Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет134/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Зайырлы
 
мемлекет
. Зайырлы мемлекет мемлекеттің шіркеуден 
бөлінгендігін, олардың қызмет шеңберін шектелгендігін (сонымен қатар мектеп 
те шіркеуден бөлінген, бұл мемлекеттік құрылымның зайырлылық сипатымен 
қамтамасыз етіледі), сондай
-
ақ қандай да бір діннің мемлекеттік немесе міндетті 
болып бекітілуіне тиым салынудан көрінеді. 
Қазіргі əлемде мемлекеттік деп танылған ресми діні заңдастырылған 
мемлекеттер де бар. Мемлекеттік (ресми) дін деп шіркеуді мемлекеттің ресми 
ұйымының бір бөлігі деп тануды айтады. Бұл мемлекеттің шіркеуді 
қаржыландыруынан, дін қызметкерін тағайындауға қатысуынан, секталарды 
қолдаудан шіркеудің ішкі қызметін реттеуден жəне шіркеудің некені, тууды, 
өлімді тіркеу сияқты кейбір мемлекеттік фунцияларды жүзеге асыруын 
тануынан байқалады. Мысалы, Англияда мұндай дін англикан, Израилда
-
иудей 
діні жəне тағы басқалар
болып табылады. Кейбір елдерде дін мемлекеттік жəне 
əлеуметтік институттардың қалыптасуы мен қызмет етуіне əсер етеді. Исламдық 
Иран Республикасы жəне басқа ислам мемлекеттері діни канондардың 
үстемдігін жариялады, ал оның мемлекеттік механизмі ислам құрылымымен 
терең араласқан жəне халықтың рухани көсемінен тəуелді. 
ҚР зайырлы мемлекет ретінде діни ұйымдардың мемлекеттен 
бөлінгендігімен сипатталынады. Мемлекет ісіне діни қоғамдық ұйымдардың 
араласуына жол берілмейді жəне мемлекеттік органдардың діни ұйымдардың 
ісіне араласуына жол берілмейді. 
Азаматтар қандай дінге сенсе де саяси құқықтарды пайдалана алады. 
Құдайға сенетіндер де діни қызметкерлер де мемлекеттік органдарға азамат 
ретінде сайлана алады. Конституциялық құрлысты күштеп өзгертуге 
Республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекетке қауіп төндіруге, діни 
қақтығыстарды тудыруға бағытталған əрекеттері немесе мақсаттары бар діни 
ұйымдарды құруға тиім салынады. Мемлекеттің діннен бөлінгендігі мемлекеттік 
оқу орындарында діни қағидалармен оқу жүргізуге тиім салынғандығынан 
көрінеді. 
Сонымен қатар мемлекет діни ұйымдардың заңдық қызметін қорғайды. 
Діни ұйымдардың уставтары ҚР юстиция органдарында тіркеледі. Діни 
ұйымның уставын тіркеген мемлекеттік ұйым олардың өздерінің уставтарын 
орындауына бақылау жүргізіп отырады. Бұл орган қабылданған шешімдерді 


~213~ 
талап етуге, діни ұйымдардың өткізетін шараларына қатысу үшін өздерінің 
өкілдерін жіберуге, уставтың орындалуымен байланысты сұрақтар бойынша 
оның мүшелерінен түсінік алуға құқығы бар. 
Мемлекеттің зайырлылық сипатын мемлекеттің діни ұйымдарды 
қаржыландырмауынан да көруге болады. Заң алдындағы діни ұйымдардың 
теңдігі ешқандай дін немесе діни ұйымдар ешқандай артықшылықты 
пайдаланбайтындығынан жəне басқамен салыстырғанда ешқандай шектеуге 
тартылмайтындығынан көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет