Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет176/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   200
5) Ішкі істер министрлігі
Ішкі істер органдарының қызметі ҚР Конституциясымен, ҚР 
Президентінің ҚР ішкі істер органдары туралы заң күші бар Жарлығымен жəне 
басқа да қайшы келмейтін нормативтік актілермен реттеледі. Оларға сəйкес ішкі 
істер органдары қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету, адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бас бостандықтарына 
қол сұғудың алдын алу, қылмыстық жəне басқа құқықтық қарсы əрекеттерді 
болдырмау жəне жолын кесу, қоғам мен мемлекеттің мүделерін қорғау бойынша 
атқарушы жəне реттеуші міндеттерді жүзеге асырады. Ішкі істер министрлігін 
бір мезгілде ішкі əскерлер қолбасшысы болып табылатын Ішкі істер министрі 
басқарады. Оны лауазымға Премьер
-
министрдің ұсынымы бойынша Президент 
тағайындайды. Министр қол астындағы ведомстволарға басшылық жасайды.
Қазіргі уақытта
ІІМ жүйесінде келесі ведомстволар қызмет етеді: 
криминалдық полиция департаменті (оған қылмыстық іздестіру жəне жедел 
қызмет қызметтері енеді). Департаменттің басты міндеті
-
анықтау, тыйым салу 
жəне қылмысты ашу; тергеу департаменті
-
қылмыстық істерді тергеу мен 
анықтау жүргізумен айналысады; криминалистік бөлімшелер
-
заттай айғақтарды 
алу жəне қажетті жедел зерттеулер жүргізуде тергеуге көмектеседі; əкімшілік 
полициясының департаменті əкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын
-
алуды 
жүзеге асырады; патрульдік полиция департаменті көшедегі жəне қаланың, елді
-
мекендердің қоғамдық орындарындағы қоғамдық тəртіптің сақталуын 


~258~ 
ұйымдастырады; жедел
-
техникалық қызмет департаменті ІІМ
-
ін ақпараттық 
жəне жедел
-
техникалық қамтамасыз ету жұмысын атқарады.
Мемлекеттік күзет қызметі департаменті барлық күзет жүйесі 
ведомстволарының жұмысын басқарады; арнаулы полиция департаменті 
арнаулы нысандардағы құқықтық тəртіпті қамтамасыз етеді (арнаулы милиция 
бөлімшесі негізінде құрылған); қылмыстық
-
түзеу жүйесі департаменті еңбекпен 
түзеу мекемелерінің қызметін ұйымдастырады; тыл, қаржылық қамтамасыз ету 
департаменті ІІМ қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері: қоғамдық тəртіпті қорғау жəне 
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; қылмысты болдырмау, анықтау, 
қылмыстың жəне басқа да құқық бұзушылықьың жолын кесу; қылмыстық істер 
бойынша анықтау жəне алдын
-
ала тергеу жүргізу; əкімшілік құқық 
бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу; қылмыстық жəне əкімшілік 
жазалауды орындау; бас бостандығынан айыру орындарындағы құқытық 
тəртіпті қамтамасыз ету жəне ерекше түзім қалыптастыру, əкімшілік жазаға 
тартылғандарды ұстау; кəмелетке жасы толмағандар құқықбұзушылығын, 
бақылаусыздықты анықтау жəне болдырмау; жол қозғалысы қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету жəне сақталуын бақылау; төлқұжаттық жəне визалық жұмыс 
жүргізу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан 
аумағына келу ережелерін сақтауды бақылау; басқа да заңнамамен белгіленген 
міндеттер. Ішкі істер органдарының қызметі құқық қорғау қызметіне тəн, оның 
ішінде: заңдылық, дара басшылық, жүйенің тұтастығы, жариялылық, басқа 
құқық қорғау органдарымен өзара əрекеттесу, ұйымдармен жəне азаматтармен 
əріптесу сияқты жалпы принциптермен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет