Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


) Ұлттық қауіпсіздік комитеті



Pdf көрінісі
бет177/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

6) Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҚР Президентінің 1997 жылғы 5 қарашадағы «Ұлттық қауіпсіздікті 
нығайту, ұйымдасқан қылмыспен жəне сыбайлас жемқорлықпен күресті одан əрі 
жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен мемлекеттік тергеу комитеті 
таратылған. Жауапты мемлекеттік лауазымдар атқаратын тұлғалардың, əскери 
қызметкерлердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, арнаулы 
қызметтер мен соттардың ұйымдасқан қылмысқа қарсы, сондай
-
ақ қылмыстық 
қоғамдастық жүзеге асыратын контрабандамен жəне есірткі бизнесімен күрес 
жөніндегі өкілеттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді. Ұлттық қауіпсіздік 
комитетін Парламент Сенатының келісімімен ҚР Президенті лауазымға 
тағайындап, лауазымнан босататын Төраға басқарады. Ол қызметтің негізгі 
бағыттарына сəйкес келетін басқарма жəне бөлімдерден тұратын аппаратқа 
орынбасарлар қабылдайды.
7) Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне:
Мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 
мемлекеттік саясатты əзірлеуге жəне жүзеге асыруға қатысады; ҚР аумағындағы 
барлау жəне басқа да шетел мемлекеттерінің жəне жекелеген тұлғалардың 
жауыздық əрекеттерін анықтап, жолын кесу бойынша жұмыс жүргізеді; 
террорлық жəне конституциялық құрылымды зорлықпен өзгертуге, шекара 
тұтастығын жəне мемлекет қауіпсіздігін бұзуға бағытталған басқа да əрекеттерді 
анықтау, ескерту жəне жолын кесу; олардың əрекетіне қатысты қылмысты 


~259~ 
анықтау, жолын кесу, ашу жəне тергеу; мемлекеттік органдарды, ұйымдарды 
жəне əскери құрылымдарды шифрлық жəне кодтық байланыспен қамтамасыз ету 
енеді.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының құқықтары: аса күрделі қылмыстық 
істер бойынша, ауыр жəне ерекше ауыр қылмыстар, жоғарыда аталғандардан 
басқа, сондай
-
ақ конституциялық құрылым мен мемлекет қауіпсіздігіне, 
терроризмге қатысты қылмыстар туралы істер бойынша алдын
-
ала тергеу 
жүргізу; жекелеген жағдайларда анықтау жұмысын жүргізеді, мысалы 
экономикалық контрабанда, айналымнан алынып, шектелген (біліксіз құрамдар) 
препараттар немесе бұйымдармен кантрабанда туралы істер бойынша.
Аталған органдар қылмыстық іс қозғаған жағдайда: ҚР Президентінің 
«Жедел
-
іздестіру қызметі туралы» Жарлығы
қарастыратын жедел
-
іздестіру 
шараларын жүргізеді; қамауға алу шараларын қолдану туралы шешім 
шығарылған қылмыс жасаған деген күдікті тұлғаларды ұстау үшін тергеу 
изоляторы бар; əртүрлі салада сараптамалық
-
криминалистік зерттеулер 
жүргізеді; қызметіне штаттан тыс еріктілерді тартады; арнаулы күзетілетін 
нысандарға кіруге талпынумен байланысты əкімшілік құқық бұзушылық 
жасаған тұлғаларды ұстайды; бақылау жасайды, мемлекеттік, коммерциялық 
жəне банк құпияларын жəне өзге де заңмен қорғалатын құпияларды сақтауды 
қамтамасыз ету мəселелері бойынша əдістемелік жəне практикалық көмек 
көрсетеді; ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінің, олардың 
бөлімшелерінің ведомстволық, жайларының жəне көліктерінің құрпиялылығын 
сақтау мақсатында басқа мемлекеттік органдармен ұйымдардың құжаттарын 
пайдалана алады; заңмен көрсетілген жағдайда күш, сондай
-
ақ қару мен арнаулы 
құралдар қолдана алады; заңмен көрсетілген басқа да əрекеттер орындауға 
құқылы.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының қызметі заң презумпциясы

дара басшылық, барлығының заң алдында теңдігі, саяси партиялар жəне басқа 
қоғамдық бірлестіктерге қатысына қарамастан азаматтардың құқықтарын 
сақтауға жəне бас бостандықтарын құрметтеуге сəйкес құрылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет