Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет113/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Капиталдың миграциясы
 

бұл 
белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің 
экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі. Оның басты 
себебі: бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көр болуы, яғни оның 
шектен тыс көп жинақталуы. Капитал миграциясының түрлері көп:
-
жеке меншік жəне мемлекеттік капитал миграциясы;
-
ақша жəне тауар капитал миграциясы;
-
қысқа жəне ұзақ мерзімдегі миграциясы;
-
қарыз жəне кəсіпкерлік капитал миграциясы.
Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан, несиеден түсетін процент көлемінде 
табыс əкеледі. Кəсіпкерлік капиталды шетке шығару
-
басқа елдердің 
территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау. Кəсіпкерлік капитал 
екі түрге бөлінеді:

тікелей инвестиция 

өнеркəсіп, сауда т.б. салаларға бағытталған;

портфельдік инвестиция
-
шетелдік облигация, акция мен басқа да құнды 
қағаздарға бағытталған.
Валюталық бағам
 

бір елдің ақша
бірлігінің басқа елдердің ақша 
бірліктеріне бейнеленген бағасы. 
Валюта қатынастары тарихында 
үш
 
валюта
 
жүйесі
белгілі:


~180~ 
1.
Алтын стандарты негізінде 1879
-
1934 жылға дейін: ақша бірлігінде 
алтын үлесінің болуы, алтын қоры мен ішкі ақша ұсынысының тең болуы, 
осының
нəтижесінде мемлекет валюталық курсты қатал шектеуде ұстап 
отырады.
2.
Бреттон Вуд жүйесі 194
4-
1971 ж. ақша айналымына алтын
девиза 
енгізілді, яғни мұндай өлшеуіш алтынның орнына алтыны аз елдердің кейбір 
ұлттық немесе бірлескен валюталардың жүруіне жол берілді. (алтын
-
доллор 
стандарты)
3.
1971 жылдан бастап
дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық 
валюта мен біріккен валюта атқара бастады да бұл жүйе 

еркін өзгеріп
отыратын 
валюталық бағам
жүйесі деп аталды, яғни валюталық курс мемлекет əсерін 
тигізіп отыратын сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп отырады.
Валюталық бағамды
реттеу үшін 

негізгі
 
тəсіл
қолданылады:
1.
Валюталық интервенция

валюталық нарыққа мемлекеттің араласуы. 
Валюталық сұраныспен ұсынысты қажетті бағытқа өзгерту үшін мемлекет осы 
валютаның қажетті санын сатады немесе сатып алады.
2.
Валюталық бақылау жүргізу, яғни егер елде шетелдік
валютаның көлемі 
кемісе, оған
сұраныс өссе, оның өсуін баяулату үшін валютаның легін ішкі
нарықта қайта бөлуге кіріседі.
3.
Сыртқы сауданы бақылау арқылы валюталық сұраныс пен ұсынысқа 
жанама түрде мемлекет ықпалын жүргізеді.
4.
Ішкі макроэкономикалық реттеудің əртүрлі шаралары бойынша 
валютаның айырбас пропорциясына мемлекет əсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет