Міндеті:
алдыңғы қатарлы медициналық ғылымның, тиімді медициналық
білімнің жетістіктерін жəне дəлелді медицина қағидаттарын қолданып,халықтың
денсаулығын жақсарту
Пайымы:
Назарбаев Университетінің медициналық орталығы
-
Қазақстан
Республикасында бəсекелі
ортада нəтижелі түрде қызмет ететін клиникалық,
ғылыми жəне білім тəжірибесі синергиясының негізінде медициналық көмектің
барлық түрлерін ұсынатын денсаулық сақтаудың алдыңғы қатарлы үлгісі болу:
1 мақсат.
Медициналық көмек сапасының тұрақты жоғары деңгейі.
2 мақсат.
Қазақстанның денсаулық сақтауына алдыңғы қатардағы
технологиялардағы трансферттің аса тиімді жүйесін құру жəне дамыту.
3 мақсат
.
Орталықтардың қызметін басқару жүйесін жетілдіру.
4 мақсат.
Назарбаев Университеті құрамындағы алдыңғы қатарлы
ғылыми
-
инновациялық жүйені қалыптастыру.
5 мақсат.
Назарбаев Университеті құрамындағы денсаулық сақтаудың
жаңа білім жүйесін құру жəне дамыту.
Орталықты дамытудың басты бағыттарының бірі
-
əр түрлі хирургиялық
жəне
терапиялық патология кезінде интервенциялық жəне реконструктивті
жолдармен ағзаны қалпына келтіру.
Сондай
-
ақ, орталықта мүше трансплантологиясын жасауға мүмкіндік бар.
Келешекте дəл осы жерде трансплантология жөніндегі координациялық
орталықты құру жоспарда бар. Сондай
-
ақ, экспертті лабораторияның əлемдік
стандартына сай ағза мүшелерін жинайтын, консервациялайтын «Донор
-
Реципиенттерді» таңдау жүйесі іске қосылмақшы.
Осыған орай, орталықтың клиникасы (стационар) 5 ірі бөлімнен тұрады.
Олар: əр түрлі жарақат бөлімі, жедел хирургия, жедел терапия, қиын жағдайдағы
медицина (мұнда: жедел жəрдем, сəуле диагностикасы жəне рентгенохирургия
бөлімдері). Əрбір бөлім ем көрсету əдісіне сай бейінді төсек
-
орынмен
жабдықталған:
шұғыл
интервенциалды
кардиологияда
-
5,
ЛОР
-5,
онкогематология
-
10, нейротамырлы патология
-40,
кардиохирургия
-10,
торакальді хирургия
-
5, токсикология
-
10, жалпы хирургия
-
15, урология
-15,
гинекология
-
30,
кардиология
-
25,
терапия
-
10,
əр
түрлі
жарақаттар
-
35,
комбустиология
-
15, тамырлы хирургия
-
10 төсек
-
орын
Қазақстанда тұңғыш рет «Республикалық диагностикалық орталықтың»
базасында Ядролы медицина орталығы құрылды. Ол Орталық Азия аумағы
бойынша бірінші болып, позитронды
-
эмиссионды томографпен жəне
компьютерлік (ПЭТ/КТ) томографпен жабдықталған. ПЭТ метаболизм, зат
транспорты, лиганд
-
рецепторлы өзара іс
-
əрекеті, ген экспрессиясы жəне т.б.
процестерді зерттеуге мүмкіндік береді. Метаболиялық процестердің бұзылуы
~115~
құрылымлық өзгерістердің бастамасы. Сол себепті ПЭТ көбіне онкологияда
қолданылады.
Холдингте бүгінгі күнге дейін 50
-
ден астам операция жасалды.Тізе жəне
жамбас буындарын алмастырудан бастап, қазір гемофилияға шалдыққан
науқастың кез
-
келген сырқатына көмек көрсете алады
-
бүйректегі тасты алу,
гемотозды ісіктер жəне тағы да басқа сырқаттар. Осы уақытқа дейін Қазақстанда
гемофилиямен ауыратын адамдарға хирургиялық көмек көрсетілмей келді.
Себебі, қанның дұрыс ұйымау проблемасынан науқасқа ота жасау қатерлі.
Орталықта гематологиялық бөлімшелер, қанның ұюына мониторинг жасайтын
жəне анықтайтын зертхана да бар.
Сондай
-
ақ ауруханада трансплантация жасау қызметі көрсетіле бастады.
Биыл туысқандық донордан бүйрек алмастыру бойынша бес операция жасалды.
Ішкі органдардың трансплантациясын өткен жылы Астанада жасалды.
Ағымдағы жылы бауырды алмастыру отасы жасау жоспарланып отыр. Сондай
-
ақ, 2010 жылы ЖМЖА Орталық Азия аумағында алғашқы болып кемік майы
ауыстырылды. Биыл ондай манипуляцияның
5-
еуі жүзеге асырылды. Орталық
Қазақстанда алғаш рет күйік жарақаттары кезінде жасанды өсірілген
фибробласттарды трансплантациялау отасы жасалды. Яғни күйік шалған адамға
бұрынғыдай мəйіттен алынған теріні салып немесе тыртықтарды тартып тастау.
Оның орнына жасанды тері орнату. Теріде жаңа клеткалардың пайда болуына
ықпал ететін ота Биотехнология институтымен бірлесе отырып жасалады.
Сонымен қатар, бүгінгі күні Қазақстанда əлі дами қоймаған
-
бауыр
хирургиясы жасалады. Одан бөлек, гинекология, неврология жəне тағы да басқа
көптеген сырқаттардың хирургиясы бар. Оларды жүзеге асыруға академиялық
серіктестердің үлкен желісі көмектеседі. Бірінші кезекте, ол
-
кемік майы
трансплантациясын жасауға көмектесетін Өндірістік трансфузиология
орталығы, одан кейін, Биотехнология институты, бірқатар шетелдік серіктестер
-
Павлов атындағы Санкт
-
Петербург университеті, «Анам» Корей университеті,
Гамбург университеті жəне тағы басқалар. Серіктестердің көмегімен бұрын
-
соңды қолға алынбаған хирургиялық қызметтерді енгізуге мүкіндік алып
отырмыз. Əрине, мұның бəрі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жəне Ұлттық
медициналық холдингтің жіті бақылауымен жүзеге асырылуда.
Бұл клиникалардың жұмысын үйлестіре отырып, қазақстандықтарға ғана
сапалы медициналық қызмет көрсетіп қоймай, сонымен бірге алыс
-
жақын
шетелдердің де сұранысын қанағаттандырмақ. «Ауруханалық басқару жүйесін
жетілдіру» бағдарламасы арқылы ғылыми жəне білім беру салаларын да
дамытуды мақсат тұтады. Біліктілігі жоғары мамандар қызметтерін қолданбай
медициналық кластер жұмыс істеу мүмкін емес, сондықтан холдинг құрамына
кіретін Орталықтар еліміздің медициналық кадрларын даярлау жəне қайта
даярлау мақсатында ғылыми жəне практикалық базаға айнала отырып
университеттік
клиникалар
дəрежесіне
көтеріледі.
Студенттер
осы
клиникалардағы озық технологияларымен жаңа медициналық құралдарымен
жұмыс істей отырып, инновациялық білімдерін тəжірибемен ұштастырады. Бұл
Астаналық медициналық кластерде «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы»
үлкен роль атқарады, себебі бұл ғылыми орталық Қазақстан Республикасының
~116~
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен дүниеге келген
денсаулық сақтау саласы мекемелерінің озық үлгілеріне жатады. Бұл орталық
2007 тамыз айынан бастап жұмыс істей бастаған, оның құрамында 35 бөлімше, 2
емхана жəне 3 ғылыми лаборатория емделушілерге қызмет көрсетеді. Бұл «Ана
мен бала ұлттық ғылыми орталығында» бір мезгілде 500 адам жатып емделеді.
«Медициналық «MEDICUS» холдингі» АҚ 2013 жылы құрылды.
Медициналық «MEDICUS» холдингі Алматы қаласының медициналық
кластеріне 5 инновациялық денсаулық сақтау нысандары кіреді:
-
«
Medicare
» нейрохирургиялық емханасы
-
Республикалық балаларды оңалту орталығы “
Happy children
”
-
“Family”
ұлттық ғылыми орталығы
-
“Diagnosis” Республикалық диагностикалық орталығы
-
“Heart” ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы
Достарыңызбен бөлісу: |