Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет61/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)


сурет
 - 
Денсаулық
 
сақтау
 
мекемесінің
 
айналым
 
капиталының
 
құрылымы
 
Өндірістік сала кəсіпорындарында жұмыстың тиімділігі анықтау үшін 
айналым капиталының тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер қолданылады. 
Осындай көрсеткіштерді өндірістік емес сала емдеу

алдын алу мекемесінің 
айналым капиталын басқаруда да қолдануға болады. Емдеу мекемесінің айналым 
капиталын басқару оны тиімді басқарумен байланысты. Айналым капиталын 
пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтауды көптеген көрсеткіштер 
қолданылады. Көрсеткіштердің бірі

емдеу процесіне тікелей жəне жанама 
қатысатын айналым капиталының ара қатынасы. Неғұрлым айналым 
капиталының көп бөлігі медициналық қызмет көрсету процесіне тікелей 
қатысатын болса, онда емдеу мекемесінің айналым капиталы соғұрлым тиімді 
деген сөз. 
Емдеу мекемесінің айналым капиталын пайдалану интенсивтілігін 
сипаттайтын көрсеткіш

айналым капиталының айналымдылық жылдамдығын 
айтуға болады. 
Емдеу мекемелеріндегі менеджерлердің атқаратын келесі қызметі 
денсаулық сақтау мекемесінің қаржылық қызмет жағдайына жəне 
көрсеткіштеріне талдау жасаумен байланысты. Нарықты экономика жағдайында 
емдеу

алдын алу мекемесі қызмет ететін субъект ретінде өздерінің қаржылық 
қызметінің нəтижесін көрсететін қаржылық есептеу жүргізу керек. Қаржылық 
Емдеу
-
алдын алу
мекемесінің айналым капиталы
Медициналық қызмет көрсету 
процесіне тікелей қатысатын 
айналым капиталы
Медициналық 
қызмет 
көрсетуге 
қажетті 
материалдар
Болашақ 
кезеңдегі 
шығындар
Есепшоттарда
-
ғы жəне 
кассадағы ақша 
қаражаттары
Медициналық
көмек көрсету 
процесіне жанама қатысатын 
айналым капиталы
Дебитор
лық қарыз


~97~ 
есеп

бұл белгілі бір уақыт аралығында шаруашылық субъектісінің қаржы

шаруашылық қызметі жəне оның қаражаттары мен міндеттері туралы ақпараттар 
жиынтығы болып табылады. Кез

келген шаруашылық субъектілері сияқты 
емдеу мекемелері де қаржылық есепті мына қолданушыларға
:
-
емдеу мекемесінің қаржылық жағдайы туралы сол мекеменің 
акционерлеріне, инвесторларына, несиегерлеріге
ақпараттар беру

-
мекемеге қаражат тарту мақсатында болашақ инвесторлар мен 
несиегерлерге
мəлімет беру

-
мекеменің қаржылық

шаруашылық жағдайы туралы емдеу мекемесінің 
қызметіне қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік жəне мемлекеттік 
емес ұйымдарға
ақпараттар тарату
.
Емдеу

алдын алу мекемелерінің қызметін жетілдіру үшін қосымша қаржы 
көздерін тарту мақсатында олардың инвестициялық қызметін дамытудың 
маңыздылығы 
өте 
зор. 
Денсаулық 
сақатау 
саласына 
тартылатын 
инвестицияларды былай жіктеуге болады:
1)
инвесторлардың түріне қарай: 
а) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асатын мемлекеттік 
инвестициялар;
ə) шет мемлекеттердің, шетелдік банктердің, компаниялардың, 
кəсіпкерлердің қаражатын есебінен жүзеге асатын шетелдік инвестициялар;
б) отандық жеке меншік фирмалардың, кəсіпкерлердің капиталы есебіне 
жүзеге асатын жеке инвестициялар.
2) салыну объектісіне қарай:
а) өндірістіу инвестициялар (жаңа объектілер салуға жəне бұрынғы 
объектілерді жөндеуге, кеңейтуге, техникалық қайта жабдықтауға бағытталған);
ə) интелектуалдық инвестициялар (интелектуалдық өнімдерге, ноу

хау, 
ғылыми жобалар). 
Денсаулық сақтау саласына инвестиция салуда негізгі фактор мемлекеттік 
инвестордың басты мақсаты пайда табу емес. Ал жеке инвестор үшін керісінше, 
инвестициялық жобаға салғын ақшаны қайтарып қана қоймай, сол жобадан 
пайда табу басты мақсаты. Осыған байланысты мемлекет пен жек меншік (соның 
ішінде шетелдік инвестор) инвесторлардың мүдделерін біріктіру үшін 
денсаулық сақтау
аласында мемлекеттік

жеке меншік серіктестік жобасын 
дамытудың маңыздылығы зор. Осыған сəйкес денсаулық сақтау саласында жеке 
жəне шетелдік инвесторларды қоғамдық маңызы бар инвестициялық жобаларды 
қаржыландыруға мемелекет тарапынан ынталандыру шараларын жүзеге асыру 
қажет. Мемлекет денсаулық сақтау саласына қолайлы инвестицилық климат 
жасаған жағдайда ғана денсаулық сақтау саласы инвесторлар үшін ашық 
нарыққа айналады, медициналық қызметтерді өндірушілердің өндірістік жəне 
интелектуалдық əлеуетін жаңартып жоғарлатуға ынта пайда болатын еді. 
Денсаулық сақтау мекемелеріндегі менеджерлердің келесі атқаратын 
қызметі мекеменің əртүрлі қаржылық операцияларын жүргізумен байланысты. 
Сол операциялардың бірі

лизингтік операция. Қазіргі таңда емдеу мекемелері 
үшін лизингтік операцияның маңызы зор, себебі еліміздегі медициналық 
мекемелердің көпшілігі қымбат тұратын медициналық техника мен құрал 


~98~ 
жабдықтарға мұқтаж. Өкінішке орай лизингтік операция елімізде толық қанды 
дамымаған, оған себеп лизингпен айналысатын мекеме сол саладағы лизингке 
берілетін құрал жабдықтарды жақсы білуі керек, яғни техникалық мамандар жоқ. 
Елімізде медициналық құрал жабдықтардың басым бөлігі шетелден тікелей 
сатып алынады. Құрал жабдық бұзылып қалған жағдайда шетелден маман 
шақырылады, бұл емдеу мекемесі үшін қосымша шығын. Осындай себептерден 
медициналық құрал жабдықтар қымбатқа түседі, бұл өз кезегінде медициналық 
қызметтің халыққа қол жетімділігін төмендетеді.
Лизинг дегеніміз
-
бұл құрал жабдықтарды, техниканы ұзақ мерзімге жалға 
алып, ары қарай құнын өтеп сатып алу. Бүгінгі күні лизинг денсаулық сақтау 
мекемелері үшін өте тиімді қаржылық операция, өйткені емдеу мекемесі қымбат 
бағалы медициналық техниканы алуға қаржысы жетпеген жағдайда немесе 
мекеменің бар ақша қаражатын құрал жабдық сатып алуға жұмсағысы келмесе, 
оларды ұзақ мерзімге жалға алуға мүмкіндігі болады. Қаржыландырудың бұл 
түрін коммерциялық банктер, лизингтік компаниялар, құрал жабдық 
өндірушілер жəне басқа да қаржы

несие институттары жүзеге асырады. 
Лизингтің басқаша айтқанда «жалға алуды несиелеу» деген де атауы бар, себебі 
лизингтік операцияларды жүзеге асырған кезде лизингтік компания жалға алушы 
мен құрал жабдықты сатушы арасында делдалдық қызметті атқара отырып
жалға алушыны несиелендіреді. Əлемдік тəжірибеде лизингтің көптеген түрлері 
қолданылады. Солардың ішінде кең тарағаны оперативтік лизинг, қаржылық 
лизинг, қайтарылатын жəне левередж

лизингті айтуға болады. 
Бүгінгі күні елімізде емдеу мекемелері медициналық техниканы ұзақ 
мерзімге жалға алу кезіне көбіне қаржылық лизингті қолданады, себебі лизингтің 
бұл түрі емдеу мекемелері үшін əлдеқайда тиімді де ыңғайлы.
Қаржылық лизингте жалға алушы қажетті медициналық техниканы өзі 
таңдайды да, сол техниканы сатып алуға лизингтік компанияға тапсырыс береді. 
Қаржылық лизинг лизингтің басқа түріне қарағанда ерекшелігі ол ұзаұ мерзімді 
жəне лизингтік келісім шарт бекіткенге дейін жалға алынған медициналық 
техника толығымен амортизациялануы мүмкін. Тағы бір ерекшелігі жалға 
алынған құрал жабдықтың бағасы лизингтік төлемдермен жабылып отырады. 
Мұндай жағдайда, яғни лизингтік келісім шарт уақыты біткеннен кейін емдеу 
мекемесі жалға алынған медициналық техниканы өте төмен бағамен сатып 
алуына болады. Ал емдеу мекемесі жалға алынған медициналық техниканы 
табиғи немесе моральдық жағынан тозған деп есептейтін болса, онда лизингтік 
келісім шарт уақыты біткеннен кейін (лизингтік келісім шарт бітпесе лизинг 
алушының келісім шарт бұзуға құқығы жоқ) жалға алған техниканы лизингтік 
компанияға қайтарып беріп, жаңа медициналық техниканы таңдауға мүмкіндігі 
бар. Осыған қарағанда лизингтік операцияның емдеу мекемесіне қажеттілігі 
жоғары. 
Бүгінгі күні денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық

техникалық 
базасын əлемдік стандартқа сай жабдықтау үшін лизингтік операцияның 
маңыздылығы зор. Өйткені елімізде көптеген медициналық мекемелердің 
заманауи техника сатып алуға қаржылық жағдайлары жете бермейді. Бұл əсіресе 
жеке меншік емдеу мекемелері үшін тиімділігі
зор. Бұл мекемелер үшін қымбат


~99~ 
техниканы сатып алуға мемелекеттік бюджеттен қаржы бөлінбеген соң жəне сол 
техниканы сатып алуға өз қаражаттары жетпегеннен кейін лизингтік операцияны 
қолдану мекемені материалдық

техникалық жабдықтауға байланысты 
мəселелерді шешудің бірден

бір жолы. 
Денсаулық сақтау саласын нарық жағдайында қалыптастыру саланы 
дамытудың негізгі алғы шарттарының бірі оны қаржыландыру жүйесін жетілдіру 
мен байланысты. Ол үшін мемлекеттік жəне емдеу мекемесі деңгейінде қаржыны 
басқару жүйесін дамыту керек. Нарықтық экономика жағдайында саланы білікті 
қаржы мамандарымен кəсіби деңгейде басқару мыналарды қамтамасыз етеді:
-
денсаулық сақтау мекемелеріне қосымша қаржыны тарту;
-
емдеу мекемелерінің қаржы ресурстарын тиімді пайдалану;
-
денсаулық сақтау мекемелерінің негізгі емдеу қызметінен басқа қызмет 
түрлерін (инвестициялық, қаржылық) дамыту;
-
денсаулық сақтау саласында əртүрлі қаржылық операцияларды 
(лизингтік, сақтандыру т.б.) дамыту;
-
денсаулық сақтау мекемелерін құнды қағаздар нарығының еркін 
қатысушыларына айналуын қамтамасыз
ету. 
Қазақстанда денсаулық сақтау саласын қаржыландыру республикалық 
жəне жергілікті бюджеттерден, сондай
-
ақ Қазақстан Республикасының 
заңнамасымен тыйым салынбаған
басқа да қаражат жұмсалады.
Денсаулық саласын қаржыландыруда инновациялық тəсілдерді қолдану 
қажет:
1. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізетіндей стратегиялық жоспардың 
жəне 
инновациялық 
реформалардың 
болуы. 
Бұл 
реформаларды 
қаржыландырудың тиімділігін арттыруға негіздеу қажет, яғни
тұрғындардың 
жəне мемлекеттің
де қаражаттарын үнемделетін орта
қалыптастыру.
2. 
Медициналық көмек көрсетуді құрылымын модернизациялау. 
Медициналық көмек көрсету құрылымын модернизациялау моделі осы 
медициналық көмекті тұтынушыға бағытталған. Жəне жаңа технологияларды 
еңгізу арқылы комплекстік медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру. Бұл 
комплексті 
медициналық 
қызмет 
көрсету 
қызметті 
тұтынушыға 
бағытталғандықтан, ол тұтынушымен тиімді жұмыс жасауға негізделген. Ол өз 
кезегінде ұйымдастыруға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
3. Өз кезегінде, комплексті медициналық қызмет көрсетудің инновациялық 
тəсілдерін жүзеге асырғанда көптеген кедергілер орын алады, бірақ сонымен 
қоса қызмет көрсету тиімділігі жоғарылайды жəне шығындарды азайтуға 
мүмкіндік туады. Денсаулық саласын инновациялық қаржыландыруды жүзеге 
асыру маңызды мəселе, осыларды шешуге жұмсалған қаражаттар негізделген 
жəне нəтижесі ақталу қажет.
4. Тиімділігін арттырудың тағы бір тəсілі бұл жоғары білімді
мамандарды 
топтастыру жəне ұйымдастыру, қызмет көрсету мəдениетін өзгерту, алдын ала 
тексеруден өткізуді жетілдіру.
Қаржыландыру жүйесі медициналық көмекпен 
ресурстарды қолданудың
тиімділігін жоғарылату керек, сол үшін:
-
құқықтық базасын құру, тұрғындарды медициналық сақтандыруға 
тұрғызу;


~100~ 
-
бюджеттен бөлінетін қажаттардың бөліну ретін қалыптастыру;
-
медициналық көмекке қойылатын тарифтердің əдісін жетілдіру;
-
медициналық көмекке кететін қаражаттырдың бөлігін жабу үшін 
тұрғындарды өз еркімен медициналық сақтардырылуын ұйымдастыру;
-
медициналық қызмет көрсету нарығында бəсекелестікті қалыптастыру.
Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды жетілдіру келесідей 
мүмкіндіктер береді: бір жағынан əлеуметтік жəне экономикалық ұйымдастыру 
мəселелерін
шешуге мүмкіндік береді, ал екінші жағынан халықтың денсаулық 
көрсеткішіне оң əсерін тигізе отырып адамдық капиталды жоғарылатады. 
Адамдық капиталдың жоғарылығы экономикалық қызмет етуші тұлғаның 
өнімділігін жоғарылатады. Бұл өз кезегінде жалпы ішкі өнімнің артуына əкеліп, 
ел экономикасында өсу болады. Экономикалық өсу жалақыны жоғарылатады. 
Жоғарғы жалақы тауар мен қызметке сұранысты арттырады. Сонымен қоса 
адамдық капиталдың жоғары болуы еңбекке жарамды халық санын арттырып, 
сəйкесінше еңбекке жарамсыз халық санын азайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет