~208~
ұйымдасқан олар бір
-
біріне бағынбайды, бірақ бір
-
бірімен өзара тығыз
байланыста болады.
Осылайша, билікті бөлу
-
бұл ортақ мемлекеттік билікті заң шығарушы,
атқарушы жəне сот билігіне бөлу; құрылымдық
-
қаржылық дербестік жəне бір
биліктің екінші биліктің үстінен билігін болдырмай жəне олардың тиімділігі
өзара əсерін қамтамасыз ету өкілеттілігі берілген əр мемлекеттік биліктің
тəуелсіздігі болуы.
ҚР мемлекеттік биліктің бірлігі мемлекет басшысы жəне оның жоғарғы
лауазымды тұлғасы болып табылатын Президент қамтамасыз етеді. Осылайша,
ҚР Президенті Барлық билік тармақтарының үстінде тұрады, бірақ өзінің
өкілеттілігі бойынша атқару билігіне басады. ҚР демократия идеологиялық жəне
саяси алуан түрлілік принциптері негізінде жүзеге асырылады.
Саяси алуан түрлілік (плюрализм)
-
бұл конституция шеңберінде əрекет
ететін барлық саяси партиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдардың саяси
процеске қатысудың тең мүмкіндігін қамтамасыз етуді қарастыратын саяси
ойлар мен саяси əрекеттердің еркіндігі жəне көп партияның болуы, сондай
-
ақ
азаматтардың кез келген партияға кіру немесе еш қайсысына кірмеу құқығы.
Саяси плюрализм
-
бұл конституция шеңберінде əрекет ететін кез
-
келген
партияның құрамына кіру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар ешқайсысына
кірмей, партиясыз болу. Ол идеологиялық біркелкілікпен сыйымсыз жəне тек
идеологиялық алуан түрлілік жағдайында жүзеге аса алады.
Идеологиялық алуан түрлілік (плюрализм)
-
бұл идеологиялық жəне рухани
құндылықтарды таңдау еркіндігі жəне қоғамда мемлкеттік немесе міндетті
идеологияны бекітуге тиім салу. Бұл саяси плюрализмді жүзеге асыру шарты
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: