Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет174/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   200
2) Əділет министрлігі
 
Əділет министрлігі ҚР Үкіметінің құрылымына енетін орталық атқарушы 
орган болып табылады. Оның қызметі республикалық бюджеттен бөлінген 
қаржы есебінен жəне өзге де заңнамалармен тыйым салынбаған көздерден 
қаржыландырылады. Министрлікті Премьер
-
министрдің ұсынымы бойынша ҚР 
Президенті лауазымға тағайындайтын жəне босататын Министр басқарады. 
Əділет
министрлігінің орталық аппараты департаменттерден, агенттіктерден 
жəне негізгі міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін басқа да құрылымдардан 
құралады. Оларға: заңнамалар жəне халықаралық құқықтар департаменттері; сот 
қызметін ұйымдастырушы сот сараптамсы
жəне атқарушы өндірісі; заңдық 
қызмет көрсету; қаржылық жəне ресурстық қамтамасыз ету ұйымы; ішкі 
əкімшілік жəне жылжымайтын мүлікті жəне заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі 
агенттігі жатады. Бұл құрылымдардың əрекеті олар туралы ережеге сəйкес 
реттеледі.
Əділет органдарына келесі міндеттер жүктелген: заңжобалық, талдау, 
жетілдіру, заңнаманы жүйелендіруді жұмысын жүргізу; нормативтік құқықтық 
актілерді құқытық сараптау; соттар жұмысын ұйыдастыру, кадрмен жəне 
материалдық
-
техникалық қамтамасыз ету; азаматтық даулар бойынша, сондай
-
ақ келген материалдық нұқсанның орнын толтыру жөніндегі қылмыстық істер 
бойынша атқарушы өндірісті қамтамасыз ету; сот
-
сараптамалық қызметті 
ұйымдастыру; ҚР халықаралық келісім дайындауын жəне келісім жасасуын 
құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмек берумен байланысты 
шараларды үйлестіру; мемлекеттік тіркеу жүргізу; заңды тұлғаларды, 
жылжымайтын мүлікке жəне оларға қатысты мəмілені; құнды қағаздар 
эмиссиясын; нормативтік құқықтық актілерді; құқықтық көмек жəне заңдық 
қызмет көрсетуді ұйымдастыру; құқықтық насихаттау мен құқықтық жалпы 
оқытуды ұйымдық 

əдістемелік қамтамасыз ету; заңнамамен жүктелген өзге де 
міндеттерді орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет