Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі



бет6/17
Дата20.12.2023
өлшемі180,53 Kb.
#141481
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Тифлопедагогика арнайы педагогиканың бөлігі болып табылады.Тифлопедагогиканың негізін салушы француз ғалымы В.Галюи және Д.Дидро болып табылады.19ғ. бойынша соқыр балаларға арналған мектептер ашылды.1917 ж. Қазан революциясынан кейін соқыр балаларға арналған халықтық білім беру жүйесінің қосымша бөлігі болды.
1928ж. 1-ші советтік соқыр балаларға арналған мектеп программалары шығара бастады.30ж.ж басында нашар көретін балаларға арналған топтық жалпы білім беру мектептерінде алғаш кластар пайда болды.Ал,30ж аяғында нашар көретін балаларға арналған тұңғыш мектептер ашылды.Бұл жаңа бағыттың дамуына Ю.Жаринцова өз үлесін қосты.30ж.осы мектептерде физика,математика,жаратылыстану пәндері оқытыла басталды.Жалпы осы тифлопедагогикаға өз үлесін қосқан және де көптеген әдістемелерін өңдеуде. Б.И.Коваленконың маңызы зор.
Есту қабілетінің төмендеуімен сырқаттанған науқастармен сұхбат жүргізу өзіндік қиындықтар тудырады. Бұл жағдайда қағазға жазу арқылы жүргізілген сұхбат өте құнды. Қағазға сұрақ пен жауап жазу, көп уақыт алғанымен, осылай жасамасқа басқа амал жоқ. Егер науқаста кинетикалық сөйлеу қабілеті болса, тез уақыт аралығында сурдоаудармашы табу қажет. Егер науқастың есту қабілеті сәл төмен болып, еріннен оқи алса, медициналық қызметкер жарық бөлмеде науқасқа бетімен қарап тұрады. Медициналық қызметкер асықпай, ақырын сөйлеуі керек. Сөйлесудің соңында, дауыс тембрін төмендетпей, ауызды қолмен жаппай, сөздерді тұрақтау үшін жесттерді қолданғаны дұрыс. Егер науқастың бір құлағы жақсырақ естісе, медициналық қызметкер соған қарай жақындап сөйлейді. Науқастың есту аппараты болса, медициналық қызметкер оны ескереді.
Ресейдегі медициналық классификация арасынан кереңдік және саңыраулық классификациясы бойынша Л.И.Нейманның классификациясы кеңінен таралды (1961).
Бұл классификацияның ерекшелігін саңыраулық диагнозы есту арнасының қабылдау көмегімен және көлеміне байланысты төрт топқа бөлінеді.
Бұл классификацияны тональдық аудиометриямен сөйлеу арқылы классификацияны белгілейміз.
I топ. Ең төменгі арнаны қабылдайтын саңырау балалар (125-150гц). Бұл балалар құлақ түбіндегі өте қатты дыбыстарға, айқайға реакция береді.
II топ. Есту арнасын қабылдайтын саңырау балалар (150-500гц). Олар о, у дыбыстарын ажырата біледі.
III топ.(125000гц) арасындағы есту арнасын қабылдайтын балалар.
IV топ. (125-2000гц) арнаны қабылдайтын балалар.
III-IV топтағы балалар жақын жердегі дыбыстарды ажырата алады. IV топтағы балалар барлық дауысты дыбыстарға, қысқа сөздерге реакция беріп, ажырата алады.
VI топтағы балалар барлық дауысты дыбыстарға, қысқа сөздерге реакция беріп, ажырата алады.
Нашар естушілік түрлі деңгейде сипатталады. Л.В.Нейман нашар еститін балалардың 3 тобын анықтады:
1.Сөйлеу диагнозы кезіндегі естудің төмендігі 50 дб-ден аспаса, есту арнасы 125-8000 гц. Мұндай балалармен сөйлесуге, қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік туады. 1 метрден артық қашықтықта тұрып, ауыз екі сөйлесуге болады. 2.70 дб. Қарым-қатынасқа түсу қиын, 1 метр қашықтықта тұрып сөйлесуге болады. 3.75-80 дб. Сөйлесуде қатты дауыстар арқылы құлақ түбінде отырып, сөйлесуге болады. Нейманның ұсынуымен 15-20 дб есту қабілеті төмен балалармен қарым-қатынас жасауға болады. Медицинада балалардың есту жағдайларын бағалау ХАЖ бойынша есту қабілеті бұзылысының классификациясын пайдаланады. Орташа деңгейдегі естудің бұзылуы 500000-2000гц арасында анықталады.
1 деңгейдегі естудің төмендеуі 40 дб аспайды.
2 деңгейдегі естудің төмендеуі 40-55 дб аспайды.
3 деңгейдегі естудің төмендеуі 55-70 дб.
4 деңгейдегі 70-90 дб. 90 дб артық естудің төмендігі саңыраулық болып табылады. Адамның есту қабілеті – оның туған кезінен бастап әрекет етеді. Әр түрлі биіктіктегі немесе тербелмелі жиіліктегі дыбыстарды қабылдай алады. Адамдар төменгі шегі, секундына жиілігі 16 тербеліспен жоғарғы шегі секундына 2000 тербелісті қабылдайды.
Біздің есту мүшеміздің сезімталдығы өте жоғары. Дұрыс есту қабілеті бар адамдар дабыл жарғағының өте аз тербелісін тудыратын дыбыстарды ести алады. Адам жасының ұлғаюына сай дыбыстардың сезімталдығы өзгереді.
— 20-15 жаста есту қабілеті өте жоғары.
— 40 жаста 2000 гц
— 40-60 жаста 2000 гц
— 60 жастан кейін 1000 гц


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет