Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Ақшаның сандық теориясының



Pdf көрінісі
бет26/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   200
Ақшаның сандық теориясының
негізін салушылар Дж.Локк (ХҮІІ 
ғасырдың аяғы), Ш.Монтескье, Д.Юм, Д.Рикардо (ХҮІІІ ғасырдың аяғы) болып 
саналады. Олар ақшаның құндық негізін жақтады. Осы теорияны 
жақтаушылардың ойынша, ақша бірлігінің құны жəне тауарлар бағасының 
деңгейі айналымдағы ақшаның санымен анықталады деп санады. Ақшаның 
сандық теориясын жаңартуда көп еңбек сіңірген И.Фишер (ХХ ғасырдың басы), 
А.С.Пигу (ХХ ғасырдың ортасы) жəне т.б. Олардың көзқарастарын келесі 
тақырыптарда қарастырамыз. 
Темір ақша 

айрықша форма мен сынабы түріндегі металл құймасы
.
«Монета» сөзі б.э.д. ІҮ ғасырда Ежелгі Римнің ақша белгілерін шығара 
бастаған Юноны 

Монета храмының атына байланысты. 
Алтын
-
жұмсақ металл, сондықтан айналымда алтын ақшалар тозғыш 
болады. Алтын ақша айналымының 2600 жылында алтынның жалпы шығын 
көлемі 2 мың тоннадан асып кеткен. Тозған ақша құнын жоғалтады, ал ақшалар 
айналым құралы қызметін өткінші түрде атқаратын болғандықтан, алтын 
ақшаны қағаз ақшаға айырбастаудың мүмкіндігі туды. 
Өз бетінше қағаз ақшада құн жоқ, сондықтан олар құн өлшемі қызметін 
атқармайды да, тек алтынның белгісі ретінде ғана саналады. 
Қағаз ақшалар алғашқыда ХІІ ғасырда Қытайда пайда болған. 
Айналымдағы қағаз ақшаның саны айналымға қажетті алтынның санына 
тең болуы керек. Егер де айналымдағы қағаз ақшаның саны керекті алтын 
мөлшерінен артық болса, онда ақшаның құны түседі (құнсызданады), олардың 
сатып алушылық мүмкіндігі азаяды, ал тауардың бағасы өсе түседі. 
Тауар бағасының өсуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы
 - 
инфляция 
деп аталады.
Негізінде, айналымға қажетті ақша саны тауар бағасының сомасын, аттас 
ақша бірліктерінің айналым санына бөлумен анықталады. 
Ақшалар байлықтың абсолюттік көрсеткіші жəне үлкен өтімділікке ие 
немесе тез өту мүмкіндігі бар. 
Егер бір тауарды сатқаннан соң екіншісі сатып алынбаса, онда айналым 
ортасынан шығады да, қазынаға айналуы басталады. 
Алтын қазыналық функциясын алтын құймасы монета, алтын мен күмістен 
жасалған əшекей заттар формасы түрінде атқарады. 
Қазынаның көптеп пайда болуы тауар
-
ақша айналымының бұзылуы мен 
қоғамдағы сілкіністердің негізінде жүзеге асады. Керісінше, тауар
-
ақша 
қатынастарының гүлденген шағында, қазына айналым құралына айналады 

осы 
арқылы алғашқыда тауар
-
ақша қатынастары стихиялы түрде
реттеліп отырған. 
Қазіргі уақытта алтын өзінің айналымдағы ақша көлемін стихиялы түрде 
реттеуші рөлін төмендеткен, өйткені, ақша белгілерін алтынға айырбастау 
жоқтың қасы. 
Бүгінде алтын қазыналық қызметін атқаруда, бірақ ол шектеулі мөлшерде, 
тек мемлекеттік жəне жеке адамдардың сақтандыру қоры ретінде. 
Мемлекеттік жəне жеке адамдардың алтын қоры жалпы байлықты 
құрайды. 


~49~ 
Қағаз ақшалар қазына бола алмайды, өйткені олардың өз құны жоқ, бірақ 
олар жинақтау құралы функциясын
 
атқарады. 
Тауар өндірісінің дамуына байланысты тауарды несиеге сату мүмкіндігі 
пайда болады, оның себебі тауарды дайындау жəне оны өткізудің əр түрлі 
мерзімдерінің болуында. 
Ақшалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет