дейін созылса, онда бұл ұстама инсульт 
ретінде қарастырылады.
Инсульт 
(insilio , sultum – шабуыл жасау ) – ми немесе жұлын
қанайналымының жедел бұзылысы, ОНЖ зардапталуының тұрақты 
симптомдарының дамуы. Инсульттің түрлеріне: ишемиялық (ми 
инфаркты), геморрагиялық (миға қан құйылу) және субарахноидалды қан 
құйылулар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет