Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет118/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Теологиялық
 
теория
 

мемлекет пен құқық Алланың əмірімен қалыптасып, 
дамып келеді деп түсіндіреді.
(Форма Аквинский, Августин Аврелий)
Табиғи
 
теория
 

бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, 
мемлекетті,
құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты 
табиғаттан бастау алып, əділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп 
атайды.
Тарихи
 
теория
 

осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан 
бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
Патриархалдық
 
теория
 - 
мемлекет адамдардың отбасы тəжірибесінен 
қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде
-
мақсаттарын іске 
асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы 
басшысы бірте
-
бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы 

əке, 
мемлекеттің басшысы
-
монарх. (Аристотель, Конфуций)
Психологиялық
 
теория
 

адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, 
іс
-
əрекеті, мінезі, тəртібі
-
бəрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген 
тұжырымды қолдайды жəне тағы басқалар. 
Шартты
 
теория

халық пен оны басқарушылардың арасындағы 
азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, кауіпсіздігін қорғау, 
бірлікте,татулықта туру туралы келісім шарт жасасудың нəтижесінде пайда 
болды деп есептейді (Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо)


~192~ 
Марксистік
 
теория
бойынша мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, 
отбасының, жеке меншіктің жəне бір 

біріне қарама қайшылықтағы таптардың 
шығуынан пайда болды дейді (К.Маркс, Ф.Энгельс)
Зорлық

күштеу
 
теориясы
бойынша мемлекет өзінің ішінде руларды, 
тайпаларды, тұрғындарды бір орталыққа біріктіру мақсатында мəжбүрлеу, 
күштеу əдістерін қолданады, сөйтіп күштеудің арқасында мемлекет пайда
болады дейді (Л.Гумплович, Е.Дюринг) 
Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда 
болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір 
сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы 
ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша 
жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі “əдет”
заңына бағынып келген.
Жалпы қоғамдық қатынаста белгілі бір ережеге сүйене отырып өмір 
сүреміз. Оны ғылыми тілде құқықтық норма (ереже, қалыпты жағдай) дейміз. 
Құқықтық норма құқықтың бір бөлшегі, қоғамдық қатынастардың жақсы 
дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам іс
-
əрекетінің тəртібінің шеңберін 
анықтап, олардың бостандығын жəне қарым
-
қатынасын реттеп, басқарып 
отырады. Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі жəне оның заңды 
күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тəртіптің үлгісін

субьектілердің құқығы 
мен міндеттерін, орындалу жолдарын толық əрі нақты көрсетеді. Егер 
көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс
-
əрекет етуге құқылы, тек заңға нұқсан 
келтірмеулері керек.
2. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мəжбүр етеді.
3. 
Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын жəне оның орындалуын 
мемлекет қамтамасыз етеді.
4. Құқықтық норма адамдардың, қоғам тəртібінің кепілдігі ретінде жұмыс 
істейді.
Сонымен, құқықтық норма
-
қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары 
мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен 
қамтамасыз етілетін ереже
-
қағида.
Құқықтық норма 

құқықтың бастапқы элементі. Құқық нормаларының 
құрылымына мына элементтер кіреді:
1. 
Гипотеза 

осы норма қолданысқа енетін нақты өмірлік жағдаяттарды 
нұсқау;
2. 
Диспозиция 

гипотезада санамаланған жағдайларға қатысы бар 
болғанда субъектілердің бағынуға тиісті өзін ұстау ережелері;
3. Санкция 

егер субъектілер диспозицияның нұсқауларын орындамаған 
жағдайда мүмкін болатын жазалау түрі мен шаралары.
Құқық
нормасы барлық қоғамдық қатынастарды реттейтін əлеметтік 
нормалардың негізгі бір түрі болып табылады. Əлеуметтік нормаладың түрлері 
келесідей негізде жіктеледі. Адамгершілік нормалары, корпоративті нормалар, 
дəстүрлі, құқық нормасы жəне өзге мінез
-
құлық ережелері. Құқық нормасының 
басқа да əлеметтік нормалардан ерекшелігі: нормативтік
-
құқықтық актілер 


~193~ 
түрінде нақты анықталған, мемлекеттік мəжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілген, 
əлеуметтік
қатынас субьектілері үшін ортақ міндеттілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет