~135~
Американ экономисті Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп»
өкілдері «неокейнстіктерден» айырмашылығы олар нарықтық экономиканың
циклдық дамуының басты себептерін ақша факторынан іздейді. Ақша сұранымы
арасындағы алшақтық жəне тұрлаусыз ақша ұсынымы нарықтық экономика
тұраксыздығының себебі болып табылады.
Монетаристік мектептің негізін қалаушы Милтон Фридменнің ойынша,
дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатын нашар жүргізуінен туындайды.
Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын
шектеу мен тұрақтандыруға
бағытталуы кажет. Осы ойларын Милтон Фридмен өзінің «АҚШ
-
ның
монетарлық саясаты» еңбегінде баяндаған.
Нарықтық экономиканың циклдық дамуын жою жолдары немесе
жұмсартуды жоғарыдағы аталған əртүрлі мектеп өкілдерінің ойлары мынаған
əкеледі: мемлекет антициклдык бағдарламаларға қатысуы немесе экономиканы
тікелей реттеуі кажет.
Мəселен, Ф.Энгельстің пайымдауынша, нарықтық
анархияны «өндірісті қоғамдық
-
жоспарлы реттеу» арқылы жоюды алға тартады.
Дж.
Кейнстің пайымдауынша, стихиялы нарықтық экономика олқылықтарын
мемлекеттің араласуы арқылы жоюға болатындығын айтады. Мемлекет
өндірістің құлдырауын жеке күрделі қаржыландыруды өзі ынталандыруы
болдырмау үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: