Мақсаты.
«Медициналық «MEDICUS» холдингі» АҚ негізгі мақсаты
халықаралық деңгейде бəсекеге қабілетті «MEDICUS госпиталін» құру.
Госпиталь Қазақстан азаматтарына, алыс
-
жақын шетелдің тұрғындарына ең
үздік заманауи медициналық технологияға негізделген медициналық қызметтің
сан алуан түрін ұсынады.
Міндеті
.
Алдыңғы қатарлы медициналық ғылымның, тиімді медициналық
білімнің жетістіктерін жəне дəлелді медицина қағидаттарын қолданып,
халықтың денсаулығын жақсарту
Стратегиялық мақсаттар
1 мақсат.
Медициналық көмек сапасының тұрақты жоғары деңгейі.
2 мақсат
.
Қазақстанның денсаулық сақтауына алдыңғы қатардағы
технологиялардағы трансферттің аса тиімді жүйесін құру жəне дамыту.
3 мақсат
.
Орталықтардың қызметін басқару жүйесін жетілдіру.
Family” ғылыми орталығы
Қазақстанда алғаш рет:
-
халықаралық стандарттарды енгізу,
-
австриялық VAMED компаниясының шетелдік басқаруы,
-
дамыған елдердегі ауруханалардың қауіпсіздігі мен сапаның «алтын
стандарты» Joint Commission International (JCI) халықаралық аккредитациясынан
өту.
Балаларды оңалту орталығы “Happy children”
Ол 330 төсек
-
орынға арналған. Онда 6 бөлім іске қосылған. 5
-
еуі жүйке
жүйесі мен психикасы органикалық патологияға ұшыраған балаларға арналған
психоневрологиялық бөлім. 1
-
і эндокринологиялық. Орталықта кəсіби деңгейі
жоғары медиктер, психологтар мен педагогтар қызмет етеді. Олардың барлығы
дерлік Ұлыбританияның (Лондон, Бристоль, Нотингем, Лидз), Израиль, Ресей
мен Литваның алдыңғы қатарлы клиникаларында оқып келген.
«Medicare» нейрохирургиялық емханасы АҚ міндеті алдыңғы қатарлы
медициналық технологиялардың негізінде жоғары сапалы нейрохирургиялық
көмек көрсету.
~117~
“Diagnosis” диагностикалық орталық бүгінгі таңда əлемдік деңгейдегі
үздік диагностикалық орталықтардың бірі. Бұл «Медициналық «MEDICUS»
холдингі» 2013 жылғы 6 мамырдағы № 421 жүзеге асқан инвестициялық жоба.
“Heart” ғылыми кардиохирургия орталығы
Алдағы уақытта жүрек патологиясына шалдыққан науқастардың жүрегін
ауыстыру, жүрек клапанына операциялар жасау жоспарланған. Орталық
медицина ғылымы мен тəжірибесін ұштастырып, халықаралық ірі ғылыми
-
зерттеу жобаларына атсалыспақ.
Сондай
-
ақ, орталықта мүше трансплантологиясын жасауға мүмкіндік бар.
Экспертті лабораторияның əлемдік стандартына сай ағза мүшелерін жинайтын,
консервациялайтын «Донор
-
Реципиенттерді» таңдау жүйесі іске қосылмақшы.
Халық жаңа тиімді
технологиялар жəне сапалы медициналық көмекті
талап етеді.
Кəсіпкерліктің дамуы мемлекеттің халықты барлық медициналық
қызметтермен жеке өзі қамтамасыз ете алмағандығынан туындап отыр.
Дегенмен, медицина саласындағы кəсіпкерліктің дамуына талай шарт
кедергі болып отыр.
Кластер (ағылшын сөздігінен «cluster»
)-
дербес, бірлік деп саналатын
бірнеше біртектес саналарды бір топқа біріктіруі. Кластер
-
жеке компаниялардың
ерікті бірлестігі, басқарудың желілік үлгісінен негізделген жəне ғаламдық
экономика жағдайында ыңғайлана алатын инновациялық
-
бағытталған
өндірістік
-
коммерциялық құрылым. Кластерлерді құру жəне дамыту теориясы
мен тəжірбиесі жахандануға
жауап ретінде пайда болды. Жаһандану
аймақтардың жеке өзіндік ерекшеліктерін тегістеп, жойып жібереді.
Кез
-
келген кластердің мақсаты:
1.
Өндіріс көлемінің өсуін талдау
2.
Дайын өнімнің құрамын зерттеу
3.
Инвестицияның тартылуы мен бəсекелестікті зерттеу
4.
Өнімді бөлу мен өткізуді талдау
5.
Мемлекеттің экономикалық саясатының əсерін зерттеу
6.
Ішкі жəне сыртқы нарық жағдайын қадағалау жəне т.б.
Кластерлік жүйе кезінде мына жағдайларды ескеру қажет
1990 жылдары жаханданушы мен бəсекелесуші
экономикалық
белсенділіктің кластерлену үрдісі белең ала бастады, яғни экономиканың
нақтылы салаларына сүйенетін жəне аймақтың өзіндік ерекшеліктерін
пайдаланатын аймақтық белсенілікті ықшамдандыру. Кластердің бəсекеге
қабілеттілігі мен теориясының негізгі ережелерін, анықтамаларын 1990 жылы
Гарвард профессоры М.Портер жасады.
Кластер отандық экономиканың жаңаруы жағдайында алдыңғы қатарлы
ұйымдасқан жəне технологиялық инновацияларды енгізуге үлкен мəн беріледі.
Осы жағдайда экономикалық өсудің сапасы ерекше орынға ие.Өйткені, оның
салалық, аумақтық, ұдайы өндірістік, инновациялық жəне уақыттық өлшемі
ескеріледі.Инновациялық өлшемді қарастырғанда инновациялық экономиканың
бəсекеге қабілеттілік негіздерін қалыптастыру туралы мəселе туындайды.
Тұрақты экономикалық өсудің негізгі көзі бəсекеге қабілеттілік.
~118~
Қазақстан жағдайында ұлттық экономиканың тұрақты бəсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ету алдыңғы қатарлы технологиялар, экологиялық
таза, қауіпсіз өндірістерді, өнім сапасын басқару жүйелерін, ресурстарды сақтау
мен үнемдеу жүйелерін енгізу негізінде жүзеге аса алады.
Кластер ретінде бір саланың бəсекеге қабілетті, бір
-
бірімен байланысты
кəсіпорындар тобының бір аймақта шоғырлануын айтады.Оларға орналасу
жақындығы, өндірістің мамандандырылуы, көшбасшы белгілері тəн болады.
Кластерің анықтамасын қарапайым түрде қарастыратын болсақ, бұл белгілі
-
бір
сала объектілер мен субъектілердің бəсекелестік жағдайында
өз
-
өзімен
ұйымдастыру жүйесі.
Кластердің негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1.
Заңды тұлғалардың кластерді құру қажеттілігін сезіну;
2.
Кластерге қатысушылардың қаржылық тəуелсіздігі;
3.
Кластердің қызмет ету барысында қосылатын қосымша табыстар.
Медициналық қызметтер кластерін құру Республиканың əлемдегі бəсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруін қамтамасыз ететін
Қазақстанға,халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын жаңа деңгейге
көтеруге, медицина ғылымы мен білім беруді халықаралық кеңістікке
ықпалдастыруға,жаңа тұрпаттағы медициналық кадрларын даярлауға мүмкіндік
береді. Медициналық қызметтердің қазіргі заманғы кластерінің міндеті Қ.Р
-
ның
денсаулық сақтау жүйесіне медицина ғылымының жетістіктерін, ауруханалық
менеджменттің халықаралық қағидаттары трансфертін, алдыңғы қатарлы
медициналық технологиялар мен стандартттарды енгізу болып табылады.
Қазақстандағы медициналық кластердің дамуы қазіргі кезде Елбасы Н.А.
Назарбаев бастамасымен жүзеге асырылған Астана медициналық кластері
құрылыды. Бұл ТМД елдерінің медицина
саласында бұрын болмаған, осындай
маңызды міндетті атқару халық алдында үлкен сенім əрі зор жауапкершілік
болып табылады. Мемлекет Астана қаласында бүгінгі заманның озық
технологияларымен жабдықталған жоғары сапалы клиникалар кешенін салып,
онда халықаралық стандартқа сəйкес жоғарғы сапалы қызмет көрсетіп,
басқарудың бизнеске бағытталған жаңа жүйелерін енгізу міндетін холдингке
сеніп тапсырды. Инвестиция тарту жəне басқару шешімдерін жақсарту кезінде
бұл жобаның шет мемлекеттермен тəжірибе алмасу, білікті мамандарды
жұмысқа тарту, дəрігерлердің біліктіліктерін арттыру
сияқты іс
-
шаралар
жүргізілуде.
Бұл клиникалардың жұмысын үйлестіре отырып, қазақстандықтарға ғана
сапалы медициналық қызмет көрсетіп қоймай, сонымен бірге алыс
-
жақын
шетелдердің де сұранысын қанағаттандырмақ. «Ауруханалық басқару жүйесін
жетілдіру» бағдарламасы арқылы ғылыми жəне білім беру салаларын да
дамытуды мақсат тұтады. Біліктілігі жоғары мамандар қызметтерін қолданбай
медициналық кластер жұмыс істеу мүмкін емес, сондықтан холдинг құрамына
кіретін Орталықтар еліміздің медициналық кадрларын даярлау жəне қайта
даярлау мақсатында ғылыми жəне практикалық базаға айнала отырып
университеттік
клиникалар
дəрежесіне
көтеріледі.
Студенттер
осы
клиникалардағы озық технологияларымен жаңа медициналық құралдарымен
~119~
жұмыс істей отырып, инновациялық білімдерін тəжірибемен ұштастырады. Бұл
Астаналық медициналық кластерде «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы»
үлкен роль атқарады, себебі бұл ғылыми орталық Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен дүниеге келген
денсаулық сақтау саласы мекемелерінің озық үлгілеріне жатады. Бұл орталық
2007 тамыз айынан бастап жұмыс істей бастаған, оның құрамында 35 бөлімше, 2
емхана жəне 3 ғылыми лаборатория емделушілерге қызмет көрсетеді. Бұл «Ана
мен бала ұлттық ғылыми орталығында» бір мезгілде 500 адам жатып емделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |