Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет23/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   200
 
Өзін
-
өзі
 
тексеруге
 
арналған
 
сұрақтар
 
1. 
Экономикалық
 
жүйе
 
дегеніміз
 
не
?
 
2. 
Экономикалық
 
жүйе
 
типтерінің
 
бір
-
бірінен
 
айырмашылықтарын

үлгілері
 
туралы
 
түсінік
 
беріңіз
.
 
3. 
Əлемдік
 
экономикалық
 
əдебиеттерде
 
экономикалық
 
жүйені
 
топтаудың
 
кең
 
таралған
 
екі
 
факторын
 
атаңыз
.
 
 
Өзіндік
 
жұмысқа
 
арналған
 
сұрақтар
 
1.
 
Еркін
 
бəсекелестік
 
экономикада
 
қалай
 
сипатталады
?
 
2.
 
Əміршіл
-
əкімшіл
 
экономиканың
 
кемшіліктері

3.
 
Денсаулық
 
сақтаудың
 
негізгі
 
үлгілерін
 
атаңыз

4.
 
Қазақстанда
 
денсаулық
 
сақтау
 
жүйесінің
 
үлгісі
 
қай
 
үлгіге
 
сəйкес
 
келеді
?
 
 
 


~43~ 
Қоғамдық
 
шаруашылық
 
нысандары

Тауар
 
өндірісі

Ақша
 
 
Адамзат қоғамының
тарихында қоғамдық өндірістің екі түрі қалыптасып 
келеді. Олар: натуралдық шаруашылық жəне тауарлы шаруашылық. 
Натуралды 
шаруашылық қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып 
табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал

сайманының 
қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіндік 
береді. Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік жəне 
феодалдық өндіріс əдісінде басым болады. Алғашқы қауымдық құрылыстың 
ыдырауы кезеңінде еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналады. Бұл мал 
шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек 
өнімділігінің өсуіне жəне өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып 
келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, 
тауар өндірісінің дамуына түрткі болды. Кейінірек қол өнерінің егіншілікпен 
бөлінуі жəне сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда 
болуына жағдай жасады.
Тауар өндірісі капиталистік өндіріс əдісінде өзінің дамуының жоғарғы 
түріне қол жеткізеді жəне жалпылама сипатқа ие болады. Өндірісті 
ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргі жағдайда да орын алуда. Мысалы, 
бақшагердің натуралды шаруашылығы

өнімді тек өзі үшін өндіру, егер өнімнің 
бір бөлігін сату үшін бағыттаса, онда ол ұсақ тауар өндірісіне айналады. Қазіргі 
қоғамдық өндіріс

бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген еңбек бөлінісінің 
болуы жəне оның мамандануы. Тауар өндірісінің пайда болуы төмендегідей үш 
белгісі
бойынша жүзеге асады:
1.
Ең ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы;
2.
Алғашқы тұрмыстық қауымдастықта жеке меншіктің пайда болуы;
3.
Тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.
Тауар өндірісінің екі түрі
бар: жай жəне капиталистік. Олар бір типті, 
себебі олардың негізінде өндіріс құрал

жабдығына деген жеке меншік жатады 
жəне ол екеуіде өнімді сату үшін өндіреді. Соған қарамастан олардың арасында 
айырмашылықтар бар. Жай тауар өндірісінде өнім тауар өндірушінің еңбегімен 
жасалады. Мұнда жұмыс күшін жалдау жоқ. Капиталистік тауар өндірісінде 
өнімді өндіріс құрал

жабдығы жоқ жалдамалы жұмысшы жасайды. 
К. Маркс өзінің ғылыми зерттеуін тауарды талдаудан бастайды, себебі ол 
тауар өндірісінің қарапайым түрі болып табылады. Ол экономикалық 
құбылыстар мен үрдістерді
зерттеуді осыдан бастауының себебі, тауар тым 
ертеде пайда болды. “Тауар” категориясына дейін тарихта “игілік” ұғымы 
болған, ол заттардың адамзаттың белгілі қажеттілігін қанағаттандыру 
қабілеттілігін көрсетеді.
Экономикалық əдебиеттерде “игілік” категориясы 
əртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, ағылшын экономисі, Кембридж мектебін құрушы 
А.Маршалл (1842
-
1924 ж.) “Саяси экономия принциптері” (1890 ж.) кітабында 
игілікті адамның барлық көңілі ауған заттарын түсінген жəне ол адамның 
қажеттілігін қанағаттандыру қажет.
Игіліктің бұл анықтамасы толық емес, себебі 
ол затпен жəне ұсақ
-
түйекпен ғана шектеледі. Игілік қоғамдық
ұдайы өндіріспен 
байланысатын болса сирек кездесетін
(шектелген) болып есептелінеді. Адамның 


~44~ 
сұранымын қанағаттандыру үшін көп уақыт жұмсалса, шектелілік дəрежесі тым 
жоғары болады. 
Игілік экономикалық жəне экономикалық емес
болып
екіге бөлінеді. 
Экономикалық игіліктер əрқашан шектеулі болады. Алғашқы рет 
“экономикалық игіліктер” ұғымын ғылымға енгізген итальян экономисі А. 
Пезенти (1910
-
1973 жж.) болатын. Табиғатта белгілі игіліктер (ауа, жер, жарық, 
климат) бар жəне оларды адамдар күш

қайратын жұмсамай
-
ақ, қолдануға 
болады. Осы игіліктерді экономикалық емес игіліктер деп атаймыз. 
Экономикалық игіліктердің ерекше түріне тауар жатады. “Тауар” ұғымы
тым ертеде пайда болған. Ол көшпенді түрік тайпаларынан алынған жəне сөзбе
-
сөз алатын болсақ “мүлік”, “жақсылық” мағынасын білдіреді. Ал экономикалық 
теорияда “тауар” сөзі ерекше мəнге ие, ол адам қызметінің нəтижесі бола алатын 
өнім, яғни айырбас үшін немесе сатуға, сатып
-
алуға бағытталған өнім. Маркстік 
теория бойынша: “тауар” ең алдымен адам іс

əрекетінің өнімі, ол өзінің 
қасиетімен адамдардың қандайда бір тұтынысын қанағаттандырады. “Өнім тауар 
болу үшін басқа адамның қолына берілуі қажет жəне ол айырбастаудың 
арқасында кейбіреулерге тұтыну құны ретінде қызмет етеді”. Осыдан 
байқайтынымыз, кез келген еңбектің өнімі тауар бола алмайды, тек айырбастау 
үшін, сату, сатып алу үшін арналады. Экономиканың қазіргі өкілдері “тауар” 
ұғымын басқаша түсіндіреді. Олар тауарды экономикалық игілік ретінде 
қарастырады жəне шектеулі мөлшерде барлығын, айырбас үшін арналғандығын 
айтады, сөйтіп одан төлем қабілеттілігі сұранымы талап етіледі. Австрия 
экономисі Карл Менгердің (1840
-
1921 жж.) ойынша, экономикалық игіліктердің 
тауар болуы оның қозғалу қабілетіне тəуелсіз, оны сатуды ұсынатын адамға, 
оның материалдығына жəне еңбектің өнімі ретінде сипатына тəуелсіз. Себебі ол 
міндетті түрле айналым үшін арналған.
Маркстің ойынша, тауар екі қасиетті иеленеді: біріншіден, адамның 
қандайда бір қажеттілігін
қанағаттандыруы, екіншіден, зат бола отырып, басқа 
затқа айырбасталу қабілеттілігі. Заттың пайдалылығы, оның адамның 
сұранымын қанағаттандыру қасиеті

яғни тұтыну құны деп аталады. Кейбір 
тұтыну құны адам сұранымын тікелей қанағаттандырса (тамақ, киім, тұрғын
-
үй 
жəне т.б.), басқалары
-
жанама (көлік, құрал
-
сайман, өндірістік ғимараттар жəне 
т.б.) қанағаттандырады. Тұтыну құнына ие болған тауар, құнға да ие болады. 
Құн

тауарға сіңген қоғамдық еңбек пен айырбас арқылы байқалады. Құн 
айырбас құнымен тығыс байланысты. Құн
-
тауардың ішкі қасиеті болып табылса, 
айырбас құны

бұл тауардың сыртқы көрінісі. Тауар өндірушілердің тауарға 
сіңген еңбегі тек жанама жолмен, яғни, бір тауардың басқа тауарларға 
айырбасталуы арқылы көрінеді. Айырбас құны сандық арақатынасты немесе 
пропорцияны байқатады, соның негізінде əртүрлі тауарлар айырбасталады. 
Құнның еңбек теориясын жақтаушылардың ойынша, айырбасқа түсетін 
тауарлардың еңбек шығындары түрінде жалпы негізі бар, сол құнды анықтайды 
деп санайды. Құнның еңбектік теориясы XVIII

XIX ғасырларда 
қалыптасқан.Оның негізін саяси классиктердің еңбегінен көруге болады. Олар 
тауардың құнын, оны өндіруге кеткен шығындармен анықтайды. К. Маркс жəне 
Ф. Энгельс құнның негізін қоғамдық абстракциялық еңбек деп анықтайды. 


~45~ 
К.Маркстің ойынша, тауар өндірушінің еңбегі екі жақты сипатқа
ие болады: 
тұтыну құнын жасайтын пайдалы еңбек; адамның жұмыс күші шығындары, 
оның жалпы еңбегі. Тұтыну құнын жасайтын еңбек нақты еңбек деп аталады. 
Адамның жұмыс күші шығындарынан тəуелсіз еңбек абстрактылы еңбек деп 
аталады. Оған мысалы, адамның еңбек ету кезіндегі жұмсаған энергиясы, ойлауы 
жатады. Құн өлшеміне əртүрлі көз қарас болған. А.Смит құн өлшеміне жұмыс 
уақытын алған, ал Д. Рикардо тауар өндірісіндегі, өндірістің нашар 
жағдайындағы жұмыс уақытын алған,
К.Маркс құнды іскерліктің жəне еңбек 
интенсивтілігінің орташа жағдайындағы, өндірістің қоғамдық тұрақты кезіндегі, 
өнімді өндіруге кеткен қоғамдық

қажетті жұмыс уақытымен анықтайды.
Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы мен 
мəні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Экономикалық мектептің бір өкілдері 
ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, 
ақшаны
-
белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нəтижесі ретінде 
қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны
-
мемлекет бекіткен тауарды 
айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің 
табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
Ең алғашқыда ақша алғашқы қауымдық қоғамда, яғни, жалпы алғашқы 
қоғам тайпасынан малшылар тайпасының бөлінуі кезінде пайда болды. Бір 
тайпалар малмен айналысса, ал екіншілері

жермен айналысты, сөйтіп өнімді 
айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады. Мұндай айырбас 
алғашқыда кездейсоқ, бірегей
сипатқа ие болды. Мысалы: 
 
Т Т экв.
(1) 
( 1 қойға = 1 қап астық) экв.
Мұнда бірінші тауар (қой) өзінің құнын басқа тауарда (1 қап астық) 
айырбасын көрсетсе, онда салыстырмалы құн түрінде болғаны, ал бір қап астық 
оның эквиваленті болып табылады, яғни эквивалентті түрде болғаны.
Тауар өндірісінің ары қарай дамуы тауар айырбасын реттілікпен жүргізуге 
алып келді. Айырбасқа екі ғана емес, одан да көптеген тауар түрлері қатысты. 
Құнның
-
толық немесе кеңейтілген
 
екінші түрі қалыптасты. Мысалы: 
Т 
(қой)
Т
1
(1 қап астыққа) экв.
Т

(1 балтаға) экв.
Т

(5 құмыраға) экв.
Құнның кеңейтілген түрінің пайда болуымен қатар, сондай

ақ айырбаста 
қиындықтар туындады. Мысалы, қойдың иесіне астық қажет, бірақ астық
иесіне 
қой керек емес, оған балта қажет, ал балта иесіне қой керек. Неғұрлым нарыққа 
тауар көп түскен сайын, қиындықтар да көбейе түседі. Бұл жағдайда астық иесі 
қойды алуға келіседі, сөйтіп өзінің астығына айырбастайды, себебі оны (қойды) 
балта иесі алуға ынталы. Осы жерде қой делдалдық, яғни жалпыға ортақ 
(жалпылама) роль атқара бастайды. Сөйтіп құнның үшінші түрі қалыптасып, ол 
жалпылама
 
деп аталады.


~46~ 
Т
1
(1 қап астыққа) экв. 

1 қойға (экв)
Т

(1 балтаға) экв.
Т

(5 құмыраға) экв.
Кейінірек жалпылама эквиваленттік ролді игілікті металдар (алтын, күміс) 
атқара бастады, себебі оның өзіне тəн бірқатар артықшылығы болды: жеңіл 
бөлінетіндігі, біртектілігі, жақсы сақталатындығы. 
Тауарлы өндірістің маңызды категориясы бұл 

тауар. Оның мəнін түсінуде 
əр түрлі бағыттар бар. Соның екеуін қарастырайық. 
1. Маркстік теорияда тауар сату үшін арналған, адамға пайдалы, еңбек 
өнімі ретінде қарастырылады. Осы анықтамадан, яғни: 
1)
егер адамның қандай да бір қажеттігін не қанағаттандырса сол тауар 
болып саналады; 
2)
тауар болып, еңбек арқылы қабылданған саналады; мысалы тоғайдағы 
жеміс оны жинаушыға тауар емес, ал оны жинау үшін еңбек шығындалса, содан 
соң ол тауарға айналады; 
3)
не сатуға арналған, сол тауар болып саналады. 
2. Австриялық экономикалық бағытта (оның көрнекті өкілі К.Менгер) 
тауар, айырбас үшін өндірілген, ерекше экономикалық игілік ретінде 
анықталады. 
К.Менгер экономикалық игілікке, экономикалық қызметтің объектісі 
немесе нəтижесі болатынды жатқызады жəне оны қажеттікке қарағанда сандық 
жағынан шектелген мөлшерде алуға болады. 
Осы екі анықтаманың арасындағы ортақтық бұның екеуінде де тауар 
еңбектің нəтижесі ретінде қарастырылады. Ал айырмашылығы екінші 
анықтамада игілікке қажеттілік пен осы игілікке қол жетерлік арасындағы ара 
қатысы, байланысы ескеріледі, ал
біріншісінде бұл ескерілмейді. 
Бағыттарының əр түрлілігіне қарамастан екі мектептің де мойындайтыны: 
екеуінде тауар еңбек арқылы иеленген табиғат байлықтары мен əр түрлі 
қызметтер саналады. 
Қызметтердің ерекшелігі 

олардың заттай формада болмауы, бірақ
пайдалы тиімділігі бар адам қызметінің нəтижесі болып саналады. 
Тауарлар материалдық жəне материалдық емес сипатта болады. Тауардың 
екі қасиеттері бар: 
а) адамның қандай да бір қажеттігін қанағаттандыру қабілеті; 
ə) басқа тауарларға айырбасқа түсе алатын қабілеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет