Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет139/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   200
Баланың құқықтары. 
Баланың отбасында өмір сүру жəне тəрбиелену 
құқығы. Он сегіз жасқа (кəмелетке) толмаған адам 
бала
деп танылады. Əрбір 
баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге жəне тəрбиеленуге құқығы, 
өзінің ата
-
анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің 
мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға 
құқығы бар. Баланың өз ата
-
анасында тəрбиелеуіне, оның мүдделерін 
қамтамасыз етуіне, жан
-
жақты өсіп
-
жетілуіне, оның адамдық қадір қасиетінің 
құрметтелуіне құқығы бар. Ата
-
анасы болмаған жағдайда, оларды ата
-
ана 
құқығынан айырған жағдайда жəне ата
-
ана қамқорлығынан айырылудың басқа 
да жағдайларында баланың отбасында тəрбиелену құқығын, белгіленген 
тəртіппен 
қорғаншы
жəне 
қамқоршы
орган қамтамасыз етеді.
Баланың ата
-
анасымен жəне басқа да туыстарымен қарым
-
қатынас 
жасау құқығы. 
Баланың ата
-
анасының екеуімен де, аталарымен, əжелерімен, 
аға
-
інілерімен, апа
-
сіңлілерімен (қарындастарымен) жəне басқа да туыстарымен 
қарым
-
қатынас жасауға құқығы бар. Ата
-
анасы некесінің бұзылуы, оның 
жарамсыз деп танылуы немесе ата
-
анасының бөлек тұруы баланың құқығына 
əсер етпеуге тиіс. Ата
-
анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың 
əрқайсысымен қарым
-
қатынас жасауға құқығы бар. Ата
-
анасы əр түрлі 
мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата
-
анасымен қарым
-
қатынас 
жасауға құқығы бар. Қиындық жағдайына (ұсталу, тұтқындалу, қамауға алыну, 
емдеу мекемесінде болу жəне т.с.с.) ұшыраған баланың заңда белгіленген 
тəртіппен өзінің ата
-
анасымен жəне басқа да туыстарымен қарым
-
қатынас 
жасауға құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет