Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


қолданылады.  Төлем балансы



Pdf көрінісі
бет112/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

 
қолданылады. 
Төлем балансы
дегеніміз белгілі бір кезендік 
статистикалық есеп беру жəне келесі құбылыстарды көрсетеді:
-
белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық 
операциялар;
-
меншіктегі өзгерістер жəне сол елдің қаржылық талаптар мен 
міндеттемелеріндегі өзгерістер;
-
бір жақты аудармалар. 
Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары
төлемінен, 
шетелге капитал шығарудан, шетел
туризмінен жəне валюталық несиелік 
операциялардан жəне т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дəл осындай баптар төлем 
балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері 
сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мəлімет береді. Егер 
төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта 
сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық 
валютасымен салыстырғанда,
төмендеуіне əкеліп соғады.


~179~ 
Халықаралық несие
 

бұл қайтарымдылық, жеделдік, пайыз төлеу шарты 
бойынша валюталық жəне тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің 
бір 

біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз 
беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке
фирмалар, компаниялар, мемлекеттің
үкіметі, аймақ, облыс, қала
əкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. 
Халықаралық несие əр түрлі формада болады:
1.
Өзінің мақсатты пайдаланылуына байланысты халықаралық несие 
байланысқан жəне қаржылық деп бөлінеді. 
-
байланысқан несие несиелік келісімде бекітілген қатаң түрдегі 
мақсатты сипаты болады (коммерциялық, инвестициялық несиелер);
-
қаржылық несиелер қарыз алушының кез келген мақсатына сəйкес 
беріледі.
2.
Ұсынылу формасы бойынша тауарлық жəне валюталық деп бөлінеді.
3.
Берілу мерземі бойынша қысқа
мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, 
онкольдік деп бөлуге болады.
4.
Несие берушінің кім екендігіне байланысты жекеше, үкіметтік, 
халықаралық ұйымдар несиелерді ажыратады.
5.
Валюталық несиелер берілу валюта бойынша бөлінеді.
Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс
күшінің сырттан келуімен 
(эмиграция) жəне кетуімен (иммиграция) қалыптасады, яғни ұлттық 
шаруашылықтар арасындағы жалдамалы еңбектің ауысуы (миграция) Оның 
пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендегі мен даму қарқыны төмен елдерде 
тұрғындардың салыстырмалы елдердің
дəрежесінің жоғары болуымен
түсіндіріледі. Сол себептен қосымша жұмыс күшін қажет ететін интенсивті 
дамыған елдерге ауысып отырады. 
Дүниежүзілік 
шаруашылықтың 
интернациалануының 
тереңдеуі 
жағдайында капитал экспортының мəні өсуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет