Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Халықаралық экономикалық интеграция



Pdf көрінісі
бет114/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Халықаралық экономикалық интеграция
 
Соңғы уақытта əлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. 
Олардың ішінде ең маңыздысы
-
ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара 
тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің 
құрылуы. Елдің мұндай
жақындасуы мен бірлесуін 
экономикалық интеграция
деп атайды. 
Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА
) - 
кейбір аймақтағы аудандарға 
экономикалық
-
əлеуметтік ғылыми техникалық дамуын жəне сыртқы 
экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. 
Осы мəселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы 
кеден жəне сауда тəртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың 
ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады.
ЕЭА
-
ның негізгі мақсаттары:
 
осы аймақты дамыту; əлемдік тəжірибе 
алу; сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту; экономикалық, ғылыми
-
техникалық жаңалықтар енгізу.
Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭА
-
ның əртүрлі түрлері болуы 
мүмкін:
еркін кедендік аймақ; еркін сауда аймағы; өндіріс экспорты аймақ; 
ғылыми
-
техникалық аймақ
(технопарк, технополис т.б.); ашық аудандар мен 
қалалар.
Ғаламдық мəселелер
 
дегеніміз

жер шарындағы көкейкесті мəселелер 
ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара соғысты 
болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық артта 


~181~ 
қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық
-
түлік жəне демографиялық 
мəселелер; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру, 
ауруларды жою жəне т.б. 
Ғаламдық мəселелердің
ерекшелігі сол 

оның барлығы адам тағдырына 
қатысты жəне оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе 
жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ. 
Өркениеттіліктің болу негізі əртүрлі процестердің əсеріне ұшырап 
отырады :
-
милитаризация мен қару
-
жарақтану; 
-
қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;
-
қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: ЖИТС, ісік, нашақорлық т.б.
-
дамушы елдердегі демографиялық үрдістердің асқыну салдарынан 
тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;
-
ұлттық мəдениеттің жойылуы;
-
дүниежүзілік мұхитты бақылаусыз қанау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет