Баланың құқықтары. Баланың отбасында өмір сүру жəне тəрбиелену
құқығы. Он сегіз жасқа (кəмелетке) толмаған адам
бала деп танылады. Əрбір
баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге жəне тəрбиеленуге құқығы,
өзінің ата
-
анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің
мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға
құқығы бар. Баланың өз ата
-
анасында тəрбиелеуіне, оның мүдделерін
қамтамасыз етуіне, жан
-
жақты өсіп
-
жетілуіне, оның адамдық қадір қасиетінің
құрметтелуіне құқығы бар. Ата
-
анасы болмаған жағдайда, оларды ата
-
ана
құқығынан айырған жағдайда жəне ата
-
ана қамқорлығынан айырылудың басқа
да жағдайларында баланың отбасында тəрбиелену құқығын, белгіленген
тəртіппен
қорғаншы жəне
қамқоршы орган қамтамасыз етеді.
Баланың ата - анасымен жəне басқа да туыстарымен қарым - қатынас жасау құқығы. Баланың ата
-
анасының екеуімен де, аталарымен, əжелерімен,
аға
-
інілерімен, апа
-
сіңлілерімен (қарындастарымен) жəне басқа да туыстарымен
қарым
-
қатынас жасауға құқығы бар. Ата
-
анасы некесінің бұзылуы, оның
жарамсыз деп танылуы немесе ата
-
анасының бөлек тұруы баланың құқығына
əсер етпеуге тиіс. Ата
-
анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың
əрқайсысымен қарым
-
қатынас жасауға құқығы бар. Ата
-
анасы əр түрлі
мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата
-
анасымен қарым
-
қатынас
жасауға құқығы бар. Қиындық жағдайына (ұсталу, тұтқындалу, қамауға алыну,
емдеу мекемесінде болу жəне т.с.с.) ұшыраған баланың заңда белгіленген
тəртіппен өзінің ата
-
анасымен жəне басқа да туыстарымен қарым
-
қатынас
жасауға құқығы бар.