Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет116/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   200
ДДСҰ
 6 
аймақтық
ұйымнан (аймақтық бюродан) құралады:
1. Еуропалық аймақ
-
Копенгаген қаласында (Дания);
2. Африкалық аймақ
-
Браззавиль қаласында (Конго);
3. Жерорта теңізінен шығыс бөлігі аймағы
-
Александрия қаласы (Египет);
4. Оңтүстік
-
Шығыс Азиялық аймағы
-
Дели қаласы (Үндістан);
5. Тынық мұхит жағалауының батыс бөлігі аймағы
-
Манила қаласы 
(Филиппин);
6. Америкалық аймақ
-
Вашингтон қаласы (АҚШ). 
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы қызметінің 
негізгі
 
бағыттары


жұқпалы жəне жұқпалы емес аурулармен күрес жүргізу (денсаулық 
сақтау жүйесі мен қызметін дамыту, маман дəрігерлер дайындау);

медицина саласында сттистикалық есеп жүргізу қызметі (мысалы, ауру 
түрлерінің саны мен одан қайтыс болу себептерін халықаралық деңгейде саралап 
жүйелеу, адамдардың денсаулығы туралы мəліметті
тарату, т.б.);

дəрілік препараттардың
дайындалуын жіті қадағалау (фармацевтік 
саланың қызметі мен жұмыс сапасын қадағалау);

медицина саласының ғылыми зерттеу жұмыстарының қызметтерін 
реттеу, дамыту, қолдау, қадағалау;
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының қазіргі уақытқа дейін 
атқарған қызметтері мен ол қызметтің нəтижиесі
туралы келтіретін
болсақ, сəтті 
акяқталған халықаралық жоба ретінде безгек жəне шешек ауруларын жоюға 
қарсы жасаған бағдарламаларының орындалуын айтуға болады. ДДСҰ сондай
-
ақ, туберкулезбен, жыныстық қатынаспен берілетін аурулармен, паразиттік, 
жұқпалы жəне жұқпалы емес аурулармен, жүрекқантамыр, қатерлі ісік, 
психикалық ауру түрлерін емдеу, олармен күрес жүргізу бағдарламаларын іске 
асыруда. 
1978 жылы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау
Ұйымы мен Біріккен Ұлттар 
Ұйымының балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған Алматы халықаралық 
конференциясында
20 ғасырдағы Денсаулық сақтау
ісінің хартиясы аталған 
«Алматы декларациясы» қабылданды. 1979 жылы Өлкелік патология ғылым 
зерттеу институты
(қазіргі Гигиена жəне эпидемиология ғылыми
-
зерттеу 
орталығы) жанынан Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымымен бірлесіп жұмыс 
істейтін алғашқы медицина –
санитариялық көмек жөніндегі Халықаралық орта 
ашылды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы бюджетінің негізін оған мүше 
елдерден жүйелі түрде жинақталатын жарналарды құрайды. 
1992 
жылдың 

наурызында Қазақстан БҰҰ
-
ға кірді жəне осы бүкілəлемдік 
ұйымның 164
-
ұлттық мүшесі болды. Қазақстан БҰҰ қызметіндегі саяси 
мəселелерді, əсіресе ядролық қауіпсіздікпен байланысқан сұрақтарды шешуге 
белсенді түрде қатысуда. Сонымен бірге Қазақстан еуразиялық қауіпсіздікті 
нығайту саласында мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Алматыда Азиядағы өзара байланыс жəне сенімділік шаралары бойынша Кеңесті 


~187~ 
дайындау үшін Арнайы жұмысшы топтың екі мəжілісі болып өтті. Бұл мəжіліс 
жұмысына 20
-
ға жуық Азия елдерінің сарапшылары қатысты.
Қазақстан өкілдерінің БҰҰ
-
ның көмекші органдарындағы жұмысы 
кеңеюде. Соңғы жылдардың өзінде Қазақстан орналасқан жерлері бойынша 
ЭКОСОС (БҰҰ
-
ның экономикалық жəне əлеуметтік одағы) комиссиясының 
жəне ақпарат бойынша комитеттің мүшесі болды. Қазақстан космосты бейбіт 
мақсатта пайдалану бойынша БҰҰ
-
ның Бас Ассамблеясы Комитетінің 
(КОПУОС) мүшесі болып табылады жəне қазіргі кезде Қазакстан 
Республикасын КОПУОС шеңберіндегі келісімдер, келісім
-
шарттар жəне 
ұсыныстар қарастырылып жатыр.
Қазақстан наркотиктік құралдарды бақылау
бойынша БҰҰ
-
ның 
Халықаралық Кеңесімен тығыз ынтымақтастықта қызмет етуде. 
1992 
жылдан 
бастап Қазақстанда осы мəселе
бойынша қажетті техникалық көмек керсету 
мақсатында БҰҰ
-
ның бірнеше конференцияларына қатысты.
БҰҰ
-
ның 
қоршаған орта жөніндегі даму бағдарламаларымен, əсіресе Арал, Каспий, Семей 
жерлеріндегі экологиялық мəселелерді
шешу бойынша көмек көрсетуді 
ұйымдастыруға қатысты ынтымақтастық белсенді түрде жүргізіліп жатыр.
БҰҰ
-
ның даму бағдарламасының қызметі Қазақстанда 
1993 
жылы 
басталды жəне ол ұлттық кадрларды дайындау ісіне жердемдесуге, сонымен 
бірге нарықтық реформаларды жəне экономиканың əр түрлі секторларындағы 
(ауыл шаруашылығы, ауыр өнеркəсіп, сауда жəне т.б.) қайта өзгертулерді 
жүргізуге Үкіметке консультативтік көмек көрсегуге бағытталған.
Қазақстан биологиялық алуан түрлілікке байланысты қоршаған орта 
жөніндегі даму бағдарламасының (ЮНЕП) жасаған конвенциясына қол қойды 
жəне 
1994 
жылдың қыркүйектен бастал ол осы конвенцияның бір Жағы болды, 
сонымен бірге 
1994 
жылдың аяғында Нассауда (Багам аралдары) өткен 
биологиялық 
алуан 
түрлілік 
жөніндегі 
Конвенция 
жақтарының 
Конференциясының бірінші мəжілісіне қатысты.
Қазақстан мамандары 
қуаңшылықпен күрес жүргізу бойынша Конвенцияны жасау ісінде ЮНЕП 
жұмысына қатысты.
1994 
жылдың қаңтарында Қазақстан Еуропалық экономикалық 
комиссияның мүшесі болды. Қазіргі кезде Қазақстанның белгіленген 
приоритеттік салаларында ЕЭК
-
ның қызметін тұрақты ынтымақтастықта 
белгілеу бойынша комиссиямен жұмыс жүргізілуде.
1995
жылдың көктемінде қазақстандық делегация ЕЭК
-
ның жыл сайынғы 
сессиясының жұмысына қатысты.
Қазақстан өкілі экологиялық саясат бойынша 
ЕЭК комитетінің мүшесі болып табылады. ЕЭК жəне ЮНЕП
-
тің бірлескен 
жобасы шеңберінде Комитет өтпелі экономикасы бар елдердің табиғатты қорғау 
қызметін кешенді түрде басқарудың жетекші принциптерін жасады.
Азия мен 
Тынық мұхитқа арналған БҰҰ
-
ның экономикалық жəне əлеуметтік 
Комиссиясын 1947 жылы ЭКОСОС құрды.
Еуразия аймағының мемлекеті 
ретінде Қазакстан ЭСКАТО мүшесі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет