Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет65/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Жалпы ұлттық өнім
Ж.Ұ.Ө.
-
белгілі уақыт кезеңінде қоғамның 
қарамағындағы
ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер 
мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө.
-
бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. 
Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды жəне нақты 
түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, 
бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау 
үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.
-
ді инфляция ықпалынан арылту 
арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.
Нақты ЖҰӨ = номинальды ЖҰӨ
(8) 
баға индексі
Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге 
қатынасын жалпы ұлттық өнімнің
дефляторы
деп атайды. 
ЖҰӨ дефляторы = номинальды ЖҰӨ
(9) 
нақты ЖҰӨ


~109~ 
Шығындар бойынша
ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері 
қосылады:
-
жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар 
сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін 
төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;
-
кəсіпкерлердің көліклар мен жабдықтар сатып алудан тұратын жəне 
құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық 
шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық 
инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. 
Капиталдың бір бөлігі моралды жəне физикалық тозу нəтижесінде кетеді. Соның 
нəтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза 
инвестициялардың қосындысы. 
-
тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға 
жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, 
себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.
-
таза экспорт
-
шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған 
шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған 
шығындарының көлемінің айырмашылығы.
ЖҰӨ = С+G+І+Х (10)
мұндағы

С
-
жеке тұтыну шығындары; G
-
мемлекеттің сатып алуы; І
-
жалпы
инвестициялар,
Х
-
таза экспорт.
Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс
-
əрекеттер субъектілерінің 
табыстарын бөлу жəне табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың 
құрылу тəртіптерін сипаттайды: 
ЖҰӨ =
W+R+I+P (11) 
мұндағы

W - 
жалдамалы жұмысшының жалақысы,
R-
ренталық
төлемдер,
I-
жинақ капиталының пайызы (%),
P- 
фирма мен корпорацияның пайдасы
ЖҰӨ
-
ді есептеу тағы бір əдісі
-
қосымша құнға негізделген əдіс өндірістің 
əр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл əдістің 
ерекшелігі 

өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек. 
Жалпы ішкі өнім
(ЖІӨ)

белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген 
барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, 
осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің 
нəтижесі жатады. 


~110~ 
Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса 
(ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің
шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының 
жергілікті капиталдан артық болғаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет