~180~
1.
Алтын стандарты негізінде 1879
-
1934 жылға дейін: ақша бірлігінде
алтын үлесінің болуы, алтын қоры мен ішкі ақша ұсынысының тең болуы,
осының
нəтижесінде мемлекет валюталық курсты қатал шектеуде ұстап
отырады.
2.
Бреттон Вуд жүйесі 194
4-
1971 ж. ақша айналымына алтын
девиза
енгізілді, яғни мұндай өлшеуіш алтынның орнына алтыны аз елдердің кейбір
ұлттық немесе бірлескен валюталардың жүруіне жол берілді. (алтын
-
доллор
стандарты)
3.
1971 жылдан бастап
дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық
валюта мен біріккен валюта атқара бастады да бұл жүйе
-
еркін өзгеріп
отыратын
валюталық бағам
жүйесі деп аталды, яғни валюталық курс мемлекет əсерін
тигізіп отыратын сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп отырады.
Валюталық бағамды
реттеу үшін
4
негізгі
тəсіл
қолданылады:
1.
Валюталық интервенция
-
валюталық нарыққа мемлекеттің араласуы.
Валюталық сұраныспен ұсынысты қажетті бағытқа өзгерту үшін мемлекет осы
валютаның қажетті санын сатады немесе сатып алады.
2.
Валюталық бақылау жүргізу, яғни егер елде шетелдік
валютаның көлемі
кемісе, оған
сұраныс өссе, оның өсуін баяулату үшін валютаның легін ішкі
нарықта қайта бөлуге кіріседі.
3.
Сыртқы сауданы бақылау арқылы валюталық сұраныс пен ұсынысқа
жанама түрде мемлекет ықпалын жүргізеді.
4.
Ішкі макроэкономикалық реттеудің əртүрлі шаралары бойынша
валютаның айырбас пропорциясына мемлекет əсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: