Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет175/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

3)
Прокуратура
Прокуратура қызметі көп қырлы жəне мазмұндылығы жағынан маңызды. 
Ол қоғамдық қатынастардың заңнамалық реттеуді талап ететін көптеген 
салаларын қамтиды. Құқықтық нормаларды қолданған кезде туындайтын 
қандайда болмасын мəселе прокуратураның (юрисдикциясынA)хұкімі шегіне 
енеді. Прокуратураның барлық органы Бас прокурорға бағынады. Прокурордың 
лауазымды атқару мерзімі белгіленбеген. Бас прокурор 5 жыл мерзімге 
тағайындалады. 
Прокурорды тағайындаудың басты себебі, құқық бұзушыларға, құқық 
бұзушылыққа жəне олардың салдарларына императивтік ықпал етудің мейлінше 


~257~ 
тиімді демократиялық əдісін қолданып, сондай
-
ақ елдегі заңдылықтың 
нығайюына жəрдемдесу болып табылады. Прокуратура құзыреттігі: қылмыспен 
күресте басты ұйымдастырушы жəне үйлестіруші болады; тергеу, анықтау жəне 
жедел іздестіру қызметін жүргізуге құзырлы барлық мемлекеттік органдар 
қызметінің заңдылықтарын бақылайды; тұтқындау жəне барынша маңызды 
тергеу əрекетіне санкция береді; жазаланушыны сотқа береді; мемлекеттік 
айыптауды қолдайды; заңда қарастырылған жағдайларда азаматтық 
процесстерде арыз беруші тарапынан басты процессте айыптаушы
жақ болады; 
қылмыстық жəне азаматтық істер бойынша наразылық білдіру құқығына ие; 
басқа да өкілеттіліктер атқарады.
4) Прокурорлар келесі қадағалау түрлерін жүргізеді
 
Адам жəне азаматтың құқықтары мен бас еркіндіктерін, заңды тұлғалар 
мен мемлекеттің мүдделерінің сақталуын қадағалау; жедел іздестіру қызметін 
қадағалау; тергеу жəне анықтау заңдылықтарын қадағалау; əкімшілік істердің 
заңдылығын қадағалау; атқарушы істердің заңдылықтарын қадағалау; сот 
қаулыларының заңдылықтарын қадағалау. Қадағалау міндетінен басқа 
прокуратура басқа міндеттерді атқарады
-
бұл қылмыстық іздестіру жəне сотта 
мемлекет мүддесін қорғау. Прокурор жүзеге асыратын қылмыстық іздестіру 
қылмыс жасаған тұлғалардың кінəсын мойындату, сондай
-
ақ оларға жаза 
қолдану немесе басқа да қылмыстық
-
құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды 
қамтамасыз ету. Прокурор бұл ретте, анықтау жəне алдын
-
ала тергеу органы 
сияқты жеке тергеу əрекеттерін жасауға, оларды жүргізу туралы тапсырма 
беруге құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет